Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот актілерінің азаматтық талап арызды қарау бөлігінің күші жойылып, қылмыстық іс жаңадан сот қарауына жіберілді

Сот актілерінің азаматтық талап арызды қарау бөлігінің күші жойылып, қылмыстық іс жаңадан сот қарауына жіберілді

Сот актілерінің азаматтық талап арызды қарау бөлігінің күші жойылып, қылмыстық іс жаңадан сот қарауына жіберілді

Сот актілерінің азаматтық талап арызды қарау бөлігінің күші жойылып, қылмыстық іс жаңадан сот қарауына жіберілді


Сот үкімімен К. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігімен, 188-1-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, 
Ж. ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігімен, 188-1-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен, 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес 8 жыл 1 айға 
бас бостандығынан айыруға, Б. ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жәбірленушілерге азаматтық тәртіпте материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызын қоя алатыны түсіндірілген.


Апелляциялық сатыдығы соттың қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған.
Сот үкімімен Б. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде бөтеннің малын жасырын жымқырғаны үшін, 
Ж. ұрлауды ұйымдастырып, оның орындалуына басшылық еткені үшін, ал сотталған К. ұрлауда кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпаратпен және осы іс әрекетті жасайтын құрал беруімен орындаушыға көмектескені үшін кінәлі деп танылған.


Кассациялық саты К., Ж., Б.-ға қытысты сот актілерінің азаматтық талап қою арызын қарау бөлігінің күшін төмендегі негіздермен жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберілген.Қылмыстық іс материалдарынан жәбірленуші Ж. сотталғандардан 2 700 000 теңге өндіру туралы талап арыз келтіргені көрінеді.ҚПК-нің 170-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот қылмыстық істі талқылауды кейінге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжейтегжейлі есеп-қисап жүргізу мүмкін болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына бере алады.


ҚПК-нің 170-бабының 1-бөлігімен сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қортындылары бойынша қабылдай алатын шешімдердің тізімі нақты көзделгендіктен және олардын ішінде талап қоюды қарау қортындысы бойынша заңды түсіндіру шешімін қабылдау қарастырылмағандықтан, соттың қабылдаған шешімі заңсыз болып табылады.


Бұған қоса, азаматтық талап қою бойынша сот үкімінің уәждеу бөлігі үкімнің қарар бөлігінде қабылданған шешімге қайшы келеді.Қылмыстық істі жаңадан қарау барысында сот аталған кемшіліктерді жойып, қылмыстық-процестік заңның талаптарына сәйкес заңды әрі негізді шешім қабылдауы тиіс.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.