⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Апелляциялық комиссия Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

21-бап. Апелляциялық комиссия Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Апелляциялық комиссия Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы 

       1. Апелляциялық комиссия алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.  

       2. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ғалым болып табылатын мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.  

       Апелляциялық комиссияның төрағасы апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.  

      3. Конкурстарға қатысушылардың жолданымдары мен уәкілетті органның ұсынымдарын, оның ішінде ғылыми әдеп қағидаларын сақтау мәселелерін қарау тәртібі апелляциялық комиссия туралы ережеде белгіленеді. 

      4. Апелляциялық комиссияның шешімдерін ұлттық ғылыми кеңестер, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар не уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар міндетті түрде орындауға тиіс. 

      5. Апелляциялық комиссияның жұмыс органын уәкілетті орган айқындайды. 

 

      Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы