⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тіркеуден бас тартылған немесе бағалы қағаздардың заңсыз тіркеуімен байланысты даулар

Тіркеуден бас тартылған немесе бағалы қағаздардың заңсыз тіркеуімен байланысты даулар

Тіркеуден бас тартылған немесе бағалы қағаздардың заңсыз тіркеуімен байланысты даулар

Тіркеуден бас тартылған немесе бағалы қағаздардың заңсыз тіркеуімен байланысты даулар

             Осыған байланысты бағалы қағаздардың заңсыз тіркеуімен немесе тіркеуден бас тартылған бағалы қағаздар бойынша даулармен байланысты азаматтық істерді қарау кезінде заңды дұрыс қолдануға бағытталған теориялық мәселелер талданды.

Бағалы қағаздарды тіркеумен байланысты – тіркеуден бас тарту немесе заңсыз тіркеумен байланысты мән – жайлар Қазақстан Республикасының әрекет етуші «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңымен негізделеді. Аталған заңның 1-Тарауының 1-б. аталған санаттың істерін шешуге қажетті кейбір маңызды анықтамалар берілген.

Бағалы қағаз – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы.

Бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу.

Бағалы қағаздардың қайталама нарығы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi – белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер.

              Бағалы қағазды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры.

Бірыңғай тіркеуші - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым.

Жеке шоттардың бiрыңғай жүйесi – жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтер жиынтығын көрсететiн, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы.

Кастодиан – қаржы құралдары мен клиенттер ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы.

Номиналды ұстауды есепке алу жүйесi – номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер.

Орталық депозитарий – Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым.

Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi – депозитарлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы.

Тiркеушi – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргiзудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi – уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы.

Тіркеуден бас тарту немесе дұрыс тіркеумен байланысты бағалы қағаздар бойынша дауларды шешу кезінде Қазақстан Республикасы Заңының 12-тарауы – Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет ережелерін басшылыққа алу қажет.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеушінің қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметінің тәртібі осы Заңның 65-бабының талаптарына сәйкес белгіленеді.

Уәкілетті орган, қор биржасы және орталық депозитарий ғана бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

Бірыңғай тіркеушінің органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың құрылу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен, бірыңғай тіркеушінің жарғысымен және ішкі құжаттарымен айқындалады.

Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.

Осы заңның 54-бабының талаптары бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.

  1. Бірыңғай тіркеуші:

1) ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуына;

2) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты сақтау үшін резервтік орталығының болуына;

4) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жыл сайын аудит өткізуге міндетті.

  1. Бірыңғай тіркеуші:

1) қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы емес.

Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.

Бұл талап осы Заңның 80-бабының 3-1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарийге қолданылмайды. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 64-2-бабымен бірыңғай тіркеушінің Ережелер жинағы белгіленген, ол бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен өзара қарым-қатынасын анықтайтын оның ішкі құжаты болып табылады.

Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын сақтау бірыңғай тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.

Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы және оған өзгерістер мен толықтырулар олар уәкілетті органмен келісілгеннен кейін күшіне енеді:

Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы:

 1) эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерімен, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларын;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу қағидаларын;

3) эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидаларын;

4) бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілік табыс ету қағидаларын;

5) бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуға тиіс. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібіҚазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 65-бабымен көзделген.

Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді осы Заңға, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің ішкі құжаттарына және эмитентпен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу шартына сәйкес жүзеге асырады.

 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты міндетті болып табылады. Эмитент туралы, эмитент шығарған бағалы қағаздар, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың жеке шоттары бойынша тіркелген операциялар туралы мәліметтер және басқа да ақпараттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілуге тиіс.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібі, жеке шоттардан үзінді көшірмелердің нысандары мен оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Тiркеушiнiң функциялары:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау;

2) тiркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесінде жеке шот ашу;

3) тiркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу;

4) тiркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарын растау;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сайма-сай қалпында ұстау;

6) қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар санының уәкiлеттi орган тiркеген санына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;

7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткiзуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;

8) эмитенттiң сұратуы негiзiнде оған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпарат табыс ету;

9) осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын мәлiметтер алуға құқығы бар мемлекеттiк органдарға ақпарат табыс ету;

10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де функциялар болып табылады. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу Заңның 67-бабына сәйкес жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.

Тіркеушімен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шартты жасау туралы шешім эмитент жарғысымен белгіленгеноның құзыретімен сәйкес эмитент органымен қабылданады. Аталған шешімде эмитент атынан шарт жасауға қатысуға оған қол қоюға уәкілетті тұлғалар көрсетілуге тиіс.

Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес. Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасқан кезде эмитент тiркеушiге мынадай құжаттарды::

1) эмитент органының тіркеушіні таңдау және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шартты жасау туралы шешімі;

2) жарғының көшiрмесiн;

3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;

4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпаратты алу және шарттың талаптарын орындау кезiнде құжаттарға қол қою құқығы бар эмитент өкiлдерiнiң, эмитент мөрiнiң (ол болған кезде) бедерi бар қолтаңба үлгiлерiнiң карточкасын ұсынуға мiндеттi.

Бұл карточка нотариаттың куәландыруына жатады. Аталған қатынастар бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бағалы қағаздар нарығын бақылау жөніндегі комитеті болып табылады.

Нормативтік құқықтық база.

Бағалы қағаздардың жалпы түсінігі Азаматтық кодекстің 129-бабында беріледі, 1-тармаққа сай, бағалы қағаз мүліктік құқықты растайтын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы.

Бағалы қағаздарға құқықтардың пайда болуына, өзгеруіне, жоғалтуына басқа да заңдық тұрғыдан белгіленген талаптар, олардың айналымы және т.с.с. АК 3-тарауының 2 параграфында келтірілген (азаматтық құқықтардың нысандары).

Акциялар да бағалы қағаздар болып табылатындықтан, олардың айналымы бойынша даулар АК 2 - тарауының (Азаматтқ құқықтардың субъектілері) 2 - параграфының III –бөліміне (Акционерлік қоғам) сәйкес шешілуі тиіс.

Нақтырақ және егжей-тегжейлі талаптар 13 мамыр 2003 жылғы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» №145 Заңында келтірілген. Аталған Заңның 4-тарауы қоғамның акциялары мен басқа да бағалы қағаздары туралы жалпы ережені белгілейді.

Акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы біртекті қолдану Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану туралы» Нормативтік қаулысының мәні болып табылады.

Акцияларды сатып алу, сату, олар бойынша дивидендтер алу мәселелері аталған қаулының 6, 8-11-тармақтарымен шешілген.

Аталған мәселе бойынша негізгі нормативтік акт – 2 шілде 2003 ж. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» №461 Заңы, ол эмиссиялық бағалы қағаздардың және де басқа қаржы құралдарының шығаруы, орналастыру, айналымы және төленуі процесінде туатын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің құрылу және қызмет ерекшеліктерін реттейді, бағалы қағаздар нарығының қауіпсіз, ашық және тиімді жұмыс жасауын, инвесторлар және бағалы қағазды ұстаушылардың құқықтарын қорғауды, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының әділ бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеуді бақылауды және қадағалауды анықтайды.

Аталған нормативтік актілерден басқа бағалы қағаздар айналым мәселесі бойынша уәкілетті органның бірқатар актілері – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулылары бар, олар бағалы қағаздармен байланысты, олардың қозғалыстарымен, тіркеуімен, олармен жұмыс істеу үшін кадрларды дайындау және аталған салада екінші деңгейлі банктердің қызметтерін ұйымдастырумен байланысты түрлі мәселелерді реттейді.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу