Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы даулар
Еңбек бостандығының қағидасына сәйкес қызметкер өзінің бастамасы (өзінің ниеті) бойынша белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартын, сондай-ақ шұғыл еңбек шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы.
Бұл құқық қызметкерге еңбек шартын жасаған мезеттен бастап тиесілі және шартсыз болып табылады, оны алу үшін қандай да бір шарттардың орындалуы талап етілмейді. Өз еркі бойынша еңбек шартын бұзуға құқықты іске асыру қызметкердің еркін білдірумен ғана шарттасып отыр.
Қызметкердің бастамасы бойынша жұмыстан шығару заңдылығы туралы істерді қараған кезде қызметкердің еркінің бар болуы ғана емес, сонымен қатар осындай еркінің білдіру нысаны да маңызды.
Мәлім болғандай, өз еркі бойынша еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің жазбаша ескертуі арыз ретінде ресімделеді, онда еңбек қатынасын тоқтату ниеті білдіріледі, жұмыстан шығару негіздемесі көрсетіледі.
Еңбек Кодексінің 56-б. 1-т. сәйкес жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орандамаған жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Аталған бабының 2-т. сәйкес еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, Еңбек Кодексінің 56-б. 1-т. көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
Осылайша, талапкер Ж.Б. «Ақсу суарнасы» КМК-на жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта орналастыру туралы талаппен Ақсу қалалық сотына жүгінген.
Істің мән-жайларынан белгілі болғандай, Ж.Б. «Ақсу суарнасы» КМК-да су құбыры шаруашылығының бақылаушысы ретінде жұмыс істеген. Ол 2015 жылдың 27 қазанынан бастап 2016 жылдың 25 ақпаны қоса бала күтімі бойынша демалыста болған.
2016 жылдың ақпанында «Ақсу суарнасы» КМК-да тексеріс (аудит) өткізілген, оның қорытындылары бойынша талапкерде 21 613 теңге сомасына (жеткіліксіздік) коммуналдық қызметтерге абоненттердің төлемі бойынша қайшылықтар анықталған. 2016 жылдың 9 ақпанында Ж.Б. 2016 жылдың 26 ақпанынан бастап өз еркі бойынша жұмыстан шығару туралы арызбен жүгінген. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 87-к бұйрығымен онымен еңбек шарты Еңбек Кодексінің 56-б. 1-т. бойынша бұзылған, ішкі аудит нәтижелері бойынша жетіспеген сома жалақыдан ұстап алынды.
Сот жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзғаны анықталған, себебі талапкердің еңбек шартын бұзу туралы арыз мазмұнынан мәлім болғандай, талапкер 2016 жылдың 26 ақпанынан бастап еңбек қатынастарын тоқтатуды сұраған, алайда жұмыс беруші 2016 жылдың 25 ақпанында, яғни қызметкер көрсеткен мерзімге дейінгі күні еңбек шартын бұзған.
Мазмұндалғанның бәрі жұмыс беруші талапкердің өз хабарламасында көрсеткен мерзімде емес, өз бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте қызметкерді жұмыстан шығарған деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл дегені жұмыс беруші жұмыстан шығару туралы арызды аталған мерзім өткенге дейін кез келген уақытта кері шақыртуға талапкердің құқығын бұзған.
Сонымен, сот практикасы қызметкер жұмыстан шығару датасын бір жақты тәртіпте анықтауға құқылы емес екенінен шығады. Қызметкерге жұмыстан шығару туралы ескерту мерзімі туралы мәселені өзіндік шешуге мүмкіндік беретін себептер болмаған жағдайда арыздағы сілтемені жұмыс берушіге алдын алу мерзімі өтіп кеткенге дейін жұмыстан босату туралы келісімге қол жеткізу туралы ұсыныс ретінде қарауға болады. Осындай келісім жұмыс берушінің тиісті еркі бар болғанда қол жетімді болуы мүмкін.
Қызметкердің өз еркін білдіруі маңызды мән-жай болып табылады. Сәйкесінше, қызметкердің өз еркінің білдірілмеуі сотта қараудың нысаны болуы мүмкін.
Мәселен, Павлодар аудандық соты қараған іс бойынша Р.Д.Ж. сотқа жүгінген, ол 2014 жылдың 24 ақпанынан бастап Ольгино жалпы орта білім беру мектебінің директоры болып жұмыс істеген. Павлодар ауданының білім беру бөлімі басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен ол мәжбүрлеп жазған арыз негізінде өз еркі бойынша жұмыстан шығарылған. Арызды ол басшы Т.Алибекованың қысымымен және теріс уәждер бойынша жұмыстан шығару туралы қортумен байланысты жазуға мәжбүр болды. Дәл сол күні 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарылған, кейін бұйрық оның жоғында мектепте оқылған болатын. 2016 жылдың 7 қаңтарында ол жұмыстан босату туралы өз арызын кері шақыртқан, алайда 2016 жылғы 21 қаңтардағы бұйрықтың шығарылуына байланысты арыз қараудан бас тарту туралы жазбаша жауап алған. Келісу комиссиясы оның жұмыста қайта орналастыру туралы өтінішін негізсіз деп таныды. Согласительная комиссия признали её просьбу о восстановлении на работе необоснованной. Ольгино жалпы орта білім беру мектебінің директоры лауазымына қайта орналастыруды сұраған.
Бірінші сатыдағы сот талапкердің жұмыстан шығару мән-жайлары тексеріліп, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылған, зерттелген дәлелдемелерге негізді баға берілген, талап қанағаттандырылған.
Еңбек Кодексінің 51-б. сәйкес қызметкер жұмыс берушіні кем дегенде бір айға жазбаша түрде ескертіп, өз бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға құқылы. Тараптардың келісуі бойынша қызметкер мен жұмыс беруші арасында еңбек шарты ескерту мерзімі өтіп кеткенге дейін бұзылуы мүмкін.
Сомен анықталғандай, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шартын мерзімнен бұрын бұзу туралы келісім болмаған. Р.Д.Ж. өз еркі бойынша жұмыстан шығару туралы өз арызында оны жұмыстан шығаруды сұраған күнді көрсетпеген. Демек, жұмыс беруші бір ай өтіп кеткенге дейін қызметкермен еңбек шартын бұзуға құқылы емес еді.
2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шартты бұзып, жұмыс беруші Р.Д.Ж. Еңбек Кодексінің 57-б. көзделген құқығынан айырды, оған сәйкес ол ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу туралы арызды жазбаша нысанда кері шақыртып алуға құқылы.
2016 жылдың 7 қаңтарында ол осындай жазбаша арызды берген болатын, алайда жұмыс беруші арызды қанағаттандыруда жұмыстан босату туралы бұйрық жарияланған деп сілтеме жасап, негізсіз бас тартқан.
Жауапкердің аталған дәлелдерін бірінші сатыдағы сот дұрыс теріске шығарған, себебі олар еңбек заңнамасына қайшы келеді: жұмыс беруші жұмыстан шығару туралы арызды бергеннен кейін бір ай ішінде еңбек шартын бұзуға құқылы емес, ал арыз кері шақыртылған жағдайда оны қайтаруға міндетті. Егер жұмыс берушіге қызметкердің еңбекке қатынасы көңілден шықпаса, ол Еңбек Кодексінің 54-б. қағидаларына сәйкес өз бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға құқылы болды.
Қызметкердің арызында көрсетілген күннен бастап тараптардың келісімі бойынша жұмыстан шығару орын алғаны туралы жауапкер шағымының дәлелдерін сот алқасы негізсіз деп таныды. Р.Д.Ж... арызынан мәлім болғандай ол жұмыстан шығару күні көрсетпеген. «2015 жылғы 30 желтоқсан» датасы арыз жазудың датасы болып табылады, ол туралы қолтаңбадан кейін мәтіннің төменгі бөлігінде оның орналасуы куәландырады. Бұл жағдайда Ж... жұмыс берушінің бастамасы бойынша заңмен белгіленген мерзімнен бұрын жұмыстан шығарылған. Ол жұмыстан шығару туралы арызды кері қайтаруға өз құқығын іске асырған. Алайда жұмыс беруші оған кедергі жасаған.
Бұл жағдайда жұмыстан шығару датасы еңбек шартының тараптарымен келісілмеген. Талапкердің арызы заңмен белгіленген мерзімнен бұрын еңбек қатынастарын тоқтату туралы жұмыс берушінің ескертуі ретінде бағалауға болмайды. Жұмыстан босату туралы ескертудің мерзімі жұмыс берушінің қызметкердің арызын алғаннан кейін келесі күні басталады
Ескеретін жайт, ескертукезеңіндегі қызметкердің құқықтық жағдайы басқа қызметкерлер артып келген дәл сол құқықтар мен міндеттердің бар болуымен сипатталады. Сәйкесінше, еңбек міндеттерін орындамау немесе тиісті емес түрде орындау қызметкердің тәртіптік жауаптылыққа тартуға әкелуі мүмкін. Ескерту кезеңінде қызметкер қандай да бір артықшылықтарды пайдаланбайды. Бір айлық мерзім өткенге дейін дәлелсіз себептерсіз жұмысқа шықпаған, бір айлық мерзім өткенге дейін жұмысты қалдырған жағдайда жұмыстан қалу деп саналатын болады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі жұмыстан бостау туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта алу туралы
63 рет жүктеп алынды -
Шешім «қатаң сөгіс» беру туралы бұйрығын бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды моральдық шығын өндіру
85 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оның күшін жою, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру,
68 рет жүктеп алынды -
Шешім қабылданған бұйрықтардың күшін жойып, қызметіне қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне еңбек
108 рет жүктеп алынды -
Шешім қызметтен босату туралы өкімін заңсыз деп танып, күшін жою, қызметіне қайта орналастыру және моральдық
78 рет жүктеп алынды -
Шешім өкімін заңсыз деп тануды, бұрынғы Жаңақоныс ауылдық округі әкімі қызметіне қайта орналастыру
68 рет жүктеп алынды