⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Салық заңнамасын бұзуға байланысты салық органдарының заңды тұлғалардан салық және алымдар өндіру туралы

Салық заңнамасын бұзуға байланысты салық органдарының заңды тұлғалардан салық және алымдар өндіру туралы

Салық заңнамасын бұзуға байланысты салық органдарының заңды тұлғалардан салық және алымдар өндіру туралы

Салық заңнамасын бұзуға байланысты салық органдарының заңды тұлғалардан салық және алымдар өндіру туралы

        Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 30 бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.

Аталған кодекстің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес қорыту жасалынған санат істері мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының қарауына жатады.

Аталған кодекстің 14-бабында бекітілгендей, азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 12-бабында төмендегі ұғымдар түсіндірілген: салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер; басқа да міндетті төлемдер – осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төленетін төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары.

Қолданыстағы салық заңнамасымен шаруашылық қызмет субъектілеріне қатысты салық органдарына кең өкілеттіктер берілген, соның ішінде салық органдарымен құқықтық емес акт шығару құқы да кеңінен қолданылады, яғни заңда бекітілген тәртіппен қолданған жағдайда салық органдарының талабы толық орындалу қасиеті сақталады.

Салық және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу тәсілдері, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салықтық міндеттемелерге қатысты қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Салық кодексімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 31-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, егер осы кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.

Кез-келген басқа міндеттемелер тәрізді, салық міндеттемесі де орындау арқылы жүзеге асырылады.

Салық міндеттемесінің орындалуы ретінде оның көрсетілген мерзімде және толық көлемде төленуі түсініледі.

Аталған баптың 2-тармағына сәйкес, салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

- салық органында тіркелу есебіне тұрады,

- салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді,

 - салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді,

- салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді,

- салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

Салық төлеушінің салық міндеттемесін салық заңнамасымен көрсетілген мерзімде төлеуі салық міндеттемесін ойдағыдай орындаудың жеткілікті және қажетті шарты болып табылады.

 Салық міндеттемесінің мақсаты орындалып, салық міндеттемесі тараптарының бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттемелері орындалуына байланысты салық төлеу міндеті тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық төлеушінің (салық агенті) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін (Салық кодексінің 609-бабы) қолдану үшін аталған міндеттеменің көрсетілген мерзімде орындалмауы ғана негіз болады.

Міндеттеменің мерзімінде орындалмауы салық төлеушіге (салық агентіне) аталған тәсілдерді қолдануға себеп болады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 18-бабының 1-тармағына сәйкес салық қызметінің органдарына салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету жүктелген.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін мерзімінде орындауды қаматамасыз ету тәсілдері және салық міндеттемелерін мәжбүрлеп орындату шаралары Салық кодексінің 85-86 баптарында көзделген, ал қазынаға төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер аталған кодекстің 55- бабында көрсетілген. Қолданыстағы салық заңнамасымен қарастырылған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібі оның қолданылу аясы мен қолданылатын субъектілерге қатысты салық заңнамасындағы бірқатар түсініспеушілік пен қайшылықтарды жойды.

Салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері жария-құқықтық сипатқа ие, тікелей салық кодексінде қарастырылған және салық органының біржақты актімен жүзеге асырылады. Қажетті негіз болған жағдайда, яғни салық төлеуші (салық агенті) салық міндеттемесінің орындау мерзімін бұзғанда, салық қызметі органы салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға міндетті.

Салық міндеттемесін мерзімінде орындамаған жағдайда салық төлеушіге қатысты қолданылатын орындауды қаматамасыз ету тәсілдері орындалмаған салық міндеттемесі мен басқа да төлемдерге қатысты есептелетін өсімпұлды қоспағанда, Салық кодексінің 611-613 баптарында көрсетілген мерзімде қолданылуы қажет.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану Салық кодексінің 609-бабының және сонымен байланысты салық заңнамасының ұстанымдары мен қағидалары сақтала отырып, аталған кодекстің 611-613 баптарымен байланыста жүзеге асырылуы тиіс. Жоғарыда аталған орындауды қаматамасыз ету тәсілдерін қолдану алдында салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жолданады.

Қазақстан Республикасының салық кодексінің 607-бабының 1-бөліміне сәйкес, салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

Салық органдарымен жолданған өзге де құжаттар хабарлама ретінде танылмайды, яғни ондай құжаттарды орындамау аталған баппен белгіленген салдарға соқтырмайды. Салық органының хабарламасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдыру арқылы немесе тапсырылғанын қуаттайтын өзге жолмен табысталуы тиіс.

Хабарламаны алған соң салық төлеуші оны салық заңнамасында көрсетілген мерзімде өз еркімен орындауы тиіс. Егер келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламада көрсетілген қаржыны онда белгіленген мерзімде қазынаға төлеуге міндетті.

Салық төлеуші хабарламаны орындамаған жағдайда салық органы аталған міндеттемені оның еркінен тыс, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға немесе салық міндеттемесін орындауға байланысты талаппен сотқа жолдану құқы туындайды.

 Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 20-бабының 1-тармағының 25-тармақшасында көзделгендей, салық органы салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға міндетті.

Аталған мәжбүрлеп өндіру шаралары осы Кодекстің 614-бабының 1-бөлімінде көрсетілген, жеке тұлғалардан басқа салық төлеушілерге қатысты қолданылады. Заңды тұлғаларға қатысты сот бұйрығын шығару Қазақстан Республикасының Салық кодексінің қағидаларына қайшы келеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы №1 «Салық заңнамасын қолданудың сот тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес, салық кодексінің нормаларымен көрсетілген салық төлеушілерден соттан тыс тәртіппен салық берешегін өндіріп алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Сондықтан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдар бойынша бересіні осы адамдардан өндіру туралы салық қызметі органдарының талап арыздары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағын ескеріп, заңды тұлғалардан салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіру туралы сот бұйрығын шығаруға қатысты АІЖК-нің 139-бабы 1-бөлігінің және 140-бабының 5) тармақшасының ережелері қолданылмайды.

Бұл ереже салық қызметі органдарының салық берешегін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі өкілеттігін көздейтін Салық кодексінің жоғарыда келтірілген нормаларына қайшы келеді. Осы себепті АІЖК-дан кейін қолданысқа енгізілген Салық кодексінің нормалары қолданылуға жатады.

Алайда, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің салық берешегін өтеуі үшін мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда салық органдары көрсетілген берешекті резидент еместен өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен немесе талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл ретте Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің (Киев, 20 наурыз 1992 жыл) 4-бабының 1-тармағын және АІЖК-нің 32-бабының 3-бөлігін негізге алу қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 02 шілдедегі қаулысымен қуатталған (ратификацияланған) «Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің» (Киев, 20 наурыз 1992 жыл) 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттің өкілетті соты аталған Келісімнің 1 тармағында көзделген дауларды қарауға құқылы, егер аталған мемлекеттің аумағында:

а) талап қойылған мерзімге(күнге) жауапкердің тұрақты тұрғылықты мекен-жайы болса немесе заңды тұлғаның орналасқан жері болса. Егер әртүрлі қатысушы-мемлекет аумағында тұратын бірнеше жауапкер іске қатысатын болса, дау талап қоюшының қалауы бойынша кез-келген жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралады,

б) жауапкер мекеменің (филиалдың) сауда, өнеркәсіп немесе өзге шаруашылық қызметі жүзеге асырылады,

в) даудың мәні болып отырған шарттан туындайтын міндеттемелер орындалған болса немесе толық немесе ішінара орындалса,

 г) келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюға негіз болған әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған болса,

д) іскерлік беделін қорғау туралы талап бойынша талап қоюшы тұрақты тұрғылықты тұрса немесе орналасса,

е) шарт жасау, өзгерту немесе бұзу туралы дау бойынша контрагент-тауар беруші, мердігер немесе қызмет көрсетуші (жұмыс атқарушы) орналасқан жағдайда. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті жолмен қуатталған (ратификацияланған) халықаралық шарттардың ұлттық заңнамаға қарағанда заңдық күші басым болады.

Қазақстан Республикасы жоғарыда аталған халықаралық Келісімнің(Киев) қатысушысы болғандықтан салық органдары заңды тұлғаларға – резидент еместерге қатысты талап қою құқымен сотқа жолдана алады.

 Заңдық база

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы №1 «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысы.

Халықаралық шарт – «Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісім» (Киев, 20.03.1992ж.) – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 02.07.1992ж. қаулысымен қуатталған(ратификацияланған).

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу