⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Атап өтетін жайт, аталған істер бойынша талаптардың нысаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын, және Ережелерді қолданысқа енгізгенге дейін орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы талап қоюдың талаптары болып табылады.

Павлодар қалалық сотының 2016 жылғы 23 желтоқсанда Данияр Толеубаевич Кусаиновтың «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет бақылау басқармасы» ММ-не, дау нысанына өзіндік талаптар қоймайтын үшінші тұлғаларды – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» ММ-н, «Баянауыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мен тұрғын үй инспекциясының бөлімі» ММ-н, «ДМ» ЖШМ-н, «Еңбек қауіпсіздігі» Оқу орталығы ЖШС-н жұмылдырумен шығарылған «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет бақылау басқармасы» ММ басшысының 2016 жылғы 21 шілдедегі №34-ж тәртіптік жаза тарту туралы бұйрығының күшін жою туралы бір-ақ шешім ғана ерекшелік болып табылады.

Аталған қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа заңнама бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарға дау айтумен байланысты республиканың соттары қараған азаматтық істерді анықтау мақсатында сот актілерді іріктеу едәуір нәтиже әкелмеді.

Осыған орай, осы қорытуда бұдан ертерек Павлодар облыстық сотының жүргізген Қазақстан Республикасы соттарының 2014-2015 жылдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек дауларының қарау сот практикасының қорыту нәтижелері қолданылған. Баяналғанды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты заңнаманың болған өзгерістері туралы атап өткен жөн.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы даулардың ерекшеліктері

Осы санаттағы даулардың ерекшеліктерінің бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықты заңсыз деп тану туралы талап қоюдың талаптары болып табылады.

Заңның талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тек жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға ғана тәртіптік жазаны тарту мүмкін.

Демек, талаптың арнайы нысанымен бірқатар істердің қорыту санатының екінші ерекшелігі оның қатысушылардың құрамы болып табылады. Істердің аталған санаты бойынша әркез жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар талапкерлер болады.

Баяндалғанның негізінде Еңбек кодексінің 159-бабымен көзделген келісу комиссиясында дауды сотқа дейін реттеу тәртібі аталған тұлғаларға таратылмайтыны туралы қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар аталған ереже мемлекеттік және бюджеттен қаржыландырылатын басқа да ұйымдарда, қазынашылық және коммуналдық кәсіпорындарда азаматтық қызметшілерінің жеке еңбек дауларын шешу үшін келісу комиссияларының құрылу ықтималдылығын алып тастамайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы істерге қатысатын тұлғалар.

Аталған санаттағы істердің дұрыс және уақытылы қаралуы мен шешілуі көбіне азаматтық үдерісінің барлық субъектілерінің процестік жағдайының дұрыс анықталуына тәуелді. Ең алдымен, талапкер мен жауапкер сияқты іске қатысатын негізгі тұлғаларға қатысты болады. Әдетте, тараптарды анықтаған кезде ерекше қиындықтар туындамайды.

Олар талап қою іс жүргізуі тәртібінде қаралатын кез келген азаматтық істегідей материалдық құқық қатынастарының субъектілері болып табылады, оның негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен және мемлекеттік қызметтен өтуге ерекше жағдайлар белгілейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен көзделген ерекшеліктермен еңбек заңнамасының реттелген қатынастары жатады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң талаптарына сәйкес істердің аталған санаты бойынша талапкерлер ретінде әркез мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оған теңестірілген адамдар болады, олар:

1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;

2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiкшаруашылық функцияларды орындайтын адам;

3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам;

Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат;

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi;

мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;

Істердің аталған санаты бойынша жауапкерлер заңды тұлғалар, әдетте, мемлекеттік мекемелер нысанындағы мемлекеттік органдар болып табылады.

Жоғарыда атап өткендей, азаматтық құқық қатынастарға қарағанда, аталған санаттағы істердің ерекшелігі олардың субъектілі құрамы мен мазмұны арнайы заңдармен қатаң анықталған.

Аталған мән-жай істердің аталған санаты бойынша үдерісте талаптың нысанына қатысты өзіндік талаптары бар адамдардың пайда болу мүмкіндігін алып тастайды.

Бұзылған құқықты қорғауға сотқа жүгінудің мерзімдері.

Еңбек кодексінің 160-бабына сәйкес келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл. Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік, құқық қорғау және басқа қызметтен өту тәртібін реттейтін салалық заңдармен, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы талаптармен сотқа жүгіну мерзімдерінің мәселесі реттелмеген. Осыған орай, Еңбек кодексінің 160-бабының 1)-тармақшасын басшылыққа алу мүмкіндігі ұсынылады, ол сотқа жүгіну үшін екі ай мерзімі, аталған мерзім даулайтын жұмыс берушінің актісін алған не болмаса онымен танысқан күннен бастап есептеу қажет деген түсіндірумен көзделген.

Аталған мерзімді өткізіп алған жағдайда судья дәлелсіз себептерсіз мерзімді өткізіп алу уәждері бойынша талап арыз қабылдаудан бас тартуға құқылы емес. Оған қоса мерзімді өткізіп алуға қатысты қарсылықтар тек жауапкерден ғана болуы тиіс. Тек жауапкер ғана талапкердің сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алғаны туралы көрсетуге құқылы.

Егер жауапкерден осындай қарсылықтар келіп түспесе, сот өткізіп алудың өзін және оның себептерін талқылай алмайды және оған қоса дәлелсіз себептермен мерзімді өткізіп алуды талаптан бас тарту туралы шешімнің негізіне сала алмайды.

Бұл ретте, жауапкер талапкердің сотқа жүгінудің мерзімін өткізіп алу фактісін дәлелдеуі тиіс, ал талапкер мерзімнің өткізіп алу себептерінің дәлелділігін бекіте отырып, осы пікірдің негізділігі туралы куәландыратын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты қараған Ж.Ж.Аскербековтың «Мойынқұм ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талабы бойынша азаматтық іс талап қою мерзімінің дұрыс тәжірибе қолданудың мысалы болып табылады.

Іс материалдарынан мәлім болғандай, талапкер Ж.Ж.Аскербеков аталған мемлекеттік мекеменің жетекші маманы бола отырып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы) 12-бабы 1- тармағының 12)-тармақшасымен көзделген - жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін 2013 жылғы 03 шілдедегі бұйрықпен қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.

Тәртіптік жазаға тарту заңдылығын даулай отырып, Ж.Ж.Аскербеков 2016 жылғы 01 желтоқсанда тәртіптік жазаны тарту туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талаппен сотқа жүгінді. Тәртіптік жауаптылыққа тартылғаны туралы хабардар болмағанын көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік мекеменің кадрлық қызметімен ұсынған мәліметтерінен талапкер аталған бұйрықпен заңмен белгіленген мерзімдерде таныстырылғаны туралы қарама-қарсы қорытынды шыққан. Аталған, талап қою мерзімдерінің өткізіп алу дәлелділігі туралы қандай да бір мәліметтерінің жоқтығында, талап арыздың қанағаттандыруынан бас тартуда негіздеме болып табылады, бұл туралы жауапкердің өкілімен мәлімденді.

Осыған орай, Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық сотының 2016 жылғы 15 мамырдағы шешімімен Ж.Ж.Аскербековтың талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған. Атап өтетін жайт, құқық қолдану тәжірибесінде талап қою мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептерін анықтау мәселесі өзекті болып табылады. Еңбек кодексі еңбек дауларына қатысты сотқа жүгінудің мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептерінің түсінігін және тізімін анықтамаған.

Сотқа жүгінудің мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептеріне қызметкердің талаппен сотқа уақытылы жүгінуге кедергі болатын мән-жайлар жатқызылуы мүмкін: талапкердің, оның тұрақты күтімді жүзеге асыруы тиіс жақын туыстарының ауруы, іссапар, талап арызды және оған қоса салынатын құжаттарды пошта арқылы жолдау қиын болатын басқа қоныстанған пунктегі оқу, сұрапыл апат немесе басқа да тылсым күш салдарынан және т.б. сотқа жүгінудің мүмкін еместігі.

Талапкерлер сотқа жүгінгенге дейін еңбек даулары бойынша прокуратура органдарына жүгінеді, одан кейін жүгінудің мерзімін өткізіп алумен талапты сотқа қою жағдайлары орын алуда Жүгіну мерзімін өткізіп алудың осындай себептерін әркез дәлелді деп танымайды.

Егер бұл органдар өз құзыреттерінің шегінде еңбек жанжалын шешу бойынша құқықтық шараларды тікелей қабылдап, алайда олар жанжалдың шешілуіне әкелмесе, онда сот осындай жағдайларда мерзімді өткізіп алу себебін дәлелді деп тануға құқылы.

Егер тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтың көшірмесін алу күні деп белгіленген кезеңде сотқа жүгіну кезге дейін осы бұйрыққа дау айту туралы талаппен сотқа жүгінуге мүмкін емес немесе тым қиын мән-жайлар орын алса, онда бұл аталған мерзімді сотпен қалпына келтіруге әкелмеуі де мүмкін.

 Мәселен, қызметкер жүгінудің заңмен белгіленген мерзімінен едәуір асатын кезеңде сотқа жүгібеген, ал кейін талап арыздың берілуіне кедергі ретінде бағалауға болатын мән-жай туындады. Мерзімнің әрекет ету кезеңінде болған осы мән-жайдан кейін бір айдан аса уақыт өтіп, оның ішінде талапкерге арыз беруге ештеңе де кедергі болмаған жағдай да болуы мүмкін.

 Осындай жағдайда өз шешімімен сот мерзімді өткізіп алуды дәлелсіз деп танып, талаптан бас тартуға құқылы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының (бұдан әрі – нормативтік қаулы) (келесі өзгерістермен) 5-тармағымен еңбек кодексінің 172-бабында қарастырылған мерзімдер дәлелді себептер бойынша өткізіп алынғаны белгілі болған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігіне ол туралы көрсетеді және дауды мәні бойынша шешеді деп түсіндірілген.

Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылғанын, бірақ ол Еңбек кодексінде қарастырылған өтініш беру мерзімін дәлелсіз себептер бойынша өткізіп алғанын анықтаса, онда шешімнің дәлелдеме-сипаттама бөлігінде осы құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді және өтініш беру мерзімінің өткізіліп алуына байланысты талап арызды қараудан бас тартады. Баяндалғанға орай, аталған нормативтік қаулыда себептердің дәлелділігі мен оның үлгі тізімі түсінігін көздеген жөн.

Даулардың соттылығы.

Талдау барысында еңбек дауларының соттылығын анықтау дұрыстығына назар аударылған. Сот практикасы көрсеткендей, аталған санаттағы еңбек дауларының соттылығына қатысты процестік заң талаптары дұрыс қолданылады және қандай да бір қиындықтарды тудырмайды.

Ортақ ереже бойынша, талаптар, оның ішінде жұмыс берушілердің актілеріне дау айту туралы, сондай-ақ басқа еңбек даулары бойынша талаптар жауапкер-заңды тұлғаның орналасу орны бойынша қойылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 39-бабына сәйкес егер заңға сәйкес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында басқа көзделмесе, заңды тұлғаның тұрған жері оның мемлекеттік тіркеу орнымен анықталады.

Сондықтан да еңбек құқықтарын қалпына келтіру туралы, оның ішінде жұмыс берушілердің актілеріне дау айту туралы талаптарға соттылық туралы жалпы ережелер қолданылады, ол туралы нормативтік қаулының 4-тармағында көрсетілген, оған сәйкес еңбек қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкер – заңды тұлғаның органы орналасқан орны бойынша азаматтық іс жүргізудің жалпы ережелері бойынша сотқа қойылуы тиіс.

Демек, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы талаптар жауапкер – заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеме нысанындағы мемлекеттік органның орналасу орны бойынша қойылады.

Құқық қолдану.

              Бұрын қолданыстағы заңнама бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жазаны тарту мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген адамдарға ғана заңмен қатаң анықталған адамдар шеңберіне мүмкін болған.

Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартқан кезде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің талаптары қолданылған. Бұл нормативтік құқықтық актілер қазіргі уақытта күшін жойды.

Сонымен бірге сот практикасы көрсеткендей, аталған заңдарының, сондайақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту тәртібін реттейтін Ережелердің талаптарының сақталмауы анықталған жағдайда жұмыс берушілердің даулайтын актілерінің күші соттармен жойылған.

Осындай тәжірибе дұрыс болып табылатын және азаматтардың, мемлекеттің және ұйымның мүдделері заңмен қорғалатын және бұзылған немесе даулаған құықтарының, бостандықтарының қорғалуына, заңдылықтың және құқық тәртібінің нығаюына, құқық бұзушылықты алдын алуға септігін тигізді.

Сонымен қатар атап өтетін жайт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы күші жойылған Заңында көрсетілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын құқық бұзушылықтарның түрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа Заңда жоқ.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңда сыбайлас жемқорлық түсінігі жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу ретінде анықталған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ретінде танылған.

Заңның 1-бабының 2-тармағында сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі - ҚК), әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі - ӘҚБтК) көзделген.

2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ӘҚБтК-нің 34-тарауы тек әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды реттейді. Олардың ішінен келесіні бөлуге болады:

676-бабы. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi.

677-бабы. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы.

678-бабы. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi

679-бабы. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы.

680-бабы. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы.

681-бабы. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау. ӘҚБтК-ға ұқсас 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚКте 15-тарау «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» бар.

              ҚК-нің 3-бабының 29-тармағында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға келесі баптармен көзделген іс-әрекеттерді жатқызған жөн

189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) - Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу,

190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) - Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған алаяқтық,

215 (екінші бөлігінің 3) тармағында) - Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған жалған кәсіпкерлік, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса,

216 (екінші бөлігінің 4) тармағында) - Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шотфактура жазу бойынша әрекеттер жасау, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса,

217 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) - Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету,

218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында) - Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату),

234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында) – Адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен экономикалық контрабанда,

249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) - Адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған рейдерлік, 307 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) - Адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру,

361 – Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану,

362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында) - Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасаған билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану,

364 Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу,

365 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау,

366 - Пара алу,

367 - Пара беру,

368 - Парақорлыққа делдал болу,

369 – Қызметтік жалғандық жасау,

370 - Қызметтегі әрекетсіздік,

450 – Билікті теріс пайдалану,

451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) - өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билікті асыра пайдалану және 452 - Биліктің әрекетсіздігі.

Сонымен, ҚК сыбайлас жемқорлық әрекеттердің 20 құрамы бар.

              «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен көзделген мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптілік жауапкершілікке тарту тәртібі жайлы жаңашылдық маңызды. Осы Заңның 44-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.

Терiс себептермен қызметтен шығаруға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен қызметтен шығару, адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құқыққа сыйымсыз тағайындау және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды құқыққа сыйымсыз босату, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды құқыққа сыйымсыз қолдану, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария ету, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау да тәртіптік теріс қылық деп танылады.

Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;

5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару. Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.

Мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза кез келген төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сай келген кезде қолданылады. Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.

Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жаза осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады.

Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1- тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12) және 15) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға әкеп соғады.

Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5)-тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға не қызметтен шығаруға әкеп соғады.

Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.

  1. Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 9), 13), 14), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
  2. Тәртіптік жазаны:

1) лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамдар (орган) қолданады;

2) бірінші тәртіптік жазаны қолдану заңды болған және тәртіптік жаза теріс қылықтың ауырлығына сай келген жағдайда нақ сол терiс қылық үшiн қайталап қолдануға болмайды;

3) тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қолданылады.

Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай тәртіптік комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының немесе жоғары тұрған органның шешімі бойынша құрылады.

Заңның 45-бабына сәйкес, тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. Белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылмалы құқық бұзушылық деп танылады.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда көзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның ісәрекеттерінде осы Заңда көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. Тәртіптік жауаптылыққа тартудың көрсетілген мерзімдеріне қылмыстық іс бойынша іс жүргізу немесе әкімшілік іс жүргізу уақыты кірмейді. Жазаны:

1) мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы;

2) мемлекеттік қызметшінің демалыста немесе iссапарда болуы;

3) мемлекеттік қызметшінің мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылуы;

4) мемлекеттік қызметшінің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болуы;

5) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде қолдануға болмайды.

Бұрын сыбайлас жемқорлыққа жататын және жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар, күшін жойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңынасәйкес мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген тұлғалардың келесі әрекеттері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылықтарға жатқызылған.

Осы заңның 50-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мынадай ісәрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады:

1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;

 2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;

3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;

5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;

6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуі;

9) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;

10) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

11) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;

12) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 151-бабының 1), 2), 3), 4)және 7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;

13) кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;

14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;

15) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуы;

16) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.

Мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;

17) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.

Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы.

Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

18) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар: жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша; егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын; жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;

19) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануы. Сондай-ақ, атап өтетін жайт, 2015 жылы 25 желтоқсанда Елбасының Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптілік жазалауды салу Ережесі бекітілген. Аталған ережелермен «А» және «Б» корпусының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тәртіптілік жауапкершілікке тарту тәртібі регламенттелген. Жоғарыда баяндалғаннан, сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылық туралы қорытынды қазіргі таңда өз маңызын жойды, себебі бұрын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қолданылған.

Атап кеткендей, қорытуға жататын істер санаты бойынша республика соттарымен шығарылған зерделеуге 16 сот актісі түскен. 15 сот актісінен талапкерлермен жұмыс берушінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықү шін тәртіптілік жазалаулар салу туралы бұйрықтары дауланған, олар 2016 жылғы 01 қаңтарда қолданысқа Еңбек кодексін, 2015 жылдың 18 қарашасынан сыбайластыққа қарсы күрес туралы Заңын, 2015 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы Заңы, 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптілік жазалауды тағу Ережесі, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп Ережесі) енгізгенге дейін.

Жұмыс берушінің тәртіптілік жазалауды салу туралы актісіне дау келтіру туралы сот практикасынан мысалы ретінде,Павлодар қалалық сотымен қарастырылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтірген үшін тәртіптілік жазалауды салу туралы Д.Т. Кусаиновтың «Павлодар облысы мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасы» (бұдан әрі - мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасы) ММ дау нысанына жеке талап қоймайтын үшінші тұлғаларды тарту - «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Павлодар облысы Департаменті», «Баянауыл ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мен тұрғын инспекциясы» ММ, «ДМ» ЖШС, «Еңбек қауіпсіздігі» Оқу орталығы ЖШС, 2016жылғы 21 шілдедегі мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасы басшысының №34-ж тәртіптілік жазалауды салу туралы бұйрығының күшін жою туралы талап арызы бойынша іс. 2016 жылғы 21 шілдедегі мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасы басшысының №34-ж бұйрығымен мемлекеттік қызметке кір келтірген қылық жасаған үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңының 50 бабы 1 тармағы 5 тармақшасымен қарастырылған мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасының басшысына Д.Т. Кусаиновқа толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптілік жазалау салынды.

Осы бұйрықтың шығуына негіз болған 2016 жылғы 04 шілдедегі әдеп бойынша кеңестің шешімі болды. Аталған шешімге сәйкес, Д.Т. Кусаиновтың әрекеттерінде тәртіптілік қылықты жасау орын алған, мемлекеттік қызметке кір келтіретін – заңнамамен қарастырылмаған кәсіпкерлік не басқа табыстан пайда табатын әрекетті жүзеге асыру, осы үшін талапкерге мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасының басшысынатолық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптілік жазалау салу ұсынылды. Жазалау салу туралы бұйрықты даулай отыра, талапкер мемлекеттік қызметке кір келтіретін қандай да бір тәртіптілік қылық жасамағанын көрсеткен.

Қабылдау комиссияның мүшесі бола тұра, толық көлемде орган және комиссия құзіреті шегіндегі міндеттерді атқарған. «Каражар-Южное» учаскесінің жөндеу бойынша жобасымен тапсырыс беруші тарапынан мердігер ұйымдармен құрылыс жұмыстарының технологиясы мен барлық қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын орындаубақылау қарастырылған, оның ішінде толық жөндеу барысында бұзылған жерлердің рекультивациясы. Бақылау тапсырыс берушінің меншік қажеттіліктерімен немесе басқа мамандандырылған кәсіпорындарды тартумен жүргізіледі.

Әр объектіде тапсырыс берушімен құрылыс саласындағы аттестацияланған сарапшылар – авторлық және техникалық қадағалау тартылған, олар құрылысмонтаж жұмыстарын жүргізуде қатысқан. Барлық жұмыстар жұмыс өндірісі журналындағы жазбалармен расталады, сондай-ақ жасырын жұмыстар актілері рәсімделеді. Актілер деректеріне сәйкес, жобамен қарастырылған барлық құрылыс-монтажды жұмыстар орындалған.

Сондықтан оларға қабылдау комиссиямен актілерге қол қойылған. Істің мән-жайынан, Үкімет резервінен бөлінген бюджет қаражаттары 2015 жылы автомобиль жолдарын қалпына келтіру шеңберінде, «Баянаул-Угольное», «дорога и подъезд к селу Бирлик», «Узынбулак-Тендык», «Каражар-Южное», «Кара-жар-Жанатлек-Новая Жайма», «Жанажол-Ескельды» автомобиль жолдары учаскілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бекітілген келісімнің талабын бұзуда, мердігер ЖШС «Сапа+» 769,4 мың теңге сомасына жеке жұмыс түрлері сапалы емес орындалған, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамамен қарастырылған жекелеген жұмыс түрлері орындалмаған,айналма жолды рекультивациялау және автожол жиектерін көп жылғы шөптермен себу. Жалпы орындалмаған жұмыс сомасы 1 341 000 теңгені құрады. Жобалау-сметалық құжаттамамен қарастырылып, жекелеген жұмыс түрлері орындалмаған, Каражар-Южное автомобиль жолының толық жөндеу барысында 3 519 900 теңге сомасына.

Аталған жұмыстар, жобалау-сметалық құжаттама талаптарынан орындау жұмыстары көлемінен ауытқуы бола тұра, мемлекеттік қабылдау комиссия мүшелерімен қабыданған.

Сонымен, сотпен өткізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде Д.Т. Кусаинов және басқа да қабылдау комиссия мүшелері: А.А. Бельгубаев., Б.У.Бижанов., С.Б. Маненов., О.Т. Тусупов., А.С. Саликовпен жіберілген бұзушылықтар анықталып, тәртіптілік жауапкершілікке тартылған. Сондықтан, талапкердің қандай да бір тәртіптілік жауапкершлікті жасамаған жөнінде уәжі негізді бас тартылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері»қаулысының күшінде жұмыс комиссиясының міндетіне белгіленен тәртіпте жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. Қабылдау комиссияның міндетіне бекітілген жобаның нормативтік талаптарын сақтау бойынша орындаушының әрекетін белгілеу немесе белгіленген мемлекеттік нормативтер тәртібінде олардың ауытқуы болуы мен келісілуі енеді.

Талапкердің жауапкермен қызметтік тексеріс өткізілмегені жайлы уәжі назарға алынған жоқ, себебі өкілетті тұлғамен Ұлттық комиссия, әдеп бойынша Комиссия, Аймақтық кадрлық комиссия немесе әдеп бойынша Кеңестің ұсынысы не материалдарын қарастыру Ережесінің 35 т. сәйкес, қызметтік тексеріс жүргізілмейді. Ұлттық комиссия, әдеп бойынша Комиссия, Аймақтық кадрлық комиссия немесе әдеп бойынша Кеңестің ұсынысына сәйкес өкілетті тұлғамен тәртіптілік жазалауды салу туралы шешім он жұмыс күн ішінде қабылданады.

Сондықтан, талапкерді тәртіптілік жауапкершілікке тарту туралы мәселесін қарастыруда бұзушылық жіберілмеген, осы орайда 2016 жылғы 23 желтоқсандағы Павлодар қалалық сотының шешімімен талап арызды қанағаттандыруда бас тартылған.

Сот шешімімен келіспей, Д.Т. Кусаинов апелляциялық шағымында бірінші саты соты шешімінің күшін жойып, қойған талаптарын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруын сұраған.

Оның пікірі бойынша, өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес тәртіптілік қылық жасамаған, мемлекетке зиян келтірмеген, онымен Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаған мердігер ұйымдарына жоққа шығарылмайтын дәлелдемелер жәрдемдесулер талапкермен ұсынылмаған және сотпен анықталмаған. 2017 жылғы 09 наурыздағы Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында 2016 жылы 4 шілдеде әдеп бойынша Кеңеспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңының 50 бабы 1 тармағы 5 тармақшасымен қарастырылған мемлекеттік сәулет бақылау Басқармасының басшысына Д.Т. Кусаиновқа толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптілік жазалау салынғанын көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 44 бабы 6 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға не қызметтен шығаруға әкеп соғады.

Бірінші саты сотымен толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптілік жазалаумемлекеттік сәулет бақылау Басқармасының басшысы Д.Т. Кусаиновқа әдеп бойынша Кеңестің шешімі негізінде салынғаны толығымен анықталды. Жұмыс берушімен тәртіптілік жазалауларды қолдану тәртібі, тәртіптілік жазалауларды салу мерзімдері сақталған. Жауапкермен тәртіптілік жазалауды салу процедурасы бұзылмаған. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес әдеп бойынша Кеңестің ұсынысы болған жағдайда қызметтік тексеріс талап етілмейді.

Бұдан басқа, Д.Т. Кусаиновпен бірге тәртіптілік жауапкершілікке қабылдау комиссияның барлық мүшелері тартылған. Аталған баптың нормасынан, Д.Т. Кусаиновқа салынған толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптілік жазалау құқықты, себебі жоғарыда көрсетілген құқық нормасына сай келеді. Істі қарастыруда және шешім шығаруда іс жүргізу құқық нормаларын, сот актісінің күшін жоюына немесе өзгетуіне сотпен жіберілмеген,осы орайда бірінші саты сотының шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қорытындылай келе, бұрын қалыптасқан сот практикасы, аталған заң талаптарын, сондай-ақ тәртіптілік жазалауларды салу реттеу тәртібін сақтамауын анықтаған жағдайларында дұрыс болып табылады және бұзылған немесе заңмен қорғалатын азаматтардың, мемлекеттің және ұйымныңзаңды мүдделері қорғауда, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту болып табылады.

Заңнамадағы өзгерістер негізінен қарастыру жолдарын өзгертпеген, тек заңмен кепіл еткен бұзушылықтарды анықтағанда жағдайларда және тәртіптілік жауапкершілікке тұлғаны тарту негіздері, жұмыс берушінің актілерізаңсыз деп танылып күшін жойған.

Нормативтік-құқықтық база

Аталған санаттағы істер бойынша еңбек дауларының субъектілері арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті, сөзсіз,

Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ оған сәйкес 2016 жылғы 01 қаңтарынан бастап қолданыстағы редакцияда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі),

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы), 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет туралы Заңы),

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 06 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Ережесі (бұдан әрі - Ереже),

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесі,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) болып табылады.

Бұл ретте ескере өтетін жайт, егер Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа ұлттық заңнамада мазмұндалғанға қарағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады.

Себебі азаматтық іс жүргізумен, сондай-ақ еңбек заңнамасымен халықаралық-құқықтық нормаларының ұлттық заңнамамен қақтығыс кезіндегі басымдылық бекітілген. Аталған санаттағы істерді қараған кезде соттармен қолданылатын,

Қазақстан Республикасы ратификациялаған негізгі халықаралық шарттар келесідей:

- БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы Заңымен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халыақарлық пакті;

- Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 13 маусымдағы № 7-1 Заңымен ратификацияланған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы және өндiрiстiк орта туралы» 1981 жылғы № 155 Конвенциясын бекiту туралы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңымен ратификацияланған Женевада 1947 жылғы 11 шілдеде Халықаралық Еңбек ұйымы Бас конвенциясының 30-шы сессиясы қабылдаған Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы конвенция (81-Конвенция);

- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 120-ІІ Заңымен ратификацияланған Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 14-сессиясы қабылдаған Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы конвенция (29-конвенция);

- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 184-V Заңымен ратификацияланған 1949 жылғы 1 шілдеде Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-сессиясында қабылданған Жалақыны қорғау туралы конвенция (95-конвенция);

- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі № 444-1 Заңымен ратификацияланған еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы 1958 жылғы Конвенция болып табылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы