⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тыйым салынған заттарды жою туралы талап-арыздар бойынша азаматтық істер

Тыйым салынған заттарды жою туралы талап-арыздар бойынша азаматтық істер

Тыйым салынған заттарды жою туралы талап-арыздар бойынша азаматтық істер

Тыйым салынған заттарды жою туралы талап-арыздар бойынша азаматтық істер

               Атап айтқанда, № 2-10239 азаматтық іс бойынша 2015 жылдың 14 қаңтарында шығарылған шешім бойынша «ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің УК 161/1 мекемесі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің сотталған Темиров Жаик Еркебулановичке қойған 36 дана қолдан жасалған ойын карталары түріндегі тыйым салынған заттарды жою туралы талап-арыз толығымен қанағаттандырылған. Сот, істі мәні бойынша қараған кезде 13.08.2014 жылғы қызметтік тергеудің жадығаттарын зерттеген. Оның нәтижесінде сотталған Ж.Е. Темиров тыйым салынған заттарға жататын 36 дана қолдан жасалған ойын карталарын жасағаны анықталған. Іс бойынша барлық дәлелдемелерді зеттеп, сотталған Ж.Е. Темировте сақтауға және қолдануға тыйым салынған заттардың бар екендегін ескерген сот бұл талап-арызды ҚР Қылмыстық атқару Кодексінің 98-бабының 6- тармағы бойынша толық қанағаттандырған.

Бұл ережеге сәйкес сотталғандарда табылған ақша, бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар, сонымен қатар түзеу мекемесінің аумағында табылған иесін анықтау мүмкін болмаған ақша, бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар түзеу мекемелерінің ішкі тәртібі ережелері бойынша түзеу мекеме әкімшілігі алу жүргізіп, соттың шешімі бойынша мемлекет пайдасына аударылады. Сотталғандардан алынған және түзеу мекемесінің аумағында табылған заңмен тыйым салынған басқа заттар сақтауға беріледі не болмаса соттың шешімімен жойылады.

              Бұл жағдайда соттың шешімімен сотатлған Темиров Жаик Еркебулановичтен алынған 36 дана қолдан жасалған ойын карталары түріндегі тыйым салынған заттар жойылған. Темировтен мемлекет пайдасына 991 сомасында мемлекеттік баж өндірілген.

              26 желтоқсан 2016 жылғы №2310-16-00-2/9964 азаматтық іс бойынша Атырау қалалық сотының шешімімен талапкер Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқаружүйесі комитетінің «УГ-157/11 мекемесі» Республикалық мемлекеттік мекемесі З.К. Уразгалиеваға тыйым салынған затты, IMEI коды 356288/05/005074/0 «Samsung» маркалы ұялы телефон және Activ ұялы желісінің симкартасын жою туралы талап арызбен сотқа жөнелді. «УГ-157/11 мекемесі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің тыйым салынған заттар туралы З.К. Уразгалиеваға қатыстыталап қоюталаптары қанағаттандырылды. Сонымен бірге, сотпен сотталған З.К. Уразгалиевадан анықталып алынған IMEI коды 356288/05/005074/0 «Samsung» маркалы ұялы телефон және Activ ұялы желісініңсимкартасы жойылған. Сот, істі іс жүзінде қарастырған кезде, 10 ақпан 2015 жылғы қызметтік тергеп-тексеру құжаттарын зерттеген, онда отталған З.К. Уразгалиевада тыйым салынған заттарға жататын IMEI коды 356288/05/005074/0 «Samsung» маркалы ұялы телефон және Activ ұялы желісінің симкартасы болғаны анықталған, алайда, 29 наурыз 2012 жылғы № 182 санды Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі күнтізбелік ережелеріне және 6-қосымшасының43-тармағында сай, сақтауға қабылданған немесе сезіктіден немесе айыпталушыдан алынған оған тиесілі ақшасы оның жеке шотына салынады.

Қымбат мүліктер (қымбат металдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, інжу және одан жасалған бұйымдар, барлық түрдегі және маркадағы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта және ұялы байланыс құралдары) тергеу изоляторының қаржы бөліміне сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын құжаттар және басқалар) тергеу изоляторының арнайы есепке алу бөліміне сақтауға беріледі.

Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдар,заттар және азық-түлік мекеме қоймасына сақтауға тапсырылады немесе соттың шешімі бойынша жойылады деп түсіндірілген. Осылайша, жоғарыда көрсетілгенұялытелефон және сим картасын жою емес, тергеу изоляторыныңқаржыбөліміне сақтауға тапсыру тиіс еді. Осы бұзушылықбойынша жауапкер мекеме бастығының 10 ақпан 2015 жылғы қаулысымен тәртіптік изоляторға орналастыру түріндегі тәртіптік жауапкершілік шеккен (судья Г.Турганова).

28 желтоқсан 2016 жылғы № 2310-16-00-2/9972 азаматтық іс бойынша Атырау қалалық сотының шешімімен ашық сот талқылауында талапкер «УГ-157/44» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Л.С. Жалмухановаға қатысты тыйым салынған заттарды жою туралы талабы бойынша азаматтық іс қарастырылған. Сот «УГ-157/44» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Л.С. Жалмухановаға қатысты тыйым салынған заттарды жою туралы талап қою талаптарын толық көлемде қанағаттандырылған, бұл ретте Л.С. Жалмухановада табылған және алынған IMEI-коды №359039/04/142970/0 «Nokia» маркалы ұялы телефон жойылған.

Сот, істі іс жүзінде қарастырған кезде, 26 ақпан 2015 жылғы қызметтік тергеп-тексеру құжаттарын зерттеген, онда сотталған Л.С. Жалмухановада тыйым салынған заттарға жататын IMEI коды №359039/04/142970/0 «Nokia» маркалы ұялы телефон және Activ ұялы желісінің симкартасы болғаны анықталған. Жауапкер Л.С. Жалмуханова сотқа «УГ-157/44» Республикалық мемлекеттік мекемесінің талабын толығымен мойындайды, мойындау салдары оған түсіндірілді, соттан істі оның қатысуынсыз қарастыруды сұрады (судья Ж.Жумалиева).

Қостанайқалалық сотының 31 наурыз 2016 жылғы №3910-16-00-2/2206 азаматтық іс бойынша шешімімен, сот талапкер ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УГ-161/1 мекемесі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Р.А. Атабаевқа қатысты тыйым салынған затты — тату салуға арналған қолдан жасалған құралды жою туралы талап арызы бойынша талаптарды толық көлемде қанағаттандырды.

Жауапкер Р.А. Атабаевтан алынған тыйым салынған зат — тату салуға арналған қолдан жасалған құрал жойылған№ Сондай-ақ, Р.А. Атабаевтан мемлекет кірісіне 1 061 (бір мыңалпыс бір) теңгесомасында мемлекеттік баж салығы өндірілген. Бұл ретте жауапкер Р.А. Атабаев сотқа арызбен жөнелді, онда талапты мойындайтының және істі оның қатысуынсыз қарастыруды сұрағанығ көрсеткен (судьяА.Тимофеев).

Соттар талаптарды қанағаттандыру кезінде «Тұлғаларды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабы 5- тармағының нормаларын негізді қолданады, себебі көрсетілген нормаға сай, күдіктілер мен айыпталушылармен сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдар,заттар және азық-түлік күзетпен ұстау орны әкімшілігіне сақтауға беріледі немесесоттың шешімібойынша жойылады.

Ішкі істер министрлігінің 29.03.2012 жылғы бұйрығымен бекітілген №182 «Түзеу мекемелерінің ішкі күнтізбелік ережелеріне» 1-қосымшасының талаптарына сай, мұнда Тыйым салынған заттар тізбесінің 14-тармағында көрсетілген ойын карталары мен басқа да заттар тізбеге сәйкес, бас бостандығынан айыруға сотталғандармен сату және пайдалануға тыйым салынған заттарға жатады. Осылайша, жазаны өтеп жатқан жауапкерден алынған қолдан жасалған ойын карталары, сол сияқты қолдан жасалған тату салуға арналған құрал тыйым салынған заттар болып табылады жән сот шешімімен жоюға жатады.

Бұл осы санаттағы істер бойынша негізінен жауапкерлермен қатысты талап қою талаптарын мойындаумен байланысты талаптар қанағаттандырылатыныңатап өту керек, сондықтан соттар АІЖК-нің193 бабы 4-бөлігін, 221-бабының 5-бөлігін негізді қолданады, осыған сай, жауапкер талап қоюды мойындағанда және сот оны қабылдаған кезде мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешімшығарылады.

Бұл ретте, соттар ҚР Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы «Сот шешімі туралы» Нормативті қаулысының14-тармағына түсіндірмесіне дұрыс сілтеме жасайды, онда АІЖК 49-бабының мағынасы бойынша, талап-арызды мойындау жауапкердің құқығы болып табылады. Егер жауапкердің талап қоюды мойындауы, кімнің не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделеріне бұзбайтын, заңғақайшы емес болса, онда сот шешімнің дәлелдеу бөлігінде талап қоюды танужәне оның сотпен қабылданғанынкөрсете алады.

Осыған байланысты, жауапкердің оған тағылған талапты мойындау тараптардыңжәне үшінші тұлғалардыңқұқықтарын,бостандықтарын мен заңды мүдделерін бұзбаса және қолданыстағы заңнамаға қайшы келтірмесе, соттар жауапкердің талапты тануды дұрыс қабылдайды және қолдануға жататын заңды қолданады.

Нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару Кодексі;

- «Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде адамдарды ұстау тәртібі мен жағдайлары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 360 бабы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 242 бабы;

- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 11.07.2003 жылғы № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы және ҚР Ішкі істер министрінің 29.03.2012 жылғы бұйрығымен бекітілген «Түзеу мекелемерінің ішкі тәртібі туралы» Ережелер.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы