Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Публикации / ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

Первый канал Евразия телеарнасы Қайырлы таң / Доброе утро бағдарламасында сұхпат бердім, онда Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны болдырмау өйткені осы жағдай еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Зорлық-зомбылық өткір әлеуметтік проблема ретінде жәбірленушілердің өздеріне әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге жалпы қоғамдық тұрақтылыққа және әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіруде.

ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

Төменде жоғарыда аталған тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Әкімшілік және Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын баптардың тізімі оқырманға көрсетілген.  

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

  73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

  1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабыныңекінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi. Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

  1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер – ескерту жасауға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

  1. Осы баптың бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

  1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабыныңекінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескерту. 10-тарау 73-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 73-2-бап. Ұрып-соғу

  1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер – ескерту жасауға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

  1. Осы баптың бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

  1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабыныңекінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.  

ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

  101-бап. Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру

  1. Жәбiрленушiнiң зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған адам өлтiру –

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мән-жайлар кезiнде жасалған, екi немесе одан да көп адамды өлтiру –

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру – екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   104-бап. Абайсызда қазаға ұшырату

  1. Абайсызда қазаға ұшырату –

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату –

бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу

  1. Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу –

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Мынадай:

1) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты; 2) екі немесе одан көп адамға қатысты; 3) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы немесе қылмыстық топ жасаған; 4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер –

үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Мынадай:

1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты; 3) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан; 4) аса қатыгездікпен; 5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша; 7) бұзақылық ниетпен; 8) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; 9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында; 10) бірнеше рет; 11) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 12) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру

  1. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Мынадай:

1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты; 3) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты; 4) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған; 5) бұзақылық ниетпен; 6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; 7) бірнеше рет; 8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   110-бап. Қинау

  1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса, –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Мынадай:

1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты; 2) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты; 4) азаптауды қолдану арқылы; 5) жалдау бойынша; 6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет – төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауыр балағаттаудан не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қайшы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.   112-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

  1. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.   114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру

  1. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру –

сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

  1. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру –

бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

  1. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ

     Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы