17-бап. Өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы
1. Өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру:
1) жабайы өсетін өсімдіктердің, олардың популяциялары мен қауымдастықтарының қолайлы өсу жағдайларын сақтап тұру (жасау);
2) жабайы өсетін өсімдіктердің, олардың популяциялары мен қауымдастықтарының табиғи қалыпқа келуіне жәрдемдесу;
3) өсімдіктерді отырғызу (егу) және оларға күтім жасау;
4) өсімдік түрлеріне, олардың популяциялары мен қауымдастықтарына, өсетін жерлеріне теріс әсер ететін қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу (тоқтата тұру) арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру жерге орналастыру және орман орналастыру, қала құрылысын жоспарлау материалдары мен өзге де құжаттар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың зерттеп-қарауы немесе нұсқамалары негізінде жүзеге асырылады.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен технологиялары (агротехникалық іс-шаралар) мамандандырылған ұйымдар ғылыми ұсынымдар негізінде әзірлеген жобаларда айқындалады.
3. Өсімдік түрлерін, олардың популяциялары мен қауымдастықтарын қалпына келтіру кепілдік берілген гендік типті аналық өсімдіктердің отырғызылатын материалы, тұқымдары, вегетативтік бөліктері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ.
Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.
[Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы