57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.
2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.
3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.
5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсiндегi судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы