Тасымалдау келісім-шарты бойынша келісім-шарт міндеттерін орындауымен және келісімшартты (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзуымен байланысты даулар
Бұл санаттағы істерді шартты түрде талап арыз нысаны бойынша келесі түрлерге бөлуге болады:
- тасымалдаушының жүк жөнелтушіге жүктерді тасымалдау жоспарын орындамаған үшін есептелген айыппұл санкцияларын өндіріп алу туралы талап арыздар бойынша;
- тасымалдау келісімшарты бойынша міндеттемелерді тиісті орындамауымен байланысты қарызды өндіріп алу туралы;
- тасымалдау келісімшарты бойынша міндеттемелерді тиісті орындамауымен байланысты тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы;
- вагондармен пайдаланған үшін ақыны өндіріп алу туралы.
Талапкермен осы санаттағы істер үшін заңмен белгіленген міндетті сотқа дейінгі дауды шешу тәртіп сақталмаған және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған. Бұдан басқа, бірінші саты сотымен оның қаралуына жатпайтын дау АПК талаптарын бұзуда қарастырылған.
Бірінші саты сотымен 20.10.2014 жылы «ВИСМ» ЖШС «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компания» АҚ-на 296 003 теңгені вагондардың бос тұрғаны үшін өндіріп алу талап арызы қанағаттандырылған. Қарағанды облыстық соты апелляциялық сот алқасының 19.02.2015 жылғы қаулысымен талап арызды қараусыз қалдыруымен сот шешімі күшін жойған.
АПК 249-бабының 1- бөлігіне сәйкес, талап қоюшымен осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса. АК 706-бабының 1 тармағына сәйкес, тасымалдаушыға жүктi тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейiн оған көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгентәртiпте талаптар қойылуы мiндеттi.
Бұдан басқа, бірінші саты сотымен қарастырылған дау АПК 33-баптың 3- бөлік талаптарын бұзуда тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады, яғни талапкерге талап арызды Астана қ. тиісті сотына түсіру қажет еді, тасымалдаушы-жауапкер «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компания» АҚ орналасу мекен-жайы бойынша.
Сот іс бойынша іс жүргізуді қысқартады, егер іс бойынша тарап болатын ұйым қызметі қысқартылған және құқықтық мирасқордың болмауына байланысты.
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компания» АҚ» сотқа «Машресурс» ООО вагондардың бос тұруы нәтижесінде келтірілген залал 32 607 276 теңге сомасын өндіріп алу және вагон-цистерналармен өз еркімен алып алған станциялық жолдарды босатуға міндеттеу туралы талап арызымен жүгінген.
АПК 247-бабының 6-тармақшасына сәйкес іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. 04.11.2015 жылға жағдайы бойынша заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік реестрінен РФ Ростов облысы Таганрог қ. бойынша Федералды салық қызметінің Инспекциясынан «Машресурс» ООО қызметі қысқартылған 20.05.2014 жылы жойылуы туралы жазбасы енгізілген, құқықтық мирасқорлығы туралы мәліметтер жоқ.
Осы орайда, 2015 жылғы 15 желтоқсандағы Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компания» АҚ» сотқа «Машресурс» ООО вагондардың бос тұруы нәтижесінде келтірілген залал сомасын өндіріп алу және вагон-цистерналармен өз еркімен алып алған станциялық жолдарды босатуға міндеттеу туралы талап арызы азаматтық іс қысқартылған.
Апелляциялық саты соты дұрыс шешім мәні бойынша негізін өзгертті – талап мерзімі өтуінен арыз талаптарының дәлелсіздігіне
АК 706-бабының 2-тармағына сәйкес жүк тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi бiр жыл деп белгiленедi.
Осы негіз бойынша Павлодар облысының МАЭС «Богатырь Транс» ЖШС-не залалды өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандыруда бас тартылды. 20014 жылғы 28 қазандағы Павлодар облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен аталған шешім өзгертілді, шешімнің дәлелдеу бөлігінен талап қою мерзімі өтіп кеткендіктен талап арызды қанағаттандырудан бас тарту қажеттілігі көрсетілген.
Апелляциялық саты соты бас тарту негізі ретінде арыз талаптарының дәлелсіздігін көрсеткен. Шағымдалған шешімді тексерген кезде, АПК 345-бабына сәйкес апелляциялық сатыдағы сот талап арызды қанағаттандыруда бас тарту қажет деген қорытыныдысы толық көлемде мәні бойынша дұрыс, алайда сот бұл шешімді дұрыс дәлелдей алмаған.
Сот алқасы өз қаулысында талап қою мерзімі өтіп кеткен негізі бойынша талапты қанағаттандыруда бас тарту қажет, егер талаптар негізделген болса, яғни талап қою мерзімі шегінде өтінгенде қанағаттандыруға жатады. Бұл жағдайда сот арыз талаптарының дәлелдігіне баға бермеген.
Сонымен бірге іс материалдарынан апелляциялық шағым уәждері арыздың дәледігі негізсіз екенін айқындалды. Келісімшарттың 7.4.3. тармағынан тасымалдау жоспарын бұзғаны үшін жауапкер айыппұл түрі ретінде талапкерге өтеуге міндетті екенін тура көрсетілген, егер бұл жауапкердің вагондарды ұсынбау үшін кінәсі бойынша болса.
Не жауапкердің кінәсі, не тиелуге ұсынылған вагондардың тиесілігі анықталмаған. Апелляциялық алқа сотқа ұсынылған дәлелдемелерден қорытынды жасауға болмайды деп санады: жауапкердің вагон санында келіспеушілік бар, оларды жауапкер тасымалдау үшін ұсынуға міндеттелген (тараптармен келісілген өтінімдерде және т.б.) және нақты ұсынылған; жауапкердің кінәсі бойынша жетіспейтін вагондар жайлы.
Талапкер АПК 65-68-бап (1999 ж. редакциядағы) талаптарын бұзуда осы дауды шешу үшін сотқа ешқандай маңызды қатысты және шынайы дәлелдемелерді ұсынбаған. Сонымен, бірінші саты соты мәні бойынша дұрыс шешімді негіздеуде, іске маңызы бар жағдайлардың дәлелсіздігіне жол берген және материалдық заңнаманы дұрыс қолданбаған. Осы орайда, апелляциялық саты соты мәні бойынша дұрыс шешімді қабылдауды өзгертті. Ұсынылған қызметтер үшін қарызын өндіріп алу туралы талаптар даусыз, себебі төлем тәртібі келісімшартепн регламенттелген.
Әдете, тараптар арасында өзара есеп айрысу актісіне қол қойылады, клиент актіде көрсетілген қарыз сомасымен келіседі. Осы жағдайларда, тараптар бітімгершілік келісімге келеді немесе істер арыз талаптарын қанағаттандыруымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарастырылады.
Мәселен, Павлодар облысының МАЭС қарастырыған екі іс бойынша, ЖК В.В.Анисенкованың «Стандарт-1» ЖШС-не және ЖК Лубенскийдің «Стандарт-1» ЖШС-не көлік қызметін көрсету келісімшарты бойынша қарызды және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша шешімдер талап арызды қанағаттандыруымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарастырылған.
2 іс бойынша: ЖК А.М.Воробьевтың ЖК Еленчук, ЖК С.В. Лебедевтің ЖК Еленчукке халықаралық және республикалық тас жолдарында көлік қызметін көрсету келісімшарты бойынша қарызды және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша даулар бітімгершілік келісімді сотпен бекіту және жасасу арқылы шешілген.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚтасымалдау жоспарларын орындамаған үшін қойылатын айыппұл санкциялары жүк тиеушіден өндіріледі, регресстік тәртіпте вагондардың уақытылы беру, жинауын қамтамасыз етпеген вагон операторынан өндіріледі.
Вагондарды пайдаланған үшін ақы
Қазақстан Республикасының «Көлік туралы» Заңының 10-бабы жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдар кезінде тасымалдаушылар және көлік кәсіпорындары қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа) белгiленедi. Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы «Темір жол көлігі туралы» Заңының 49-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне:1) тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде болған бүкіл уақыты үшiн енгізіледі.
Шығыс-Қазақстан облыстық соты судьяларының пікірі бойынша, баяндалған сот практикасы талдауында тасымалдаушыға тиесілі емес вагондармен пайдаланған үшін, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған теміржол көлігінде табиғи монополия субъектісінің тек басқа атауымен вагондармен пайдаланған үшін ақының жеке бір түрі, болып табылады.
Мұндай қорытындының негізіне Шығыс-Қазақстан облыстық соты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңының 4-бабына сілтеме жасайды, оған сәйкес Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар): мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау.
«Теміржол көлігі туралы» Заңының 40, 41 тармақтары магистральдық теміржол желісі – халықаралық және республика ішілік теміржол қатынастарын қамтамасыз ететін, өзара жалғасқан магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi өзге де объектілер жүйесі. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері – поездарды өткізу мен олардың қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдаланумен байланысты, Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларға көрсететін қызметтер.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7-1 бабының күшінде бағаларды мемлекеттік реттеу электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы»және «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ және теміржол көлігі саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
Уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.
Келтірілген құқық нормаларынан ШҚО соттары мемлекет тасымалдаушыға тасымалдаумен байланысты еркін (келісімді) тарифтерін өзі жеке белгілеу құқығын ұсынады, сонымен бірге магистралды теміржол желісі қызметіне бағаларды реттеу түрінде шектеуді қарастырады деген қорытындыға келеді.
Мәселен, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ жүк жөнелтушілер мүліктік вагондардың тиелуіне берілген сәтінен бастап тиелген вагондарды тасымалдауға дейінгі төлеуге міндеті.
Бұл талаптар келесі құқық нормалары мен дәлелдемелеріне негізделген: - ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңының 49-бабының1-тармағы 1- тармақшасы вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне:
тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілер, яғни бұл норма жүк жөнелтушіні ақыны төлеуге міндеттейді;
- «ҚР көлік туралы» заңының 10-бабында, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдар кезінде тасымалдаушылар және көлік кәсіпорындары қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа) белгiленедi.
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн;
- 2004 жылғы 31 тамызда № 440-Ц «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтік басшылықта (Прейскурантта) (3 бөлігі).
Вагондармен пайдалану келісімін жасасудың дәлелдемесі ретінде тасымалдаушы жауапкермен тасымалдауға өтінім беру және осы өтінімдерді орындау фактісі, жүк тиеуге вагондарды беру және осы вагондарды тасымалдауға қабылдау туралы құжаттарымен расталған деп санаған.
АК 152-бабының 3 тармағы, 394-баптың 2-тармағы және 396-баптың 3- тармағының тәртібінде жазбаша мәмілеге екi жақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
Тараптардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi. Егер шарт жасасу жөнiндегi жазбаша ұсыныс осы Кодекстiң 396-бабының 3-тармағында көзделген тәртiп бойынша қабылданса, шарттың жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.
Бұл жағдайда, жоғарыда аталған Заңның 49 бабы 1 тармағы 1, 2 тармақшалары және АПК 71 бабының 5 бөлігі 2 тармақшасы күшінде жауапкер вагондарды пайдаланғаны үшін тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған (тоқтап тұрған, кiдiртiлген) уақыты үшiн төлейді.
Тиеуге инвентарлық парк вагондарын ұсынуға тапсырыс беруі мұндай келісім-шарт жасауға оферта болып табылады, ал талапкермен тапсырысты қабылдап оны орындауы – келісім-шарт бойынша орындау әрекеттері болып табылады.
Тараптар қызмет көрсету бағасын алдын ала қарастырмаса, АК 385 б. 3 т. күшінде келісімді орындау, әдетте осы тәріздес қызметтер үшін төленетін бағамен төлену тиіс. Бұл жағдайда, осы қызмет түрі барлық клиенттерге көрсетілетін «КТЖ» АҚ ресми түрде белгіленген тарифтер болып табылады. Вагондармен пайдалану бойынша қызмет түріне тараптармен заңмен белгіленген түрде мәміле жасалған, осы мәмілелер бойынша қызмет ақысы талапкермен белгіленген тарифтер есебімен төленуге тиіс. Көрсетілген құқық нормаларының жиынтығы вагондармен пайдалану келісімін жасауға және тасымалдаушымен осы қызмет ұсынған үшін тарифті белгілеу үшін шынымен құқықтық негіз болвп табылады, ал ұсынылатын жазбаша құжаттардың жиынтығы мұндай келісімшартты жасау дәлелдемесі деп бағаланады.
Сонымен бірге, жүк жөнелтушінің (қарастырылған істердің көпшілігі бойынша жауапкер ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС болды) ақы төлеуге негіз жоқ туралы фактісі қолданыстағы заңнама нормаларына (бірақ тасымалдаушымен қолданбайтын) сәйкес келеді. Жүк жөнелтуші тасымалдаушы құқық нормаларын іріктеп қолданатынын көрсетеді.
«Темір жол көлігі туралы» Заңның 49- бабының 1 тармақ мазмұнынан Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны және теміржолдарда жылжымалы құрамның бос тұрғаны (тоқтап тұрғаны, кідіртілгені) үшін төлем, вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне, сонымен вагондарды пайдалану келісмішартын жасасуда балама қарастырылған, заңнамада келісімшартта аталған қатысушылардың қайсысы үшін жасауға міндетті екені көрсетілмеген.
Сондықтан, жүк жөнелтушінің келісімшартты бекітусіз (жүк жөнелтушіде, жүк алушыда немесе тармақ иеленушіде) екенін анықтау мүмкін емес деген уәжі АК 380-бабы мен аталған нормаға сілтемесі негізді.
Тасымалдаумен байланысты басқа төлемдер мен жинаулар осы Ережемен және тасымалдаушының Тарифтік басшылығымен (прейскурантымен) орнатылатын нұсқаулықтары жүктерді тасымалдау Ережесінде көрсетілген.
АК 696-бабының тәртібінде тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүк тиеуге қабылданған өтiнiмде (тапсырыста), тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде тиiстi жүкті тасымалдауға жарайтын күйінде ақаусыз көлiк құралдарын беруге мiндеттi (осы тәріздес норманы «Теміржол көлігі туралы» Заңының 45-бабы берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау ережелерiне сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс).
Осы нормалар күшінде вагондарды жүктиеуге (яғни, вагондармен пайдалану кезеңі) тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осыдан туындайтын құқықтар мен міндеттер тараптардың тасымалдау келісімшарты бойынша құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Жоғарыда аталған жүк жөнелтушінің уәждерінен, вагондарды тиеуге беру тасымалдаушының тасымалдау келісімшарты бойынша міндеті болып табылады, сондықтан басқа жеке келісім бойынша жеке қызмет бола алмайды. Жоғарыда келтірілген уәжді қарастыруда (жүк тиеуге вагонды беру тасымалдаушының міндеті болып табылады) сонымен бірге теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметі үшін вагондармен пайдалану болып табылатынын ескеру қажет.
Себебі, төлем тарифтері тасымалдаушының өзімен белгіленеді, заңнамада келесі қарама-қайшылық фактісін көрсету керек:
АК 696-бабының тәртібінде тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүк тиеуге қабылданған өтiнiмде (тапсырыста), тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде тиiстi жүкті тасымалдауға жарайтын күйінде ақаусыз көлiк құралдарын беруге мiндеттi – сондықтан осы міндетті орындау үшін ақыны тек тасымалдаушы тасымалдау келісім негізінде талап ете алады. Жүктi тиеудi (түсiрудi) көлiк ұйымдары мен жүк жөнелтушi (жүк алушы) көлiк туралы заң актiлерiнде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленген талаптарды сақтай отырып, шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады. жоғарыда аталған тариф тасымалдаушымен енгізілмеуі тасымалдаушының жіберіп алуы болып табылады және оны төлем талап ету құқығынан айырады.
ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңының 49-бабының1-тармағы 1-тармақшасы вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне:
тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде болған бүкіл уақыты үшiн; жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің кінәсінен магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған (тоқтап тұрған, кiдiртiлген) уақыты үшiн төлейді.
Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.
Төлемнің мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Сондықтан тасымалдаушы мемлекетпен реттелінетін тасымалдау тарифы құрамына мұндай пайдалану үшін ақы енгізуге құқылы емес, ал тасымалдаушының міндетін орындауын ол тасымалдаушы емес, келісімшарт жасасқан қызмет көрсетуші ретінде орындайды.
Аталған жағдайдан шығу жолы, біздің пікіріміз бойынша тек заңнамада аталған нормалардың бірін – АК 696-бабын не «Теміржол көлігі туралы» Заңының 49-бабына өзгеріс енгізу мүмкін.
АК жалпы нормаларымен тасымалдаудың арнайы нормаларын – «Теміржол көлігі туралы» Заңның 49-бабын (қажет болғанда, басқа да онымен байланысты теміржол көлігі туралы заңнама нормаларын) сәйкестендіру қажет деп санаймыз.
Нормативті-құқықтық база
АК 3 бабына және АК 688 бабының 2 тармағына сәйкес АК нормаларымен қатар көлік туралы заңнамалық актілер, осы ережелерге сәйкес шығарылған басқа да заңнамалық актілер қолданылады. Сонымен көлік заңнамасы жүйесін құрастыратын, тасымалдау шартының нормативтік актілер жиынтығымен реттелетін жалпы шарттар қағидасы қарастырылған.
Ол
а) көлік түріне байланысты емес, көліктің құқықтық реттеудің жалпы мәселелерін белгілейтін азаматтық заңнама нормаларынан,
б) арнайы көліктік заңнама нормаларынан құрастырылады. Жалпы заңнама қатарына азаматтық, әкімшілік, қаржы, салықтық, процестік құқық нормалары жатады.
Мәселен, АК тасымалдау бойынша тараптардың жауапкершілігін белгілейді, талап арыз және т.б. мәселелерін шешеді.
АК 3 бабының 2 тармағына сәйкес азаматтық заңнама нормасы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қамтылған нормалары осы Кодекстiң ережелерiне қайшы келген жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Көліктік заңнама жүйесін құрайды:
1) көлік туралы заңнамалық актілер;
2) басқа заңнамалық актілер;
3) заңнамалық актілерге сәйкес шығарылған Ережелер.
Тасымалдау қатысушыларының құқықтық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөлімі, әрі қарай - АК),
Қазақстан Республикасының азаматтық процесстік Кодексі (әрі қарай- АПК),
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңы,
«Темір жол көлігі туралы» Заңы, 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы,
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2271 Жарлығымен 1956 жылғы Халықаралық жүк тасымалдау шарты туралы Конвенциясы және тасымалдаудың жеке мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер, cондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (2001 жылғы 13 желтоқсандағы №21 «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы»;
2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы»;
2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы») нормативтік қаулылары болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы