Сот жинақталған дәлелдемелерге құқықтық баға дұрыс бермеген.
Д. ҚК-нің 147-бабының 5-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқаны дәлелденбегендіктен ақталған.
Сот үкімімен Д. адамның жеке немесе отбысы құпиясын құрайтын, жеке омірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз көпшілікке көрсетілетін телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қалмыстық пиғылымен араларында болған бас араздықтын салдарынан Б. пен оның жұбайы Б. жеке өмірлері туралы отбасылық құпияны құрайтын аудиожазбаны «Facebook» әлеуметтік желісінде таратқаны үшін тағылған айып бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқаны дәлелденбеуіне байланысты кінәсіз деп танылып, ақталған.
Апелляциялық сатымен үкім өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық сатымен сот актілерінің күші төменгі негіздермен жойылып, қылмыстық іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберілген.
ҚПК-нің 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мәнөжайларды жан-жақты, толық және
объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Төменгі саттағы соттар аталған заң талаптарын орындамаған.Д. қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны дәлелденбеуіне
байланысты кінәсіз деп танылыр, ақталуға жатады деген тұжырымдары іс материалдарына негізделмеген, яғни сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында жинақталған дәлелдемелерге кереғар.
Д. кінәсіздігі жөніндегі сот тұжырымы ерте жасалған. Істің мәнжайы толық зерделенбеген, жинақталған дәлелдемелерге құқықтық баға дұрыс берілмеген, тараптардың уәждері жан-жақты, толық тексеріліп, тиісті бағалануды қажет етеді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.