Тергеушіге жазылатын арыз үлгісі / Қылмыстық істі қысқарту жайлы өтінішхат үлгісі
Назар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Внимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию. Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті Шу ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі Тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Г.К Кикымбаевқа 081128, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі 66 үй. +7 72643 2-21-02, 8 747 74323 73. Қорғаушыдан: «Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі ЖСН 201240021767. Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе. e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55. Күдікті: Ш.Ә.А. ИИН ......... Мекен жайы: Жамбыл облысы, .....қаласы, .... көшесі, 2/1 үй.
Өтінішхат
қылмыстық істі тоқтату туралы
Сіздің өндірісіңізде 1990 жылғы 8 қыркүйекте Жамбыл облысында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасынаң Қылмыстық кодессінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1,4 тармақтары бойынша алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса iрi мөлшерде бөтен мүлiкке құқықты иемденуді бірнеше рет жасаған деп сараланған күдікті Ә.А. Ш.. қатысты №223166031000176 қылмыстық ісі бар. Аталған іс бойынша Жәбірленуші Қ.А.Қ.–айтуы бойынша, Күдікті «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын айтып, соған ақша салса ай сайын ақшасының 10-20 пайызын аралығында алып тұратынын, 1 жылдан кейін салған ақшасы түгелдей қайтарылатынын және бұндай істі сол жердегі Айгүл есімді азаматша арқылы істейтінін айтып сеніміне кіргендігін және бірнеше рет пайызға берген қаражатын қайтарғансоң және Күдіктінің айтқан сөзіне сеніп қаржы ұйымдарынан қаржы алып жеңіл үстемақымен пайда табу мақсатында күдіктіге бергендігін және Күдікті өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленушіге жалпы құны берген сомасының қайтрғанынан қалдығы 1 640 000 теңге мүліктік залал келтіргендігін айтып тергеу органдарына жеткізген. Алайда Күдікті, Жәбірленушіден 2020 жыд мен 2022 жыл аралығында 1 640 000 тенге ақша алғандығын және ол ақшаның 160 000 тенгесін қайтарғанын содан қалғаны 1 480 000 тенге қарыз екнін айтты. Аталған қаражатты Күдіктінің анасының атына тіркелген, бірақ Күдіктінің қолданысындағы «Нурлукул К.» атаулы «Каспий голд» кондырғысына, жәбірленушінің «Каспий голд» кондырғысынан аударылғанын тергеушіге заттай дәләлдемелермен ұсынылды. Сонымен қатар Жәбірленушінің «М-Ломбард» ЖШС-де алтындарға инвестиция жүріп жатқанын жайлы сөздері заттай дәләлдемелер арқылы орнын таппады, айтқан сөздері ауызша және дәләлсіз болып отыр. Анығын айтқанда Жәбірленушінің, Күдіктіге қолма-қол немесе оның Каспи голд қондырғысына аударғандығы немесе басқада дәләдемелерді тергеушіге осы күнге дейін ұсынбады және тергеу амалдарымен дәлелін таппады.
Тергеушіге жазылатын арыз үлгісі / Қылмыстық істі қысқарту жайлы өтінішхат үлгісі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 19-бабы «Кiнәсiздiк презумпциясы» нормасында көрсетілгендей Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Сонмен бірге Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс. ҚР ҚПК 35-бабына сай Іс бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер қолданылса, олардың болуы дәлелденбеген кезде де осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Бұ арада Жәбірленушімен Күдіктінің қарым қатнастары азаматтық құқықтық қатынастар санатына жатқызуға болдаы. Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 19, 35, 105 баптарынана сәйкес, Сұраймын:
- Жәбірленуші Қ.А.Қ. арызы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы байланысты тоқтатуыңызды;
- Өтінішхатқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 105-бабына сай заңмен көзделген уақытта жауап беруіңізді.
Қорғаушы: ___________/ Саржанов Галымжан Турлыбекович «___»_______2022 жыл
#Адвокат #Заңгер #Заң қызметі #Қорғау Компания Фирма #Азаматтық #Қылмыстық #Әкімшілік #Төрелік #Арбитраж даулары #Алматы #Қазақстан #Адвокат #Юрист #Юридическая услуга #Защита Компания #Адвокатская контора #Гражданские #Уголовные #Административные #Арбитражные дела споры #Алматы #Казахстан