⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

9-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы 

      1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады. 

      2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне шығармашылық еркіндікке, жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке қатысуға, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған конкурстарға қатысуға тең құқыққа кепілдік беріледі және олар қамтамасыз етіледі. 

      3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда зияткерлік меншік объектілерін сату немесе сатуға ұсыну құқығын қоса алғанда, оларды пайдалануға құқығы бар. 

      4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ұлттық қауiпсiздiкке төнетін қатерді болғызбау жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын, халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-білім беру консорциумдарын құруға құқылы. 

 

      Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы