⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шаралар

Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шаралар

Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шаралар

Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шаралар

 

Президенттің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306, 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 жарлықтарына сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді, ол 2020 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылды.

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Президенттің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын орындау үшін Үкіметтің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі бекітілді, ол 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды.

Арнайы тәртіп дағдарыстық жағдайлар кезеңінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Арнайы тәртіптің 9-1-тармағына сәйкес жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе өнім беруші төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда, Тапсырыс беруші осындай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шаралар қабылдамайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 9 қаулысымен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша № 1 түсініктеме берілді.

Атап айтқанда жалпы отырыс «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындау туралы» Үкіметтің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 қаулысы Тапсырыс берушіге: 1) өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы; 2) айыппұл санкцияларын өндіріп алу туралы талаптар қоюға тыйым салатынын түсіндірді.

Тапсырыс беруші осындай талапты қойған жағдайда судья азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын ретінде талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.

Соттар нормативтік актілердің жоғарыда көрсетілген ережелеріне сілтеме жасап, талап қою арызын қабылдаудан бас тарта отырып, міндеттемелердің орындалмауы өнім берушіге байланысты емес мән-жайлардан  туындағанын заң тұрғысынан көрсеткен, өйткені өнім берушінің міндеттемелерін орындау мерзімі ТЖ кезеңінде (2020 жылғы 16 наурыздан 11 мамырға дейін) болған.

Сонымен бірге сот практикасында апелляциялық сатыдағы сот талап қоюды қабылдаудан бас тарту туралы сот ұйғарымының күшін негізсіз жойған және істі мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберген жекелеген жағдайлар кездесті.

Мәселен, 2020 жылғы 23 шілдеде Жамбыл облыстық соты судьясының ұйғарымымен «ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-нің «Platinum Group KZ» ЖШС-ға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы тала қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы Жамбыл облысы МАЭС-тің 2020 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымының күші жойылған.

Судья ұйғарымның күшін жою негіздемесінде  тараптар арасындағы шарт 2020 жылғы 13 сәуірде 2020 жылғы 4 мамырға дейін орындау мерзімімен жасалғанын, төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталғанын көрсеткен. Алайда жауапкер шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған,  міндеттеменің төтенше жағдайға байланысты орындалмауына дәлелдемелер ұсынбаған.

Соттың мұндай уәжі жоғарыда көрсетілген Үкімет қаулысының талаптарына және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының түсіндіруіне айқын сәйкес келмейді.

Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың 2020 жылғы 2 қарашадағы ұйғарымымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Сот қойылған талаптың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтынын заң тұрғысынан көрсеткен, өйткені міндеттемелерді орындамау өнім берушіге байланысты емес мән-жайлардан туындады, ал өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімі төтенше жағдай кезінде болған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.