6-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау түрлері Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру;
2) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортының, кері экспортының, импортының, транзитінің, эксаумақтық кері экспорттың, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетудің; импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға берудің рұқсат беру тәртібі;
3) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылы;
4) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді шектеу;
5) бәрін қамтитын бақылау;
6) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау;
7) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін кедендік бақылау;
8) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы