Қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне апелляциялық шағым
Назар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Внимание! Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию. Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Жәбірленуші Қ.Т.Е. ЖСН …., Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Т…. көшесі, 132
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 16.09.2022 ж.
үкімге апелляциялық шағым.
16.09.2022 ж. сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚР ҚК) 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасады деп А.Н. К№ айыптау жөнінде қылмыстық істі қаралған болатын. Сот үкімі бойынша А.Н. К. іс-әрекеттері ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінен, 99-бабының 1-бөлігінен, ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысқа қайта саралауға жатады деп түйінге келді. Сонымен қатар, сот менің азаматтық талаптарымды ішінара қанағаттандыруға шешім шығарды. Сондықтан, аталған үкім заңсыз және негізсіз шығарылған деп санаймын. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі ҚР ҚПК) «Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгерту негiздері туралы төмендегідей атап айтылған: 1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi; 2) соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi; 3) қылмыстық-процестік заңның елеулі түрде бұзылуы; 4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы; 5) жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады». Жоғарыда аталған талаптарды сот өрескел түрде бұзып төмендегі мән-жайларға сәйкес заңсыз үкім қабылдады деп санаймын. Біріншіден: ҚР ҚПК 24-бабының талаптарына сәйкес «сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Бұл ретте сот істе бар және ұсынылған дәлелдемелерді осы Кодексте көзделген тәсілдермен зерттеуге міндетті».
Сот өз түйіндемелеріне негіздеме ретінде куәлар А. С., Н. Б., Б. А. сотта берген айғақтарын атап өткен. Олар мен А.Н. К. балағат сөздерді айттып, оны жекпе-жекке қайта-қайта шақырғаны туралы және біз өзара төбелескеніміз туралы айтып сотқа жеткізді. Бірақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 29.01.2022 ж. куә ретінде жауап алу хаттамасында куә А. С. келесідей жауап берген: «Қанат Асылбектің автокөлігіне барып отыруға есігін ашқан кезде Абилхайыр Қанатқа кел төбелесесің ба деп пышағын шығарып ұстап тұрды», «Абилхайыр Асылбекке қарап бізге ағаларымыз шигол деп айтса ерегіспейміз ғой, көтереміз ғой деп өз ренішін айтты» деп көрсетті - №1 том, і.б. 67-68. Оған қоса, 16.02.2022 ж. куә ретінде жауап алу хаттамасында А. С. жауабы: «Абильхайр ... пышақ шығарды, оның пышағын көріп ашуынды бас деп тұрғанда Қанат жүгіріп кетті де ертең сөйлесеміз деп айқайлап парктен шығып кетті» - №2 том і.б. 106.
Қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне апелляциялық шағым
Сотқа дейнгі тергеп-тексеру барысында 14.02.2022 ж. куә ретінде жауап алу хаттамасында куә Н. Б. келесіні айтып жеткізді: «Сол кезде К.А. пышақ шығарған кезде ... Қанат сол жерден Бекжанов көшесіне қарай қашып кетті. Ал Абилькаир дереу сол жерде тұрған «Нива» маркалы автокөлікке отырып артынан қуып кетті», «Бір сәтте пышақты көргенімде Қанат ол жерден қашып кетті» - №2 том і.б. 93-94. Сотқа дейнгі тергеп-тексеру барысында 16.02.2022 ж. куә ретінде жауап алу хаттамасында куә Б. А.: «Абильхайр қайдан алғанын білмеймін қолына пышақ алды, біз оны көріп мен, Асылбек, Нугман үшеуіміз Абильхайрды пышағынды ал деп шетке алып кеттік, ал Қанат осы кезде жүгіріп кетіп қалды, артынан Абильхайр Ниваға отырып қуып кетті», «Сакен дүкеннің алдында ... сөйтіп Абильхайрды мен, Сүндет, Арыстан үшеуіміз ажыраттық», «Абильхайр ... пышақты шығарып, денсаулығына көп сене берме деген болатын, ... ал Қанат жүгіріп кетіп қалды», «екеуі төбелесіп жатқан жоқ еді Қанат жерде жатыр еді Абильхайр бір тізесімен тіреліп тұрып бір қолымен жерде жатқан Қанатты ұстап тұрды, екінші қолында пышақ болды, мен көрдім де Абильхайрды тұрғызып жібердім» - №2 том, і.б. 113-115. Аталған хаттамаларға сәйкес әрбір куә жалған айғақтар бергенi үшiн алдын ала тергеу барысында және сот отырысында қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiлген болатын. Сот ҚР ҚК 420-бабына сай «ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің көрінеу жалған айғақтар бергені» куәлардың әрекеттерін сипаттап, жеке қаулы шығарған жөн еді, алайда, сот әрекетсіздік танытты.
Сөйтіп, жоғарыда аталған куәлардың сот отырысында берген айғақтары бойынша мен А.Н. К. балағат сөз айтқанымды, жекпе-жекке қайта-қайта шақырғаным, өзара төбелескеніміз, өзіңнің алдын ала тергеу барысында берген жауаптарын жоққа шығарды. Алайда, сот куәлардың алдын ала тергеу барысында айғақтарын тексермей, сот отырысындағы куәлардың берген айғақтарын басшылыққа алды. ҚР ҚПК 372-бабына сәйкес сот жәбiрленушiнің және куәнiң iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу немесе осыдан алдыңғы сот талқылауы кезiнде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін осы Кодекстің 377-бабында көзделген тәртіппен жария етуге міндетті еді. Алдын ала тергеу барысында куәлардың айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулi қайшылықтар пайда болған кезде сот А. Сайфидиновке, Н. Б., Б. А. сот отырысында олардың жазбаша айғақтарын жария етіп, айғақтарының өзгеру себебін анықтамады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жауап алынған келесі куәлардан басты сот талқылауында жауап алынған жоқ: 29.01.2022 ж. жауап берген куә Ы.С.С. келесіні мәлімдеген болатын: «Қанат өзінің автокөлігіне отырып кетпекші болып, ... Абильхайыр қолындағы пышағымен Қанаттың қасына жақындап қалды, сол уақытта балдардың барлығы Абильхайрдың алдына кедергі жасап... Асылбекке ағаларым шигол десе намыстанбаймын деп ашуланып тұрды, сол кезде Қанат парктің есігінен шығып бара жатқан болатын. Кейіннен Абилхайыр машинаға отырып Қанаттың артынан кетті», «Абильхайр өз қолына пышақты ұстап тұрған уақытта Қанатқа қарай ... кел, кел төбелесеміз деп айтты» - №1 том і.б. 63-63. 16.02.2022 ж. куә Ы.С.С. жауабы бойынша: «Машинадан түсіп сразу жүгіріп Абильхайырды мен, Жүсіп, Болат, Арыстан төртеуіміз ажыратып алдық» деп жауап берген - №2 том, і.б. 99-100. Бұл куә алдын ала тергеу барысында менің балағат сөздерді сотталған А.Н. К. айтқаным жайлы, жекпе-жекке шақырғаны туралы ешқандай айғақтар берген жоқ, сонымен қатар С.С. Ы. айғақтары алдын ала тергеу барысында А. С., Н. Б., Б. А. берген айғақтарымен қарама-қайшы келмейді. Белгісіз мән-жайларымен бұл куә сотқа шақырылып, жауабы алынған жоқ. Куә М.А.А. 22.02.2022 ж. жауап алу барысында «стадионның есігіне қарай келдім, осы кезде Қанат Абильхайрға қарап кімнің шешсін боқтап тұрсын деп тұрды» деп жауап берген - №2 том, і.б. 156-159. 22.02.2022 ж. куә К.С.А. (сотталушының туысы) былайша жауап берді: «Мен кафенің алдына шықтым, шыққан кезде ағам Абильхаир Қанаттың үстінде ұрып жатыр екен, Қанат «Аби қойсай, қойсай» деп жатыр еді» - №2 том, і.б. 176-178.
Қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне апелляциялық шағым
02.03.2022 ж. куә С.Н.М. іс бойынша төмендегідей айғақтар берді: «Қашып келе жатқан бала «Сакен бар» маркетінің алдында құлады, қуып келген бала үстіне шығып қолындағы бір затпен 4-5 сұқты, ... ақ түсті Жигули машинасы келіп тоқтатты, ішінен бір бала түсіп келіп ажыратты» - №3 том і.б. 73-75. 07.06.2022 ж. қосымша жауап алу барысында куә С.Н.М. бұрын берген айғақтарын растады – №4 том і.б. 151-154. 22.02.2022 ж. куә У.А.Э. тергеу барысында келесідей жауап берді: «Қанат ... құлады, оның үстіне артынан қуып келген бала үстіне шығып бет бөлігінен ұрып кетті», «Менің көргенім бетінен немесе денесінің үстіңгі бөлігінен ұрды» - №2 том і.б. 167-169. Кейін, 07.06.2022 ж. жауап алғанда куә У.А.Э. өз айғақтарын растады – №4 том і.б. 147-150. Куә А.Б.Т. 03.03.2022 ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келесі айғақтарды тергеушіге жеткізді:«Бала Сакен дүкенінің алдында құлады, ал қуалап келген бала қолындағы отвертка ма пышақпен 3-рет сұғып/тығып алды», «қуалап келген бала ... жатқан баланың үстінде отырған еді», «осы кезде ақ түсті Жигули келіп тоқтады, ішінен водитель түсті, жанағы жерде жатқан екі баланы ажыратты» - №3 том і.б. 13-17. Куә Е.А.Б. 02.03.2022 ж. өз жауабында менің жекпе-жекке шақырғанымды, балағат сөздерді айтқанымды туралы ештеңе айтқан жоқ – №3 том і.б. 34-37. Куә-полицей Р.Н.О., 02.03.2022 ж. жауап алынған күні «Абильхаир Қанатқа жүрші жүрші деп машинасына қарай шақырды, Қанат мен сенімен бармаймын деген» айғақтар берді, мен балағат сөзбен сөйлегенімді, жекпе-жекке шақырғаны туралы бір де бір сөз айтпады – №3 том і.б. 39-42. Оның сөздеріне сәйкес полиция қызметкерлері А.К.Т. – №3 том і.б. 66-68, Д.М.Ө. – №3 том і.б. 44-46, Б.А.Т. – №3 том і.б. 29-32 айғақтар берді. Сөйтіп, егер соттың мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу мақсаты бар болғанда, сол үшiн сот аталған куәларды сотқа жеткізіп жауап алу үшін барлық тәсілдерді пайдалана отырып, жауап алуға міндетті еді, алайда, куәларды сотқа шақыру үшін ешқандай шаралар қолданылмаған.
Тіпті сот куәлардың сотқа келмеуі себептерін анықтап алмай, куәларды күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) туралы қаулы шығарған жоқ. Сөйтіп, сот аса ауыр қылмыс бойынша 3 куәнің күмән туғызатын айғақтары негізінде шешім шығару үшін жеткілікті деп таныған!!! Екіншіден: менің А.Н. К. іс-әрекеттері сотпен қайта саралау туралы төмендегідей пікірім қалыптасты: Сот, сот-медициналық сараптамаға сүйене отырып, менің денсаулығыма ауыр дәрежелі зиян келтіргенімен шектеліп, оны жеткілікті деп танып шешім қабылдады. Алайда, ҚР ҚК 99-бабымен көзделген қылмыс адамның денсаулығына қарсы емес, адамның өміріне қарсы қылмыстар санатына жатады. «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығының 397-тармағына сәйкес «Объективтік медициналық деректер бойынша өмір үшін қауіпті белгілерді анықтаған жағдайда, сарапшы жарақат нәтижесін күтпей-ақ, денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтай алады». Алайда, тергеуші сот сараптамасын бірден тағайындамай, менің жазылып кетуімді күтіп, кейіннен тағайындады. Кеш тағайындалған сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде сарапшының қорытындысы дұрыс және обьективті болмады дөп басып айтуға болады. Маған келтірілген дене жарақаттары және ауруханаға түскен кезде менің жалпы жағдайымның өзара жиынтығы өмірге қауіптілік дәрежесіне сот тарапынан баға берілмей, аталған мән-жайлар бойынша сарапшының пікірі тыңдалған жоқ. ҚР ҚПК 373-бабына сәйкес «Сот тараптардың өтiнiшхаты немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындауға құқылы». Бірақ сот А.Н. К. іс-әрекеттерінің салдарынан менің өміріме келтірілген қауіптің дәрежесі анықталмай, денсаулығыма келтірілген зиянымен шектеліп, жаңа сараптама тағайындаған жоқ. Медициналық құжаттарға сәйкес, мен ауруханаға өте ауыр жағдайда түстім, ауырлық себебі алған көптік сұғылып кесілген жарақатына байланысты және жарақаттық шок есебінен. Шкала Глазго 10-11 балл (кома жағдайында). Пульс 124 рет 1 минутта, АҚҚ 60/40 с.б.б. Жоғарыда аталған мән-жайлар жөнінде сот сарапшысынан менің өміріме төнген қауіптілік дәрежесі жайлы сұрақ-жауап алынуы тиіс еді.
Сот менің А.Н. К. қорғанғаным жайлы берген айғақтарымды жоққа шығарды. Алайда, менің айтқан сөздерім медициналық құжаттармен расталады, диагноз бойынша маған «Ауыр қосарланған жарақат. Екі қол иық, білек және екі сан аймақтарының көптік сұғылып кесілген жаралары, бұлшықеттерінің және қантамырларының зақымдауы. Оң жақ қабырға доғасы аймағының іш қуысына енбеген сұғылып кесілген жарасы. Сол қол 2-ші саусақ дистальды фалангасының ашық сынуы, шабылып кесілген жарасы» зақымдары келтірілген. Бұл жарақаттар мен пышақтан денемнің өмірге маңызды мүшелерін қорғау үшін А.Н. К. соққыларынан жерде жатқанымда аяқ-қолыммен қорғанылған кезде пайда болды. Егер мен өз әрекеттерімен қорғалмағанда және іс бойынша куәлар оқиға болған жерге кешігіп келсе, А.Н. К. мені өмірімнен де айыру мүмкін еді. Менің берген айғақтарым «Сәкен бар» камерасының бейнежазбасымен расталады. Үшіншіден: сот Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» Нормативтік қаулысының 4-тармағына сүйене отырып, «тергеу органы өзге тұлғалардың қайсысы А.К. қылмыстық іс-әрекетіне араша түсіп, тыйым салғанын көрсетпеген» деп саналған!!! Үкімде «Криминалист өзінің қорытындысында А. К. әрекеттеріне өзге тұлғалардың араша түсіп, тыйым салғанын көрсетпеген» деп жазған. Аталған сот тұжырымы іс бойынша жиналған дәлелдерге сәйкес келмейді, өйткені куә: Б. А., Ы.С.С., С.Н.М., А.Б.Т. айғақтары бойынша, А.Н. К. іс-әрекеттеріне басқа адамдар кедергі жасады деп көрсетілген. Сонымен қатар, сот отырысында зерттелген «Сәкен бар» камерасынан алынған бейнежазбада менің А.Н. К. соққыларынан белсенді түрде қорғануымды байқауға болады. Бірақ, сот осы мән-жайларға мән бермеді. Осылайша, сот тағы да ҚР ҚПК 24-бабының талаптарын өрескел бұзды деп есептеуге болады.
Төртіншіден: сот үкімінде тергеу органдары А.Н. К. айыптау үшін тек қана менің жауабымды негізге алған деп санаған. Бірақ, жоғарыда көрсетілген куәлардың айғақтарымен А.Н. К. кінәлілігі толығымен дәлелденді деуге болады. Бесіншіден: сот А.Н. К. жауаптылығын және жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде – жәбiрленушiнiң қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткi болған заңға қайшы және бейморальдық мінез-құлқың таныды! Демек, сот 3 куәнің күмән туғызатын айғақтарына сүйене отырып, 10-нан астам куәлардың шынайы айғақтарын есепке алмады. Алтыншыдан: сот процестік шығындарды дұрыс емес есептемей А.Н. К. өндірді. Атап айтқанда, қылмыстық іске қылмыстық істің қозғалысы туралы 3 Анықтама қоса тіркелген. Әрбір Анықтамада сот-наркологиялық, сот-психиатриялық және сот-биологиялық сараптамалар өткізгені үшін тиісінше 2 252,50 теңге, 230,51 теңге, 100 408,62 теңге процестік шығындар көрсетілген. Сот А.Н. К. тек қана 100 408 теңге өндіріп, алайда сот 102 890 теңге өндіруге тиіс еді. Жетіншіден: сот заңсыз менің азаматтық талаптарымды ішінара қанағаттандырды. Сот «Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады» Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 153-бабының талаптарды өрескел бұзып, А.Н. К.туыстарынан маған ақша бергені дәлелдемелер ретінде куәлар Б. Ш., Ж. К., М. Ошуровтың айғақтарын танылған. Сонымен қатар, сот кешірім арызды анық дәлелдеме деп есептеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 67-бабына сәйкес «Егер тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме анық деп есептеледі». Бірақ, кешірім арыздың толық мәтінің оқысақ, арызды қараусыз қалдыру деп жазылған, сөйтіп, мен А.Н. К. қойған талаптардан бас тартқан жоқпын.
Қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне апелляциялық шағым
Құрметті сот алқасы, А.Н. К. жазасының түрің талқылау барысында осы қылмысқа сипаттауы жағынан ұқсас, адамның денсаулығына қарсы бағытталған бұрынғы, яғни 13.05.2011 ж. Оңтүстік-Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының үкімі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігімен сотты болғанын ескеруіңізді сұраймын. «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес «Үкім, егер ол ... тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидатының негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық-процестік заңның талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып соттың заңды құрамымен шығарылса, заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн. Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, объективті және жан-жақты зерттеліп, талданған әрі тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген, сот түйіндері уәжделген үкім негізді болып табылады». Сөйтіп, жоғарыда көрсетілген уәждер негізінде Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі заңды және негізді деп санауға болмайды деп есептеймін. ҚР ҚПК 414-бабың, 431-бабың негізге ала отырып, соттан сұраймын:
- Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 16.09.2022 ж. үкімінің күшін жоюды;
- А.Н. К. ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;
- жәбірленушінің азаматтық талабын толығымен қанағаттандыруды.
03.10.2022 ж. Е.Қ.Т.
#Адвокат #Заңгер #Заң қызметі #Қорғау Компания Фирма #Азаматтық #Қылмыстық #Әкімшілік #Төрелік #Арбитраж даулары #Алматы #Қазақстан Адвокат Заңгер Қорғаушы Алматы Заң Қызметі Кеңсесі Құқық Қорғау Көмек Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істері Арбитраж даулары Қазақстан #Адвокат #Юрист #Юридическая услуга #Защита Компания #Адвокатская контора #Гражданские #Уголовные #Административные #Арбитражные дела споры #Алматы #Казахстан Адвокат Юрист Алматы Юридическая Компания услуга консультация Гражданские Уголовные Административные Арбитражные дела споры Защита Адвокатская контора Казахстан
Скачать документ
-
үкімге апелляциялық шағым
620 скачиваний