⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Үлесті бөлу және мүлікті мәжбүрлеп өтеуін төлеп алумен байланысты корпоративтік даулар туралы

Үлесті бөлу және мүлікті мәжбүрлеп өтеуін төлеп алумен байланысты корпоративтік даулар туралы

Үлесті бөлу және мүлікті мәжбүрлеп өтеуін төлеп алумен байланысты корпоративтік даулар туралы

Үлесті бөлу және мүлікті мәжбүрлеп өтеуін төлеп алумен байланысты корпоративтік даулар туралы

    Қазақстан Республикасының бұрыңғы заңнамасында корпоративтік даулар туралы ұғым түсінігі болмаған. Алайда қарқынды дамып жатқан заманауи экономикалық қатынастар және оларға қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау мәселелері құқықтық сипаттағы барабар шараларды қабылдауды талап етті.

Осындай ұғым алғашқы рет «Қазақстан Республикасы кейбір заңнама актілеріне корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылдың 05 шілдедегі №58-IV Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілді.

Аталған Заңмен Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) 24-бабына өзгерістер енгізілді.

Аталған норманың 2-бөлігіне сай корпоративтік дауларға заңды тұлғалар арасындағы (коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы дауларды қоспағанда) , сондай-ақ тараптары заңды тұлға және (немесе оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) болып табылатын:

1) заңды тұлғаларды қайта құру немесе таратумен байланысты даулар;

2) заңды тұлғалар акционерлерінің (қатысушыларының, мүшелерінің) заңды тұлғалар органының акционерлер (қатысушылар, мүшелер) мүдделеріне тиетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнама актілері және (немесе) заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттарымен белгіленген мәмілелерді жасау тәртібін бұзумен байланысты шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) даулау туралы талабынан туындайтын даулар;

3) акциялар және басқа құнды қағаздарға құқық есебімен байланысты құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар қызметінен туындайтын даулар;

4) акцияларды мемлекеттік тіркеуін, шығаруын, сондай-ақ эмитентпен акцияларды орнату, сатып алу, өтеуін төлеп алумен жасалған мәмілелерді заңсыз деп танумен байланысты даулар жатады.

Осы істер санаты бойынша төмендегідей корпоративтік даулардың түрлерін атап айтуға болады:

- шаруашылық серіктестігі қатысушысынан үлесін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу;

- шаруашылық серіктестігі қатысушысының үлесін бөлю және шаруашылық серіктестікке бөлініп отырған қатысушының сол бөлігін сатып алуға міндет жүктеу;

- шаруашылық серіктестігі қатысушысымен басқару органның жалпы жиналысының оның үлесін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу туралы шешімін шағымдау.

Бәріне мәлім, қатысушының мүліктік үлесін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу тек серіктестікке немесе оның қатысушыларына елеулі түрде зиян келтіргенде ғана сот тәртібімен жасалады.

заңды және жеке тұлғалар жалпы жиналыстарға келмей, серіктестікті басқару бойынша заңдармен және ЖШС Жарғысымен белгіленген өз міндеттерін атқармайды.Осы күшінде ЖШС қатысушылардың жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарды дайындау және шақыру, оның ішінде тізілімді жүргізу кезінде шығынға қалып отыр.

Аталған Серіктестік жыл сайын қатысушылардың тізілімін жүргізуге 90.000 теңге жұмсайды, ал 2006 жылдан бері 2013 жылға дейін ЖШС тізілім ұстаушыға 804.689 теңге төледі. Бұл мақсатқа барлығы 2.014.689 теңге жұмсалды.Талапкердің есептеуінше, бұндай шығындар ЖШС-ке зиян келтіреді, себебі жалпы жиналысты шақыру үшін газеттерге қазақ және орыс тілдерінде хабарлама беру керек, жыл сайын тізілім ұстаушыға қызметі үшін ақы төлеп келген.

Қатысушылар, жеке тұлғалар ЖШС-тің қызметіне еш қызығушылық білдірмейді, серіктестікті басқарудан және Жарғылық капиталдағы активтерін басқарудан шеттеп қалған. Банктер серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімінсіз мүлікті кепілдікке қойып несие беруден бас тартады. Мұндай келісімді тек 100 пайызды кворум болып, жалпы жиналыс өткізгенде алуға болады.

Осындай орын алған жағдайда «Қызылорда жолдары» ЖШС-нің қайталап жалпы жиналысын өткізгенде жиналықа қатысқан қатысушылармен атқарушы органға 1.507 қатысушының үлестерін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу және осы қатысушыларды ЖШС-і қатысушылар құрамынан шығару туралы сотқа талап беруге келісім беру жөнінде шешім қабылдады.

Барлық осы істер Қызылорда облысы МАЭС-мен 2014 жылы да, 2015 жылы да қаралды.

Аталған сотпен «Қызылорда жолдары» ЖШС талаптары қанағаттандырылып, жауапкерлерДружинец Н.Ф., Дузумбетов М., Дузумбетов С., Дуйсенбекова С.Б., Дуйсенбиев Б.Т., Елеусизова А.А., Изтлеуова Б., Искаков Ж.Е., Гехт Я.К., Гаязов Ф.Ф., Вольнов Ф., Абдрасилов Б.З., Абдуов С., Ибраимов С. және басқалары ЖШС қатысушылары санынан шығарылып, олардың үлестерін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу туралы қаулы алынды.

Серіктестік 2013 жылдың 13 мамырынан бері 4 рет қатысушылардың үлестерін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу туралы мәселені шешу үшін кезектен тыс жалпы жиналыс шақырған. Алайда шақырылған қатысушылар бұл жиналыстарға келмеген.

Сосын 2013 жылдың 27 маусымында қайталап жалпы жиналыс өткізу кезінде жиналықа қатысқан қатысушылармен шешім қабылданды: ЖШС қатысушылары серіктестікті басқару міндеттерінен жалтаруын және елеулі  зиян келтіруін есепке ала отырып, атқарушы органға 1.507 қатысушының үлестерін мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу және осы қатысушыларды ЖШС-і қатысушылары заңды және жеке тұлғаларды қатысушылар құрамынан шығару туралы сотқа талап беруге келісім беру жөнінде шешім қабылдады.

Жалпы жиналыстың бұл шешімі Серіктестік қатысушыларымен сот тәртібінде даулан жоқ.

Атап айтқанда, талапкер Жусупов К.Ж. – «Арман» ЖШС-нің қатысушысы сотқа «Арман» ЖШС-нің 0,187 пайыз мөлшеріндегі(206 га) бар үлесті, шекарасын көрсете отырып жер учаскесін бөліп, серіктестіктің құрамынан шығу, туралысеріктестік жалпы жиналысының шешімін беруді сұрады.Тараптардың түсінігінен серіктестік қатысушыларының жалпы жиналасы жүргізілмегені анық болды..

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 23-бабының 7) тармағына сай құқығы серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. «Арман» ЖШС-і Жарғысының 2.3. тармағымен серіктестіктің қатысушысы өзінің серіктестік мүлігіндегі үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе өзге тәсілмен үлесін бір немесе бірнеше осы серіктестіктің қатысушыларына өз қалауынша беруге құқылы деген қарастырылған.

Ал «Арман» ЖШС құрылтайшы құжаттарында серіктестік құрамынан шығу, жер учаскесін нақтылы бөліп шығару тәртібі жоқ. Қолданыстағы жер заңнамасы бойынша үлестік жер пайдаланушы қатысушылары болып табылатын азаматтар серіктестіктің қатысушылары құрамынан жалпы жиналыс шешімімен шығуға сөзсіз құқы бар. Осыған байланысты осы дауды шешу кезінде Жер кодексін басшылыққа алу қажет (құқықтық қатынас пайда болу сәтте қолданыстағы редакцияда).

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (әрі қарай –Жер кодексі) 101- бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелерiне қатысты өздерiне тиесiлi құқықтарын, оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде қатысушылардың (мүшелердің) жалпы жиналысының шешімі бойынша үлесiн немесе пайын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) не үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға құқылы.

Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығу және жер учаскесін беру туралы арыз ауылшаруашылық ұйымға беріледі. Жер кодексінің 101-бабының 4) тармағына сай үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар болып табылатын және шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелерi осы Кодекстiң 54-бабына сәйкес, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы бекiткен, үлестiк меншiктегi (үлестiк жердi пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбiне сәйкес берiледi.

Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi болмаған кезде үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) мүдделi қатысушы жер үлесi (жер үлестерi) есебiне жер учаскесiн бөлiп шығару ниетi туралы, оның болжамды орнын көрсете отырып, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қалған қатысушыларды жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi жөнiндегi мәселе келiсу рәсiмдерiн жүргiзу арқылы не ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде шешiлуi мүмкiн.

Жиналыс хабарланған кезден бастап бiр ай iшiнде өтуге тиiс және ортақ меншiкке (ортақ жердi пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде 50 %-i қатысқан кезде құқылы болып есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) барлық қатысушылар немесе олардың өкiлдерi хаттамаға қол қояды.

 Егер тиiсiнше хабарланған күннен бастап бiр ай iшiнде үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардан қарсылықтар келiп түспесе, жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы ұсыныс келiсiлген болып саналады. Жер кодексінің аталған нормалары мазмұнынан қатысушылардың құрамынан шығу туралы және жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiш ауыл шаруашылығы ұйымына беруге міндетті дегенді білдіреді.

Жазбаша түрде барлық қалған қатысушыларды жер үлесі есебіне болжалаған орналасу жерінкөрсете отырып жер учаскесін бөлу туралы хабарлауға тиіс. Бөлініп отырған жер учаскесінің орны серіктестіктің құрылтай құжаттарымен немесе тараптардың келісуімен қарастырылған тәртіпте екі тәсілмен айқындалады.

Жер учаскесінің тұрған жерін анықтау туралы мәселесі келісу үрдісін өткізу арқылы қалған барлық қатысушылардың қатысуымен немесе серіктестік қатысушылары ортақ меншігінің (ортақ жерді пайдаланудың) жартысынан кем емес қатысушылары немесе өкілдері бар жалпы жиналысы шешімінің негізінде шешіледі.

Соттың пікірі бойынша, келісу үрдісі серіктестіктің барлық қатысушыларына қатысты сақталуға тиіс. Ішінара келісуге жол берілмейді.Қатысушылардың жалпы жиналысы сондай-ақ келісу үрдісі арқылы нәтижеге қол жетпегенде де жүргізілуі мүмкін.

Іс материалдарынан серіктестіктің барлық қатысушыларымен өткізілетін келісу үрдісі талапкермен сақталмағаны көрініп тұр.

«Арман» серіктестігінің атына 2013 және 2014 жылдары жүгінген арызданушы К.Ж.Жусупов шартты бұзып, жерді қайтарып беруін, серіктестіктіңжарғы капиталынан шығаруды, бөлініп отырған жер учаскесінің орнын айқындауды, серіктестіктің құрамынан шығумен байланысты құжаттарды дайындауды сұрайды.

Сотқа ұсынған арыздардан серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу туралы талап, шығу туралы және жер учаскесі орны туралы хабарлама көрінбейді. Талапкер серіктестіктің басқа қатысушыларына жер учаскесін жер есебінен бөліп, берілетін жер учаскенің орнын айқындауды көрсетіп хабарлау жолдамаған.

Жер учаскелерінің орны алғашқы рет талапкерлермен талаппен сотқа жүгінген кезде айқындалған. Сотқа талаппен жүгіне отырып, Жусупов К.Ж. 0,187 пайыз (206 га) мөлшеріндегі үлесі есебіне жер учаскесін бөлуді сұрап, оның орналасу орнын Жаксын ауданы Глебовка селосы шегінде айқындауды (учаске № 383), серіктестік құрамынан шығуды және шегін көрсете отырып, жер учаскесін бөлу ге қатысты серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы шешімін сұраған.

Сол кезде талапкер К.Ж.Жусупов Жер кодексінің 101-бабының 4) тармағындағы ережелерді сақтамаған. Айтылғандарға орай Ақмола облысы МАЭС 2015 жылғы 05 тамыз шешімімен талапкер К.Ж.Жусуповтың «Арман» ЖШС-не жер учаскесін бөлу және серіктестіктің жалпы жиналысы шешімін беру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Аталған санаттағы істерді қарау кезінде соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің (әрі қарай – АК), «Жауапкершілі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Өндірістік кооператив туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Шаруашылық серіктестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және т.б.нормаларын басшылыққа алады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы