⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы

Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 87-бабына сәйкес Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына денсаулық сақтау құқығына, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне, медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне, медициналық көмектің сапасына және т.б. кепілдік береді.

Медициналық көмек алуды азаматтар өз еркімен іске асырады. Азаматтар медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар, Кодекстің 90-бабы 1-тармағы 5) тармақшасымен, 94-бабымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, айналасындағылар үшін қауіп туғызатын сырқаттармен ауыратын азаматтар тексерілуден және емделуден жалтаратын жағдайларда. Кодекстің 125-бабына сәйкес адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады. Кодекстің 94-бабына сәйкес Азаматтардың келісімінсіз: 1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы; 2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші; 3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші; 4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі. Сонымен бірге азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету оған оның келісімінсіз аталған көмек көрсетуге байланысты негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады. Одан басқа, азаматтардың келісімінсіз психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға медициналық көмек көрсетуге қоғамға қауіпті әрекет жасау негіз болып табылады. Азаматтың психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау үшін әдетте, оның келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен өткізілетін психиатриалық куәландыру жасау қажет. Сонымен қатар, Кодекстің 123-бабы 5-тармағы зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын ісәрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі: 1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне; 2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне; 3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды. Психиатр-дәрігер алған өтініште адамға қатысты осындай мәліметтер бар болса, онда осы дәрігер оның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз осы адамды психиатриялық куәландыру туралы шешім қабылдауға құқығы бар. Кодекстің 119-бабы 2-тармағына сәйкес психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын психиатр-дәрігер қояды, мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды.

Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Кодекстің 121-бабымен психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылатыны белгіленді. Кодекстің 125-бабы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешімінің негізінде жол берілетінін белгілейді; адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады; психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін. Заңда сот шешім шығарғанға дейін адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға тек қана осы Кодекстің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол беріледі. Психиатриялық ұйымның әкімшілігі соттың шешімінсіз мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайы бойынша азаматты психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді. АПК-тің 336-бабы 1-бөлігіне сәйкес азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі. Соттың шешімінсіз мәжбүрлеп жатқызумен келіспеген жағдайда психикасының бұзылуы (ауруы) бар тұлға немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы. Кодекстің 125-бабы 8-тармағына сәйкес адамның психиатриялық стационарда мәжбүрлеп ұсталуы оны ауруханаға жатқызу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады. Кодекстің 125-бабы 9-тармағына сәйкес психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы

психиатриялық стационардың өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі, оған психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы қоса беріледі.

Яғни осы стационарға (қаралу үшін, емделу үшін, станионарлық жағдайда психиатриялық сараптама жасау үшін) мәжбүрлеп жатқызуда көзделген мақсатқа жеткенге дейін психиатриялық стационарға жатқызылады.

Кодекстің 128-бабына сәйкес психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған пациентті одан шығару психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша бойынша жүргізіледі.

Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.

Осылайша, Кодекс мәжбүрлеу тәртібімен азаматтарға психиатриялық медициналық көмек көрсетудің негіздерін регламенттейді, ал аталған арыздарды сотта қарау АПК-тің 31-тарауында, 38-тарауында қарастырылған тәртіппен және мерзімде іске асырылады.

Осы санаттағы істерді соттардың қарауы 2015 жылғы 31 қазандағы АПК-тің «Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу» 38-тарауымен реттеледі.

Азаматтық істердің аталған санатын қарау ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады, яғни АПК-тің 31-тарауында, 38-тарауында бекітілген талап қою іс жүргізудің тәртібі бойынша.

АПК-тің 303-бабына сәйкес судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген ерекшеліктерімен қоса сот арызды іс жүргізуіне қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

Заң шығарушы адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша істі соттың талқылауына дайындау туралы ережеден тыс қалдырмайды, осыған байланысты қорытылатын санаттағы істер бойынша осындай істі соттың талқылауына дайындау жүргізілуі тиіс.

АПК-тің 165-бабына сәйкес дайындық соттың іс жүргізуіне арызды қабылдаған және азаматтық іс қозғалғаннан кейін жүргізіледі.

АПК-тің 337-бабына сәйкес азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

Осылайша, істі сотта қарауға дайындаудың ең жоғары мерзімі мен мәні бойынша істі қараудың ең жоғары мерзімі - іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні. Көрсетілген ереже судьядан он жұмыс күні ішінде істі қарауға дайындық бойынша қажет іс-әрекеттерді және оны тікелей сот отырысында қарауды біріктіруді талап етеді.

Қолданыстағы АПК-тің 335-бабына сәйкес азаматты оның келісімінсіз психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымның өкілі береді.

Сот Азаматтық кодекстің 167-бабының талаптарын сақтай отырып, медициналық мекемелер өкілдерінің уәкілеттіктерін тиісті ресімдеуін тексеруі қажет.

Арызда азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу үшін заңда қарастырылған негіздер көрсетілуі тиіс, адамды психиатриялық стационарға жатқызу және оны емдеудің негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық мекеменің психиатр-дәрігерлер комиссиясының уәжделген қорытындысы қоса беріледі.

Яғни, денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) өкілі сотқа жүгінуге құқылы, арыз психиатриялық мекеменің тұрғылықты орны бойынша сотқа беріледі.

АПК-тің 336-бабына сәйкес азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі.

Істі қозғай отырып, судья бір мезгілде азаматтың психиатриялық стационарда болу уақытын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады.

мысал: №1156-16-00-2/637 азаматтық іс бойынша азамат П-ға қатысты Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының судьясы 2016 жылғы 5 қыркүйектегі істі сотта талқылауға дайындау туралы ұйғарымымен бір мезгілде істі қарауға дейін азамат П-ның «Ақмола психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында болу мерзімін ұзартты.

Сонымен бірге «Ақмола психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2016 жылғы 23 тамызда сотқа жүгінді, бірақ арыз сотта тек 2016 жылғы 1 қыркүйекте тіркелген.

Арызды талдау азамат П. әкесінің арызы бойынша психиатриялық мекемеге 2016 жылдың 22 тамызында мәжбүрлеп жатқызылғанын, алайда АПК-тің 336-бабында белгіленген мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз берудің мерзімі бұзылғанын көрсетеді.

Аталғанға байланысты психиатриялық стационарларға мәжбүрлеп жатқызылған азаматтардың құқықтарын шектеумен (бұзумен) байланысты болғандықтан соттардың процестік заңмен белгіленген мерзімдерді бұзуға назар аудару қажеттігі туралы мәселе туындайды.

Алайда осындай негіздер, сондай-ақ басқа да негіздер бойынша соттардың жеке ұйғарымдар шығаруы туралы мәліметтер жоқ.

АПК-тің 150-бабы, 152-бабының ережелеріне сәйкес істің соттылығын сақтау мәселесі іс жүргізуге алу кезеңінде шешілуі керек болса да, азамат П-ға қатысты жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша істі сот іс жүргізуіне алу туралы ұйғарымда осы істің осы сотқа соттылығы жөнінде мәселе шешілмеген.

Сонымен бірге Ақмола психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақмола облысы Зеренді ауданының Алексеевка селосында орналасқандықтан соттылықты бұзушылық байқалмайды.

 Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер іс қозғалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде сот қарайды, сот отырысы соттың ғимаратында немесе адам жатқызылған психиатриялық ұйымда арыз кімге қатысты болса, егер психиатриялық ұйым өкілінің берген мәліметтері бойынша осы адамның психикалық жағдайы сот отырысына қатысуына мүмкіндік берсе, сол адамның қатысуымен өтеді, бұл жағдайда сот отырысы психиатриялық ұйымның ғимаратында өтеді.

Азаматтық процестік кодекстің 19-бабына сәйкес азаматтық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі. Егер бала асырап алу құпиясын, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды қамтамасыз ету қажет болса не ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болса, жабық сот отырысында азаматтық іс қаралуы және шешілуі мүмкін.

АПК-тің 338-бабына сәйкес сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты емдеу үшін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және заңда белгіленген мерзімге психиатриялық стационарда одан әрі ұстау үшін негіз болып табылады. Белгіленген мерзімді заң шығарушы қатаң бекітілген, бірақ Кодекстің 125-бабы 9-тармағына сәйкес психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатрдәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады.

Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы психиатриялық стационардың өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі, оған психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы қоса беріледі.

Осыған байланысты практикада соттардың шешімдерінде арыз беруші – медициналық ұйым сұраған мерзім көрсетіледі, немесе мерзімі мүлдем көрсетілмейді, не белгісіз мерзім көрсетіледі – мәжбүрлеп жатқызу үшін негіздер сақталған дейін.

Соңғысы ең дұрысы болып табылады, себебі мәжбүрлеп жатқызуға себеп болған негіздер жойылған кезде психиатриялық стационарға жатқызылған пациенттің шығу мүмкіндігін шектемейді.

Бұл Кодекстің 128-бабының ережелерінен көрінеді - психиатриялық стационардан шығару пациент сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарғаннан кейін, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоланысқа енгізілген АПК-тің 339- бабына сәйкес ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін алты айдан астам ұзарту туралы арызбен сотқа жүгіну қарастырылған.

Аталған арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйым психиатриялық ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.

Емдеу және мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға психиатр дәрігерлер комиссиясының Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы заңнамамен бекітілген тәртібімен шығарылған емдеу және мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы қорытынды қоса беріледі (Кодекстің 125-бабы).

Емдеу және мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы арыз мәжбүрлеп жатқызу туралы алғашқы арыз сияқты сол тәртіппен қаралады – іс қозғалған күннен бастап он жұмыс ішінде. Арызды мәні бойынша қарап, сот шешім шығарады, онда арызды қанағаттандырады немесе бас тартады.

Азаматты емдеу және мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы арызды қанағаттандыру туралы соттың шешімі заңмен бекітілген мерзімге емдеу және мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.

Азаматты емдеу және мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы арыздан бас тарту туралы соттың шешімі психиатриялық ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады.

Мысал: №4711-16-00-2/1206 азаматтық іс бойынша Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2016 жылғы 18 наурыздағы шешімімен «Облыстық психоневроолгиялық диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің азамат Ч-ны психиатриялық стационарда жалпы түрінде мәжбүрлеп емдеудің мерзімін ұзарту туралы арызы қанағаттандырылды, азамат Ч-ны тұрғылықты жері бойынша психиатриялық стационардың жалпы түрінде мәжбүрлеп емдеудің мерзімі 6 айға ұзартылды.

Көрсетілген іс бойынша азамат Ч-ға қатысты психиатриялық стационардың жалпы түрінде мәжбүрлеп емдеу есі дұрыс еместіктен ҚК-тің 96- бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылауға байланысты Маңғыстау облыстық сотының 1999 жылғы 17 қыркүйегіндегі қаулысымен тағайындалған.

Қолда бар материалдардан Маңғыстау облысы Ақтас қалалық соты судьясының 2016 жылғы 5 қазандағы ҚПК-тің 523-бабының тәртібімен шығарылған шешімімен Маңғыстау Облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің баянаты қанағаттандырылды және азамат Ч-ны мәжбүрлеп емдеу тоқтатылғаны көрінеді.

Аталған қаулыдан азамат Ч. Алматы облысы Талғар аудандық сотының 2015 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емделуге жіберілгені көрінеді.

Яғни, азамат Ч-ға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық іс жүргізу талаптарының шеңберінде тағайындалды, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту және ұзарту мәселелерін реттейтін ҚПК-тің 523-бабының тәртібімен тоқтатылды.

Аталған материалдарды зерделеу, сонымен қатар Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық соты қараған №1510-16-00-2/11732 іс бойынша материалдарды зерделеу «Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Г-ның ҚР ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен қарастырылған қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасауына байланысты алдында ҚР ҚК-тің 93-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес тағайындалған Хромтау аудандық сотының 2016 жылғы 20 қаңтардағы үкімімен тағайындалған және оның есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған азамат Г-ны психиатриялық стационардың жалпы түрінде мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту туралы арызы бойынша көрінетіні – соттар аталған материалдардың екеуін де негізсіз АПК-тің 38-тарауы тәртібімен қараған, себебі аталған тұлғаларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларымен қарастырылған тәртіпте қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін тағайындалған.

Сәйкесінше АПК-тің 339-бабының тәртібімен мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту мәселесін арыз берушілер қозғаған жоқ. Егер мәселе қойылса, онда сот арызды іс жүргізуге қабылдау кезеңінде назар аударып, АПК-тің 151-бабы 1-бөлігі 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы процестік шешім қабылдауы дұрыс болатын еді.

Психиатриялық стацинарға азаматты мәжбүрлеп жатқызу туралы арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар тұлғалар туралы, осындай арыздарды қарау тәртібі туралы процестік нормалар қолданыстағы АПК-те жеткілікті түрде регламенттелгенге байланысты аталған нормаларды жетілдірудің қажеттігі жоқ деп санаймыз.

Сонымен бірге психиатриялық стацинарға азаматты мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот шешімінің қара бөлігінде соттарға міндетті түрде психиатриялық стацинарға азаматты мәжбүрлеп жатқызудың мерзімін көрсетуді ұсыну қажет.

Заңдылықты сақтау, аталған санаттағы істерді қараған кезде бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында соттардың азаматтық сот ісін жүргізудің процестік заңнаманың жалпы ережелерін сақтауы қажет:

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» №21 нормативтік қаулысының талаптарына сәйкес азаматтық істерді сот талқылауына дайындауды егжей-тегжей жасалсын;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» №5 нормативтік қаулысының талаптарын сақталсын;

- қолданыстағы АПК-тің, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің нормаларын мұқият зерделеп, дәл сәйкестікпен қолдану қажет.

Нормативтік құқықтық база

Осы саладағы істер бойынша негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  1. 1994 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі),
  2. 2015 жылдың 31 қазанындағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі,
  3. 2014 жылдың 3 шілдегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 4. 2014 жылдың 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстықпроцестік кодексі,
  4. 2014 жылдың 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстықатқару кодексі,
  5. 2014 жылдың 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі,
  6. 2009 жылдың 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі,
  7. 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді сот қарауына әзірлеу туралы» №21 нормативтік қаулысы,
  8. 2006 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолданылуы» №9 нормативтік қаулысы,

10.2003 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Соттардың азаматтық іс-жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдану туралы» №2 нормативтік қаулысы, 11.2003 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Сот шешімдері туралы» №5 нормативтік қаулысы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы