Шетелдік тұлғалардың қатынасуымен жер қойнауын пайдалану жөнінде шарттар
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңынының 29-бабына сәйкес Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылуға тиіс.
Бір келісімшарт бойынша бірнеше тұлға жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін. Мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері болып табылады және келісімшарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болады. Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына қатысты құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерінің мөлшері келісімшартта айқындалады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің құқықтары мен міндеттері және ортақ істерді жүргізу тәртібі келісімшартта, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады. Бірлескен қызмет туралы шарттың ережелері келісімшарттың ережелеріне қайшы келмеуге тиіс. Келісімшарт бойынша операторды құру немесе айқындау жағдайында жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері бұл туралы құзыретті органға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы бар келісімшарттарда ұлттық компанияның оператордың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі кемінде елу пайызды құрауға тиіс. Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері оператордың әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңының 34-бабында Жер қойнауын пайдалану құқығының туындау жолдары көрсетілген.
Жер қойнауын пайдалану құқығы: 1) беру; 2)табыс ету; 3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Индустриялық –инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сай, инвесторлар индустриялық –инновациялық қызметтің субъектісі болған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келісімнің негізінде алуларына мүмкіндік туғанын атап өту керек.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңының 68- бабына сәйкес, келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.
Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар да келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу арқылы құзыретті органда міндетті тіркелуге жатады.
Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезінен бастап күшіне енді деп танылады. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) мәжбүрлеп алып қою жағдайларын қоспағанда, келісімшарт жасасу жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін ресімдеуі үшін негіз болып табылады. Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте ресімделетін жер учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесін нақты пайдалану мерзімдері шегінде жер үстін бұза отырып, іс жүзінде пайдаланатын аумағымен шектеледі. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар жасасуды және тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 «Инвестициялар туралы» Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес шарттарға өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк беретіні белгіленген.
Бұл кепiлдiктер:
1) импорттың, өндiрiстiң, акцизделетiн тауарлар өткiзудiң тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшiне енгiзуге және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2) ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтау мен имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңының 71- бабының ережелеріне сәйкес, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, келісім шарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
Тараптардың бірінің талабы бойынша келісімшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға Қазақстан Республикасының заңдарында және келісімшартта көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.
Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
Келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешілетіні, егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1- тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы екендігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңының 128-бабында көзделген.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңының 72- бабының 3-тармағына сәйкес, құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаған кезде;
2) осы Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мұндай рұқсат ету талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның рұқсатынсыз осы Заңның 36-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді берген кезде;
3) осы Заңның 76-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасында көзделген мәліметтерді беруден бас тартқан не анық емес мәліметтер берген кезде;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелер қатарынан екі жыл бойы отыз пайыздан кем орындалған кезде келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды. 3-1. Құзыретті орган барлауға арналған үлгілік келісімшарттың қолданылуын мынадай:
1) жыл сайын өсіп отыратын төлемдер түрінде ұсынылған, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған сомалардың уақтылы төленбеуі;
2) үлгілік келісімшарт қолданылатын бүкіл кезеңде бір блок шегінде орындалуы қажет, жылдар бойынша шығындар мен жұмыс түрлерінің ең төмен мөлшері туралы талаптарды бұзу;
3) берілген жер қойнауы учаскесін үлгілік келісімшартта көзделмеген мақсаттарға пайдалану жағдайларында біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
- Осы Заңның 71-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган, егер:
1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
- Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды Аталған баптың-1,2,3 және 6-тармақтарына сәйкес, құзыретті орган келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
1) келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға елеулі әсер еткен дәйексіз деректер негізінде келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау фактісі анықталғанда, оның ішінде, егер келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау күні жер қойнауын пайдаланушыда дәлелді себептер бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттар болмаса;
2) келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы не тиісті түрде орындалмауы, жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес себептер салдарынан, оның ішінде еңсерілмейтін күштің әсерінен болған себептер, яғни осындай жағдайлар кезінде келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына не тиісті түрде орындалмауына тікелей әсер еткен төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей зілзала құбылысы, әскери қимылдар және тағы сондайлар) анықталғанда және расталғанда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
Өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғаның өтініші не құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай ішінде құзыретті органның келісімшартты қайта жаңғырту негіздерін дербес анықтауы құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы мәселені құзыретті органның қарауы үшін негіз болып табылады.
Құзыретті органның келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғадан өтініш келіп түскен не құзыретті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларды анықтаған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.
Осы баптың ережелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған кезде қолданылады.
Заң нормалары
Аталған құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін негізгі Заң
- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңы.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер олар осы Заңның нормаларымен реттелмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Жерді, суды (жерасты сулары мен емдік балшықтан басқа), орманды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Заключение изменение расторжение договора и исполнением договорных обязател
47 рет жүктеп алынды -
Соттардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын азаматтық істер бойынша
40 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах применения судами экологического законодательства Республики
43 рет жүктеп алынды -
Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың
40 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №6
40 рет жүктеп алынды