Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Талап қою арызы “Авторлвқ құқықты және сабақтас құқықтар туралы” Заңды бұзғаны үшін өтемақы өндіру

Талап қою арызы “Авторлвқ құқықты және сабақтас құқықтар туралы” Заңды бұзғаны үшін өтемақы өндіру

 Талап қою арызы “Авторлвқ құқықты және сабақтас құқықтар туралы” Заңды бұзғаны үшін өтемақы өндіру туралы

 

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Внимание!

       Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.

      Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Талапкер:

“Авторлар әндерінің одағы”

Респцбликалық қоғамдық бірлестігі

БСН: 100340008274

Шымкент,Қайтпас м/а,Қаһарман көшесі 22

Ұялы тел. …………..

Байланыс телефоны: ………….

E-mail: ………….

Есеп шот: ………………………

“Қазақстан халық банкі” АҚ ОҚФ 

БИК: HSBKKZKX

 

Жауапкер:

Жеке кәсіпкер Н.Ж.Б..

ЖСН: ……………..

Шымкень қаласы,Қаратау ауданы,Б….. көшесі … үй

тел: …

 

Талап қою арызы

“Авторлвқ құқықты және сабақтас құқықтар туралы” Заңды бұзғаны үшін өтемақы өндіру туралы

 

ҚР “Авторлық құқық және сабақтастық құқцқтар туралы”Заңының 43 бабы негізінде “Авторлар әндерінің одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының аумағында өнер туындыларының авторлары,немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Авторлық құқықты және сабақтас құқықтар туралы”Заңының 16 бабынынң 2 тармағының 5 тармақшасына сай,туындыны жария орындау (көпшілік алдында орындау) автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары әрекеттерді жүзеге асыру,рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді.

Осы баптың 5 тармағйна сай,Авторлың немесе өзге құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың  әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар,оның мөлшері мен есептелу тәртібі авторлық шартпен сондай-ақ авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде  басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгіленеді.

ҚР “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 45 бабының 6 тармағына. сәйкес Қоғам өзі басқаратын құқық иеленушілермен акредиттелген куәлігі бойынша шарттар  жасаспаған құқық иеленушілер үшін сыйақы жинау мақсатында кез-келген заңды әрекеттерді жасауға тиіс.

Осф Заңның 45 бабының 6 тармағы  негізінде  Жарғының талаптарын орындау мақсатында,2022 жылы 24 ақпан сағат 22:31 шамасында Қоғамның ұжымдық басқаруындағы туындыларды Шымкент қаласы,Т…. м/а,Б…. көшесі 516 орналасқан “……” мейрамханасының караоке залындп автор Нурлан Джилкишевтың “Кешір ана” атты туындысын техникалық құрылғылар арқылы қолдана отырып көпшілік алдында пайдаланғаны анықталды.

Айта кеткен жөн,”Авторлар әндерінің одағы”РҚБ-гі бұл салада мемлекеттік уәкілетті және бақылаушы орган болып табылмайды.Сол себепті,заң бұзушылықты байқау (белгілеу) барысында азаматтарды сұрау,құжаттарды талап ету және азаматтардың жеке басын анықтауға құқылы емес.Ал,авторлық және сабақтас құқықтарының бұзылу фактілерін бейнетаспаға түсіру тәртібі туралы ҚР 1996 жылғы 10 маусымдағы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” N6-1 Заңында көзделмеген.

Сондықтан,Қоғам заң бұзушылықты  байқау барысында өз бастамасымен туындыны жалпы жұртшылық назарына жеткізуге және хабарлауға ықпал жасап жатқан техникалық құрылғыларды және заң бұзушылық орын алып жатқан ғимараттың атауын бейнетаспаға түсіруді заңды әрекет деп тапқан.Өйткені,ҚР АПК-нің 63 бабына сәйкес бейнежазба және туындыларды пайдалану оқиғасын белгілеу құжатты дәлелдеме болып табылады.

Осыған байланысты,Қоғамдық  бірлестіктің  өкілдері тарапынан заң бұзушылық “Samsung A51” атты ұлы телефонының бейнекамерасына  түсіріліп,туындыларды пайдалану оқиғасын белгілеу құжатын түзді.

Содан кейін,Туындыларды пайдалану оқиғасын белгілеу Құжаты түзілгеннен кейін,жеке кәсіпкер Нуралиева Жибек Бердибекованың тұрғылықты мекен жайына шарт жасасу немесе заң талалтарын бұзу анықталған жағдайда сот тәртібімен өтемақы өндірілуге жататындығы туралы 28.02.2022 жылы /101 санды ұсыныс-ескертпе жолдаоды.

Себебі,ҚР Азаматтық кодексінің 380 бабфнда азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті осы Кодексте,заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттеме шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда,шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді делінген.

Алайда,көпшілік алдында орындау,көрсету жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу жолымен автордың туындылары арқылы пайдалану бойынша ҚР Азаматтық Кодексі мен ҚР “Авторлық құқық және сабақтастық құқықтар туралы”Заңында шарт жасасу көзделген.

Атап айтқанда,

Кодекстің 966-бабына сәйкес интелектуалдық шағармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензнар)екінші тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығы лицензиялық шарт бойынша беріледі.

ҚР “Авторлық құқық және сабақтастық құқықтар туралы”Заңының 45-бабына сәйкес мүліктік құқықтарды ұжвмдық негізде басқаратын ұйым өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің атынан әрі олардан алынған өкілетті негізде мынадай қызметтерді атқаруға:

1)мұндай ұйым бақарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға;

2)сыйақы мөлшерін және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келісуге тиіс.

Алайда,жеке кәсіпкер Нуралиева  Жибек Бердинбековна Қоғамның ұсыныс-ескертпесінде көрсетілгее заң талаптарын сақтамастан,жалтаруда және сыйақы төлеуден бас тартуда.

ҚР “Авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы”Заңының 49 бабына сәйкес:

1.Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот

1)құқықтарды тану;

2)құқық бұзылғанға дейін жағдайды қалпына келтіру;

3)құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттерді тыю;

4)айырылып қалған пайданы қоса алғанда шығындардың орнын толтыру;

5)құқық бұзушы авторлық және(немесе)сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.

Заңның 49 бабының 1 тармағының 6 тарамқшасына сай,Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын  бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негіздеое отырып айқындалатын,туяндыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Аталған баптың 7 тармағы бойынша осф тврмақтың 4),5) және 6)тармақшаларында көрсетілген шаралар құқықиеленушінің таңдауы бойынша қолданылады.

“ҚР 2021-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңының 8 бабының 1 тармақшасына сәйкес, 01.01.2022 жалдан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3063 теңге болып белгіленеді.Сондықтан, “Авторлар әндернінің одағы” РҚБ-гі көпшілік алдында туындыны заңсыз пайдаланғаны үшін құқықбұзушыдан 306 300 теңгеден  45 945 000 теңгеге дейін өтемақы өндіру туралы талап етуге құқылы.Айтылған мән жайларды аытордың құқықтарының төлеуден жалтарып отырған пайдалпнушыдан пайдаланған туынды үшін заңда,көрсетілген өтемақының 15 000 АЕК мөлшерінде,яғни 3 063 х 15 000 АЕК = 45 945 000 теңге өтемақы төлеуін жөн деп санаймын.

Сонда,жеке кәсіпкер Н.Ж.Б. пайдаланған 1 (бір)  туынды  бойынша 45 945 000 (қырық бес миллион тоғыз жүз қырық бес мың) теңге өтемақы өндірілуге жатады.

“Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын соттарлың қолдануы туралы” ҚР Жоғары Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N11 Ноомативтік қаулысының (әрі қарай Нормативтік қаулы) 29 тармағына сай,бұзылған авторлық немесе сабақтас құқықтарды қорғау туралы істер қаралғанда,АІЖК 65-бабына сәйкес,талапкер өзіне тиесілі құқықтарды жауапкердің заңсыз пайдалану фактісін,ал жауапкер авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісіне қатысты орындаушының,фонограмма жасаушының немесе эфирлік және кабельдік хабарлап ұйымының құқықтарын бұзбағанын дәлелдеуге міндетті.Олай болмаған жағдайда жауапкер  авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзушы болып танылып,азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы тиіс делінген.

Жауапкердің Нормативтік қалулының 29 тармағына сай авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзушы ретінде өтемақы төленуіне Қоғамдық бірлестіктің өкілдері тарапынан “Samsung A 51” атты ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріліп Туындыларды пайдалану оқиғасын белгілеу Құжаты негіз болып табылады.

Өз тарапынан автор Н. Д. “Кешір ана” атты туындысын 01.11.2009 жылы #02/09 санды шартпен жеке кәсіпкер Н.М.Енжановқа берген.Өз кезегінде құқықиеленуші ЖК Н.М.Е… 26.03.2010 жылы #8 санды шартпен “Авторлар әндерінің одағы” РҚБ-не ұжымдық негізде басқаруға берген.

“Авторлар әндерінің одағы” РҚБ-гі басқаруға берген шарттың негізінде “Авторлық құқық жәнесабақтас құқықтар туралы” ҚР заңына сай бұзылған құқық бойынша өтемақы өндіру үшін сотқа жүгінуге міндетті.

Салық Кодексінің 616 бабының 1 тармақтық 2 тармақшасына сай,талапкерлер-аыторлар,және ұжымдық негізбе олардың мүліктік құқықтарының басқарушы ұйымдар бойынша соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату көзделген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде,ҚР АПК 148,149 баптарын басшылыққа ала отырып,

                          СҰРАНАМЫН:

1.Жеке кәсіпкер Н.Ж.Б. «Авторлар әндерінің одағы” РҚБ-нің пайдасына 15 000 АЕК,яғнИ 45 945 000 (қырық бес миллион тоғыз жүз қырық бес мың) теңге көлемінде өтемақы өндіруіңізді.

2.Жеке кәсіпкер Н.Ж.Б. техниқалық құрылғылар арқылы көпшілік алдында келісім шартсыз авторлық және сабақтас құқықтарды пайбаланғаны үшін,Заңның 49 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес құқықты бұзптын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттерді тыю мақсатында техникалық құрылғылар арқылы көпшілік алдында аыторлар құқықтарын пайдалпнуға тыйым салуды.

 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Адвокат Алматы Юрист Адвокат Казахстан Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские дела споры Уголовные дела Защита Административные дела споры Арбитражные дела споры Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела