Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін
Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, осы баптың 1-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
Осы бапта көзделген хабардар ету мерзімі ішінде жұмыскер хабарламаны кері қайтарып алуы мүмкін.
2021 жылғы 21 қазанда Т. АҚ-ға жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою және оны заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Талаптардың себебі – талап қоюшы еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны кері қайтарып алған, бірақ жауапкер бұйрықтың күшін жоймаған.
Петропавл қаласы № 2 сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдай отырып, Еңбек кодексінің 56-бабының нормаларына сүйене отырып, Т.-ның шартты бұзу туралы хабарламаны кері қайтарып алу туралы берген өтініші қол қоюмен куәландырылмағанын негізге алды. Жұмыстан шығару туралы өтінішті кері қайтарып алу кері қайтарып алуды жіберу нысанына қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.
СҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы № 2 сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы шешімінің күші жойылды, жаңа шешім шығарылды.
Т.-ның АҚ-ға қойған талабы қанағаттандырылды.
Т.-мен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылды және күші жойылды.
2021 жылы 11 тамызда Т. Еңбек кодексінің 49-бабының 5) тармақшасына, 56-бабының 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап жұмыс берушіге онымен еңбек шартын бұзу туралы өтініш бергені анықталды.
2021 жылғы 2 қыркүйекте талап қоюшы жұмыс берушіге Еңбек кодексінің 49-бабының 1) тармақшасымен тараптардың келісімі бойынша онымен 2 айлық нақты жалақы мөлшерінде өтемақы төлей отырып, еңбек шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінген.
Сол күні, 2021 жылғы 2 қыркүйекте Т. жауапкерге ішкі электрондық пошта арқылы тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы өтінішін қарауды сұрап, оның бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы өтінішін кері қайтарып алу туралы өтінішпен жүгінді.
Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша нысандағы (қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы) қолма-қол не курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе жұмыскердің немесе жұмыс берушінің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде берілген өтініші.
Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша шығарылған бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоя отырып, 2021 жылғы 2 қыркүйекте, яғни Т. еңбек шарты іс жүзінде бұзылған күнге дейін АҚ-ның ішкі поштасы арқылы шартты бұзу туралы өтінішті кері қайтарып алғанын негізге алды. Өтінішті кері қайтарып алу туралы хабарлама банктің ішкі электрондық поштасы арқылы жіберілді, бұл ретте Т.-ні авторизациясы және сәйкестендіру қамтамасыз етілді.
Хабарлама HR департаментінің директоры С.-ға жолданған. Талап қоюшы ұсынған ішкі электрондық поштадағы хат алмасулар Т.-ның жіберген хабарламасын жұмыс берушінің алғанын куәландырады.
Көрсетілген мән-жайлар кезінде 2021 жылғы 13 тамыздағы еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жұмыс беруші күшін жоюға тиіс, өйткені Т. еңбек шартын бұзу туралы өтінішті кері қайтарып алу құқығын пайдаланған.
Жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы істерді қараған кезде соттар еңбек шартын бұзуға ниет білдірген жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар ететінін және жұмыспен өтеудің бір айлық мерзімін сақтамай бұзу күнін ұсынуға құқылы екенін, бірақ бұл ретте жұмыс беруші хабардар ету мерзімін қысқартуға келіспеуге құқылы екенін ескергені жөн.
Жұмыс берушi жұмыспен өтеу мерзiмiн қысқартудан бас тартқан жағдайда, еңбек шартын бұзу, егер еңбек шартында жұмыскердiң еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушiге хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, хабардар ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн ғана, яғни кемiнде бiр айдан кейiн жүзеге асырылады. Жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарылса да, хабардар ету мерзімі ішінде ол аяқталғанға дейін жұмыскердің хабардар ету арқылы бұған дейін берілген өтінішті біржақты тәртіппен кері қайтарып алуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы жұмыс берушінің бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін сақтамай еңбек шартының талаптарын орындамауы салдарынан жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың өзге тәртібін көздейді. Еңбек кодексінің 56-бабы 3-тармағының негізінде жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда, жұмыскер еңбек шартының талаптары орындалмағаны туралы жұмыс берушіні хабардар етуге құқылы және егер жеті жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамауды жалғастырса, онда жұмыскер жұмыс берушіні үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Осылайша, жұмыскер екі хабарламаны:
1) еңбек шартының талаптарын орындамағаны туралы хабарламаны;
2) бір айлық мерзімді үш жұмыс күніне қысқарта отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзу туралы хабарламаны табыс етіп, бір айлық жұмысты өтеу мерзімін қысқартуға құқылы. Еңбек кодексінің
56-бабының 5-тармағына сәйкес хабардар етудің үш күндік мерзімі өткен соң, материалдық жауапты адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Еңбек шарты бұзылған кезде жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі төленеді (Еңбек кодексінің 96-бабының 2-тармағы), сондай-ақ жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда, жұмысынан айырылуына байланысты бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемі төленеді (Еңбек кодексінің 131-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы)).
Соттылық
«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының (бұдан әрі - НҚ) 5-тармағына сәйкес еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкердің – заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша немесе дауда жауапкер ретінде болатын жұмыс беруші жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жалпы азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сотқа қойылуға жатады.
АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
АПК-нiң 30-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша талап қоюлар берiлген кезде тек заңды тұлғалар ғана жауапкер бола алады.
Қорытылатын санаттағы істер бойынша соттылық мәселелері қиындық туғызбайды.
Мысалы, Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға залалды өндіру, үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға қатысты азаматтық іс мәні бойынша қарау үшін соттылығы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына берілді.
Соттың ұйғарымы дұрыс, өйткені жауапкер - заңды тұлға Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі мекенжайында орналасқан және тіркелген, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша сотқа берілуге тиіс.
Бұдан басқа, соттардың назарын Еңбек кодексінің 19-бабының талаптарына аудару қажет деп есептеймін, оған сәйкес шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады. Демек, қызметкер филиал басшысының заңды тұлғаның мүдделерін білдіру құқығын алдын ала тексеріп, шетелдік заңды тұлға филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюмен жүгінуге құқылы.
Жұмыс беруші оңалтылған не банкрот болған жағдайда еңбек дауларының соттылығын айқындау мәселесі
Сонымен АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелеріне сәйкес оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы АПК-нің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды.
Ақтөбе қалалық сотының 2021 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға жұмыстан шеттету, шығару туралы, жұмысқа қайта алу, үстеме жұмыс үшін жалақыны өндіріп алу туралы, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру, өсімпұлды, моральдық зиянды өндіру туралы бұйрықтардың күшін жою туралы талап қоюы осы соттың соттылығына жатпайтындықтан, КК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы негізінде қайтарылған.
Сот талап қоюды қайтара отырып, Ақтөбе облысы МАЭС-тің шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі қолданылғанын, осыған байланысты АПК-нің 35-бабының 8-бөлігіне сәйкес іс экономикалық соттың қарауына жататынын көрсетті.
Заңды күшіне енген Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі іс жүзінде қолданылған.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 5, 7) тармақшаларының ережелеріне сәйкес сот борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, сондай-ақ оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.
Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.
Тараптар арасындағы дау еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтыны, еңбек заңнамасының нормаларына және еңбек шарттарының талаптарына негізделгені және оңалту рәсімін жүзеге асырумен байланысты еместігі анықталды.
Сот АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелерін дұрыс қолданбағандықтан, сот алқасының 2021 жылғы 12 наурыздағы ұйғарымымен мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға бере отырып, сот ұйғарымының күші жойылды.
Жұмыс беруші банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған жағдайда еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар (жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және т.б. туралы) жалпы юрисдикция соттарында қаралуға және шешілуге жатады, АПК-нің 35-бабының сегізінші бөлігі ережелерінің нормалары еңбек дауларына қолданылмайды.
Мемлекеттік баж
СК-нің 610-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
СК-нің 951-бабы 1-тармағының талаптары негізінде моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы.
АПК-нің 149-бабының талаптарына сәйкес, талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
СК-нің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот АПК-нің 117-бабына сәйкес мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды оны төлеуден босатылмаған жауапкерден өндіріп алуға міндетті.
Соттардың АПК-нің 149-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасын бұза отырып, мемлекеттік баж төленбеген талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған жекелеген жағдайлары анықталды.
Іс материалдарынан анықталғандай, А. ЖШС-ға жалақыны, бос тұрып қалғаны үшін өтемақыны, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен ЖШС-дан А.-ның пайдасына жалақыны өндіру бойынша берешекті, тұрақсыздық айыбын, моральдық зиян өтемақысын, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары өндірілді.
ЖШС-ға 2021 жылғы 22 маусымнан бастап 2021 жылғы тамызға дейін А.-ның еңбек қызметінің кезеңіне зейнетақы аударымдары мен басқа да міндетті төлемдерді жүргізу міндеті жүктелді.
Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау
Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарын қолдану практикасы
АПК-нің 148-бабы талап қоюдың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды. АПК-нің 148-бабы 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес, егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, арызда жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Еңбек тәртібінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша дауларды соттар қарайды.
Яғни жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын даулар бойынша келісу комиссиясында дауды алдын ала қарауды сақтау талап етілмейді.
Келісу комиссиясына жүгіну туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.
Нормативтік база
Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - АК);
2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);
2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);
2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (бұдан әрі - СК);
2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі;
«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Қазақстан Республикасының Заңы;
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Қазақстан Республикасының Заңы;
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының Заңы;
«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:
«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9;
«Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7;
«Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5;
«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулылары.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы