⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы

18-бап. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 18-бап. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы 

      1. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау: 

      1) өсімдік түрлерін, популяцияларды олардың табиғи өсетін жерлерінде сақтап тұру және қалпына келтіру; 

      2) өсімдіктердің әртүрлілігін олардың табиғи өсетін жерлерінен тыс жерде сақтау арқылы жүзеге асырылады. 

      2. Өсімдік түрлерін, олардың популяцияларын табиғи өсетін жерлерінде сақтап тұру және қалпына келтіру түрі мен оның белгіленген табиғи өзге түрлерінің (нысандарының) гендік қоры сақталған учаскелерді бөлу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға мемлекеттік табиғи-қорық қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектісі мәртебесін беру арқылы қамтамасыз етіледі. 

      3. Өсімдік әртүрлілігін олардың табиғи өсетін жерлерінен тыс жерде сақтау екпелерді, өсімдіктердің бағалы түрлерінің және (немесе) олардың өзге түрлерінің (нысандарының) тірі коллекцияларын қолдан жасау және күтіп-баптау, сондай-ақ популяциялардан, олардың вегетативтік бөліктерінен, тұқымдарынан (спораларынан) өсімдіктерді консервациялаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, бақыланатын ортада күтіп-баптау арқылы қамтамасыз етіледі. 

       4. Өсімдіктердің сақталатын генетикалық ресурстары туралы ақпаратты құзыретті органдар мен генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – ұлттық үйлестіру орталығы) қалыптастырады.  

      Мұндай ақпаратқа қол жеткізу өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес делдалдықтың ұлттық тетігі арқылы жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ. 

      Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді. 

[Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы