7-бап. Өзге мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) мыналарды:
органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін;
органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын келісуді жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы өзге мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) халықты органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
2) органикалық өнім өндірушілерге олардың өнімдерін өндіру, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізу, сондай-ақ осы өнімді экспортқа ілгерілету мәселелерінде жәрдем көрсетеді;
3) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарлары тізіліміне енгізу үшін органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынады;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы