⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Шарт жасау, өзгерту, бұзу және шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Шарт жасау, өзгерту, бұзу және шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Шарт жасау, өзгерту, бұзу және шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Шарт жасау, өзгерту, бұзу және шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар  

Азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекетте шаруашылық субъектілерінің экономикалық мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету азаматтық айналымның тұрақты болуына ықпал етеді, олардың қалыпты жұмыс істеуіне сенімді кепіл болады және осының нәтижесінде экономиканың тұрақты дамуы үшін әр адамның еркін және лайықты дамуының іргетасы болмақ.

Шарт еркіндігі принципі азаматтық құқықтың негізгі бастамаларының бірі болып табылады. Оның мазмұны АК-нің 380- бабында жан-жақты қарастырылған.

Сонымен бірге, аталған принциптің жекелеген қағидалары АК-нің әр түрлі нормаларында да бар. Бұған шартты өзгерту және бұзу туралы жалпы қағидалары мен келісімдердің жекелеген түрлеріне де қатысты.

АК-нің 24- тарауына біріктірілген шартты өзгертуге және оны бұзуға қатысты нормалар осындай әрекеттерді жасауда бір-біріне ұқсайтын негіздерге және оларды жасау тәртібіне байланысты.

Шартты бұзу – бұл орындау мерзімі толығымен немесе жартылай өткізілмеген немесе орындалуы ұзақ мерзімді сипатқа ие шарттың міндеттемелерінен туындаған уақытқа тоқтату мақсатында шарттың әрекет ету уақытын мерзімінен бұрын тоқтатуға бағытталған акті.

Шарттың мазмұнын құрайтын оның кез келген немесе бірнеше талаптарын, оның ішінде шарттық міндеттемелерді орындауға қатысты талаптарын ауыстыру шартты өзгерту деп түсініледі.

Міндеттеме туындаған келісімдерді ғана бұзуға немесе өзгертуге болады.

Ұсынылған қорыту тақырыбына қатысты республика соттарында шығарылған электронды сот актілері бойынша ІСБК-нда 03.12.02.00 «Шарт жасасу, өзгерту, бұзу және экономикалық, технологиялық, ақпараттық қауіпсіздік шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар» санаты бойынша Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында шығарылған 2 сот актісі енгізілген.

№2-994-15 «Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті» ММ-нің «ЗамангазСервис» ЖШС-не газ толтыру пунктін және жылжымалы автогаз құю станцияларын пайдалану бойынша іс-әрекетін тоқтата тұру туралы талап арызы бойынша сот актісі;

- №2-1101-15 «Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті» ММ-нің «Тавиди» ЖШСне автогаз құю пунктін пайдалану бойынша іс-әрекетін тоқтата тұру туралы талап арызы бойынша сот актісі. ІСБК-нда Қазақстан Республикасының басқа соттарында осы санаттағы азаматтық істер қаралғаны туралы мәліметтер жоқ.

Бірақ ІСБК-нда бұл сот актілері қателесіп енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл даулар шарттық міндеттемелерден туындамаған. Өйткені, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету өкілеттігі жүктелген уәкілетті орган аталған саладағы нормативтік-құқықтық аткілерді сақтау туралы талап арызбен жүгінген.

Бұл осы субъектілердің арасында келісім-шарттық қатынастар туындамағанын білдіреді. Осыған байланысты осы санатқа қатысты істерді дұрыс анықтау үшін қауіпсіздік ұғымын негізге алған жөн. Қауіпсіздіктің негізгі объектілері: жеке тұлға - оның құқықтары мен бостандықтары; қоғам – оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет – оның конституциялық құрылымы, егемендігі мен аумақтық тұтастығы.

Экономикалық қауіпсіздік – еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің негізі.

«Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заң экономикалық қауіпсіздікті экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі ретінде анықтайды (4 баптың 4 тармақшасы).

Экономикалық қауіпсіздік мыналарды:

  1. Мемлекет қаржы жүйесінің тұтастығын, тәуелсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, оның нақты және ықтимал қауіпқауіптерден қорғалу жай-күйін көздейтін қаржылық қауіпсіздікті;
  2. Мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудiң физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлiк тауарларына халықтың нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азық-түлік қауіпсіздігін;
  3. Мемлекет қоғам мен мемлекеттің энергия ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергетикалық тәуелсіздік пен экономиканың жылу-энергетикалық, мұнай-газ және атом-энергетикалық кешендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті олардың нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйін көздейтін энергетикалық қауіпсіздікті;
  4. Мемлекет автомобиль, темір жол, әуе, теңіз және өзен көлігі түрлерімен тасымалдарда және олармен байланысты қызметтерде экономика мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауды, көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды, сондайақ транзит әлеуетін орнықты дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін қамтуды қамтамасыз етуге қабілетті, нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден экономиканың көлік саласы қорғалуының жай-күйін көздейтін көлік қауіпсіздігін қамтиды.

Өз өкiлеттiктерін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет және азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер экономикалық қауiпсiздiк субъектiлерi болып табылады.

Экономикалық қауіпсіздік талаптары – нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген экономикалық қауіпсіздік саласындағы шарттар, талаптар, тыйым салу мен шектеулер және басқа да міндетті талаптар.

Осы талаптардың сақталуы мен орындалуы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – шаруашылық, сыртқы экономикалық, барлау, диверсиялық және экономикалық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін басқа да әрекеттерді жүзеге асыру кезінде экономикалық қауіпсіздік объектілеріне залал мен зиян келтірудің алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі.

Экономикалық қауіпсіздіктің өлшемдері – бұл экономикалық қауіпсіздіктің жай-күйіне біздің мемлекетіміздің тұрақты экономикалық дамуының мәні мен негізін білдіретін маңызды үрдістер тұрғысынан баға беру.

Экономикалық қауіпсіздіктің шарттық міндеттемелерін орындауға байланысты дауларға қатысты төмендегі істі мысал ретінде келтіруге болады.

Ұлттық қауіпсіздіктің басқа бір түрі – ақпараттық қауіпсіздік.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың кеңінен дамуы және іскери қызметтің әр түрлі саласына жаппай енгізілуі компьютерлік ақпараттың маңызы өте зор екенін айқындап берді. Компьютерлік ақпараттың көрсеткіштері оны қолдану барысында пайда ретінде және немесе қолданушы ақпаратпен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда ақпараттық ресурстардың иесіне залал мөлшері де келтірілуі мүмкін.

Сондықтан, ақпараттық қауіпсіздікті сенімді қамтамасыз ету ақпараттық технологиялар дамуының маңызды проблемасы болып табылады.

Ақпараттық қауiпсiздiк

– елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондайақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі (жоғарыда аталған Заңның .4 бабының 5 тармақшасы).

Қорғалатын ақпарат иесін қорғау бойынша субъектілердің іс-әрекеті ең алдымен қорғалатын құпияларды жария етпеу, яғни мемлекеттік құпия мен қолжетімділігіне шектеу қойылған конфиденциалды ақпараттарды қамтитын ақпаратты құқықтық қорғаумен байланысты.

Ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің түрлері: бағдарламалық – «вирустарды», аппараттық және бағдарламалық қосымшаларды енгізу; ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді дою және модификациялау; техникалық, оның ішінде радиоэлектрондық – байланыс бағыттарындағы ақпаратты тартып алу;

Қазақстан Республикасы Президентінің 14.11.2011 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалды.

Технологиялық қауіпсіздік - бұл мемлекетте жағымсыз немесе оқиғалармен байланысты туындаған қиындықтарда жоғарғы тнхнологиялардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Техногендік апаттар мен катастрофалардың қауіптілігі өте жоғары. Өйткені, олар экологиялық, экономикалық және басқа да бірқатар қауіптіліктердің туындауына әкеп соғады.

Ел экономикасындағы үздіксіз дағдарыс құбылыстары, жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы, экономиканың негізгі салаларына мемлекеттік бақылау деңгейі мен тиімділігінің төмендеуі неғұрлым қауіпті болып табылады.

Капиталды жаңарту жағдайы баяу жүргізілуі себепті негізгі қорлардың, әсіресе, негізгі химиялық кешенді кәсіпорындардағы, газ, мұнай, металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібіндегі негізгі қорлардың күннен күнге ескіруі де аса қауіпті.

Негізгі құқықтық актілер

Қорыту жасалып отырған санаттағы істерді қараған кезде қолданылуға жататын негізгі құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (әрі қарай – АК),

Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК),

Экологиялық кодекс,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы»,

 «Мемлекеттік сатып алу туралы»,

«Электр энергетикасы туралы»,

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы»,

«Электрондық құжат және электрондық-цифрлық қолтаңба туралы»,

«Ақпараттандыру туралы»,

«Техникалық реттеу туралы»,

«Лицензиялау туралы»,

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»,

«Байланыс туралы»

Заңдар. Сонымен қатар,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары:

«Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №21,

«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы №2,

«Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5,

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5,

«Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжiрибесi туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №16,

«Әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы қолданудың сот тәжірибесі туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы №3 нормативтік қаулылары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу