Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы өтінішті қарай отырып, сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес
АПК-нің 503-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес, төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы өтінішті қарай отырып, сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес, бұл АПКнің 503-бабының сегізінші бөлігінде және ЮНСИТРАЛ үлгілік Заңында
тікелей регламенттелген.
Мәселен, Павлодар облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 11 тамыздағы
ұйғарымымен «Днепртяжмаш» ЖАҚ-тың Қазақстан Республикасының аумағында
«Eva-Group KZ» ЖШС-дан берешекті, ӛсімпұлды және тӛрелік алымды ӛндіріп
алу және атқару парағын беру туралы Украинаның Сауда-ӛнеркәсіп палатасы
жанындағы халықаралық коммерциялық тӛрелік сотының 2016 жылғы
2 маусымдағы шешімін мәжбүрлеп орындату туралы ӛтініші қанағаттандырылды.
Сот қарау кезінде борышкердің борыш сомасымен келіспеу бӛлігінде
қарсылығын қабылдамады және мұндай ӛтінішті қарау кезінде соттың тӛрелік
шешімді мәні бойынша қайта қарауға құқығы жоқ екенін дұрыс кӛрсетті.
Сонымен бірге сот шетелдік тӛреліктер шығарған тӛрелік шешімдерді
орындау кезінде қолданылмайтын 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық,
72
отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық кӛмек және құқықтық
қатынастар туралы халықаралық нормаларды, келісімді және конвенцияны
(Кишинев қ.) басшылыққа алған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
_3C22~1
44 рет жүктеп алынды