⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Санкт-Петербург қаласында 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Санкт-Петербург қаласында 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 118-IV Заңы 

      Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы Шанхайда 2006 жылғы 15 маусымда қол қойылған хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының       Президенті                                    Н. Назарбаев 

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА 

Ресми куәландырылған мәтін 

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - ШЫҰ немесе Ұйым) төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады: 

1-бап 

      ШЫҰ Хартиясының 11-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:       "Хатшылық ШЫҰ-ның негізгі тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады және Ұйымның қызметін үйлестіруді, ақпараттық-талдауды, құқықтық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты және Ұйымның халықаралық байланыстарын дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді, ШЫҰ органдары шешімдерінің орындалуын бақылайды". 

2-бап 

      ШЫҰ Хартиясының 11-бабының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарындағы "Атқарушы хатшы" деген сөздер "Бас хатшы" деген сөздермен тиісті септікте ауыстырылсын. 

3-бап 

      Осы Хаттама ШЫҰ Хартиясының 21-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. 

      Шанхай қаласында 2006 жылғы 15 маусымда орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей. 

      Қазақстан Республикасы үшін 

      Қытай Халық Республикасы үшін 

      Қырғыз Республикасы үшін 

      Ресей Федерациясы үшін 

      Тәжікстан Республикасы үшін 

      Өзбекстан Республикасы үшін 

      2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында жасалған 2002 жылғы 7 маусымда Санкт Петербург қаласында ШЫҰ Хартиясына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын. 

      Қазақстан Республикасы       Сыртқы істер министрлігі       Жалпыазиялық ынтымақтастық       департаментінің       Басқарма бастығы                                 Қ. Тумыш 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы