⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот орындаушылардың борышкердің мүлкіне тыйым салу жөніндегі қаулыларын санкциялау бойынша

Сот орындаушылардың борышкердің мүлкіне тыйым салу жөніндегі қаулыларын санкциялау бойынша

Сот орындаушылардың борышкердің мүлкіне тыйым салу жөніндегі қаулыларын санкциялау бойынша

Сот орындаушылардың борышкердің мүлкіне тыйым салу жөніндегі қаулыларын санкциялау бойынша

Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін қабылдау жүргізіліп жатырған сот – құқықтық реформасының талаптарына жауап беретін, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын жүзеге асыруда азаматтық істерді қарау сот процесінің ашықтағын, сот билігінің бейтараптығын қалыптастырып, іске қатысушы тараптардың құқықтарын қорғауға кепілдік беретін және біркелкі сот практикасын қалыптастыруға оң ықпал етуге бағытталған.

Азаматтық процестік заңнамасының жаңғыртылуы азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуын қамтемесіз етеді.

Аталған санаттағы істерді қарау кезінде қолданылатын негізгі құқықтық заңнамалар

- Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодекс (әрі қарай – АПК),

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (әрі қарай – Атқарушылық өндіріс туралы Заң),

«Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заңы,

Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 2 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 3 тармағы және АПК-нің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері оларға қатысты барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы азаматтық іс жүргізудің қорытынды сатысы болып табылады және мемлекетте сот төрелігі атқарылуының маңыздылығын айқындайды.

Атқару өндірісінің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін іс жүзінде қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 3 тармағы және АПК-нің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері оларға қатысты барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті. Сот актілері ерікті түрде не мәжбүрлеп орындауға жатады.

Сот актісін ерікті ерікті түрде орындау деп борышкер сот актісінде көрсетілген міндеттемесін өндіріп алушыға атқару өндірісін қозғағанға дейін орындағаны есептеледі. Сот актісін мәжбүрлеп орындау деп сот орындаушы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы талаптарына сай сот актісін борышкердің еркінен тыс орындату болып табылады.

Сот шешімі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңында көзделген тәртіпте орындауға жатады.

Сот орындаушы (мемлекеттік, жеке) сот шешімін атқару өндірісі негізінде орындатуға шара қолданады.

Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы азаматтық іс жүргізудің қорытынды сатысы болып табылады және мемлекетте сот төрелігі атқарылуының маңыздылығын айқындайды.

 Атқару өндірісінің мақсаты атқарушылық өндірісіне қатысушы тараптардың бұзылған немесе даулы құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін іс жүзінде қорғау болып табылады.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 32 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мыналар: борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның ішінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса есептегенде, мүлкіне тыйым салу, борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы мүлкiн алып қою, борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, және т.б. болып табылады.

Осы Заңның 62 бабына сай, сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда соттың санкциясымен тыйым салуға міндетті.

 Санкциялауға жататын атқарушылық іс жүргізу туралы қаулы сот орындаушымен сотқа ұсынылады. Қаулыға санкциялауға жататын әрекеттердің негізділігін нақтылау үшін атқару өндірісінің материалы қоса тіркеледі.

Сот орындаушының қаулысын және оған қоса тіркелген атқарушылық өндіріс материалын қарап, сот атқарушылық іс әрекеттер жүргізуге санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Яғни, атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету материалдыққұқықтық талаптарға сай келуге тиіс, борышкердің әрекеті арқылы сот актісін орындауды мүмкін етпейтін немесе қиындататын жағдайдың жолын кесіп, үшінші тараптың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тиіс. Жадығаттарды оқу және талдау нәтижесі сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау туралы жадығаттар негізінен дұрыс қаралатыны анықталады, қаулыларды қарау мерзімдері бұзылмаған.

Сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау тәртібі АПК-нің 252 бабында көзделген.

 АПК-нің 252 бабының 2 бөлігіне сай, соттың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.

АПК-нің 252 бабының 2 бөлігіне сәйкес, сот орындаушысының қаулысын сот материалдар сотқа түскен күні қарауға тиіс.

Аталған баптың 4 бөлігінің талабы бойынша сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның қолымен расталатын "Санкциялаймын" деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге асырылады.

Санкция беруден бас тартқан жағдайда судья атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Электрондық құжат нысанында берілген сот орындаушысының қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады.

Санкция беруден бас тарқан жағдайда судья санкция беруден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында уәжді ұйғарым шығарады. Яғни, аталған процестік талаптар бойынша сот орындаушы заңда белгіленген тәртіпте соттың санкциялауына жататын қаулы шығаруға міндетті.

Сот сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеріп, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Егер сот орындаушының қаулысы АПК-нің 252 бабының 1-2 бөлігінің талаптарына сай келмесе және объективті себептермен санкциялау қажет емес екенін анықтаса сот санкция беруден бас тартады.

АПК-нің 252 бабының 5 бөлігінде сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот санкциялаған қаулысына осы Кодекстің 250- бабында көзделген қағидалар бойынша шағым жасалуы мүмкін.

Яғни, қаулыға шағым беру тәртібі бұрынғы шағым беру тәртібінен ерекше айрықшаланады. Көрсетілген жағдайлар бойынша егер атқарушылық өндірісінің тараптары (өндіріп алушы, борышкер) бұрын сот санкциялаған сот орындаушының қаулысымен келіспеген жағдайда қаулыға шағым берсе, енді 31 қазан 2015 жылы қабылданған АПК-нің талабы бойынша Кодекстің 250- бабында көзделген тәртіпте сот орындаушының әрекетіне шағым береді.

Яғни, өндіріп алушы және борышкер өз құқықтарын қорғау мақсатында сот орындаушының сот актісін орындаудан бас тарту немесе заңсыз әрекеттерін (әрекетсіздігі) сотқа шағым беру арқылы жүзеге асыра алады.

Назар аударатын жағдай, сот орындаушының қаулысын санкциялаған сот сот орындаушының әрекетіне берілген шағымды қарау тәртібі сот бұйрығын, оңайлатылған іс жүргізу, сырттай іс жүргізу тәрбінде қабылданған сот актілерін бұзу туралы істерді қарауға ұқсас тәртіпте жүргізіледі.

АПК-нің 252 бабының 5 бөлігінде атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына шағым берудің бұрынғы тәртібі сақталады. Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 7 бабына сәйкес осы Заңның 9- бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.

Яғни, сот орындаушы атқарушылық құжаттарды орындаушы тұлға болып табылады.

Борышкердің мүлкіне тыйым салу жөніндегі сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау. Атқарушылық өндірісі туралы Заңының 62 бабының 1 тармағының талабы бойынша сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда соттың санкциясымен тыйым салуға міндетті.

Осы Заңның 63 бабының 2 бөлігіне сай, сот орындаушысы мүліктің борышкерге тиесілі екенін анықтап, оны тізімдемеге енгізеді, өндіріп алу мөлшеріне қарай бүкіл мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салады және тыйым салу туралы қаулыны тиісті мемлекеттік тіркеу органдарына жібереді.

Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді., АІЖК-нің 240-7 бабының 1 бөлігіне сәйкес, заңмен белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады.

Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер жазылуға тиіс. Аталған тәртіп 31 қазан 2015 жылы қабылданған АПК-нің 252 бабында көрсетілген.

Мұндай жағдайда, бұрын және 2016 жылы, егер қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер көрсетілмесе, судьялар қаулыға санкция беруден бас тартулары қажет.

Бұл жағдайда сот борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту барысында тыйым салынған жылжымайтын мүліктер жөнінде мәліметтер және борышкердің ол мүліктерге меншік құқығы қуатталатын деректер көрсетілмегенін негізге алғаны дұрыс болады.

Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 2 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 6 және 7 тармақтарында сот орындаушысының өндіріп алуды борышкерге тиесілі екендігін анықтау кезінде сот орындаушысы мүлікті тізімдемеге енгізуге және өндіру көлеміне қарай барлық мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салуға тиіс.

Аталған әрекеттер сот орындаушымен сот шешімінің орындау тәртібі мен тәсілін өзгерту туралы сотқа ұсыныс жолдамай-ақ жүзеге асырады. Яғни, сот орындаушы сот шешімінін орындалуын қамтамесіз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарады және бұл жағдайда сот шешімінің орындау тәртібі мен тәсілін өзгерту туралы сотқа жүгіну қажет етілмейді.

Атқарушылық өндірісі туралы Заңының 32 бабының 2 тармағының 1,4,5,6 тармақшаларына сәйкес, сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мыналар: борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның ішінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса есептегенде, мүлкіне тыйым салу, құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою болып табылады.

Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен жүргізіледі. Жадығаттарды оқу нәтижесі бойынша оларды соттылығы бойынша қарау жөнінде мәселе туындамаған.

Сот қаулысын санкциялау туралы ұсыныстар атқарушылық өндіріс жүргізілетін жері бойынша соттармен қарау практикасы қалыптасқан.

Мұндай санкция беруден бас тарту туралы сот ұйғарымына шағымдар атқару өндірісінің қатысушылары болып табылатын субъектілермен берілген.

Атқарушылық өндірісі туралы Заңының 14 бабының талабы бойынша сот орындаушы атқару өндірісінің қатысушысы болып табылмайды, ол атқару өндірісін жүргізетін тұлға болып табылады (Заңның 7 бабы), сондықтан сот орындаушылардың шағымы АПК-нің 407 бабының төртінші бөлігіне сай қараусыз қайтарылуға жатады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу