Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде еңбек шартын тоқтатудың өзіндік негіздері
Талапкер В.В.П. «КАЗИНТЕРАСТЫК» ЖШС-не талаппен Астана қаласының Алматы аудандық сотына жүгінген, ол 2015 жылдың 23 ақпанынан бастап 2016 жылдың 25 қаңтары бойынша 2015 жылғы 23 ақпандағы №7 еңбек шартына сәйкес жауапкермен еңбек қатынастарында болған. Шартқа №1, №2 қосымша келісімдер еңбек шарттары өзгертілген және толықтырылған, оның ішінде – еңбек төлемінің мөлшері. 2016 жылдың 8 қаңтарында еңбек шарттарының өзгерісі туралы – жалақыны 306000 теңгеден бастап 100000 теңгеге дейін азайту туралы хабарламаны алып, өзінің келіспейтінін білдірді, ол туралы ол хабарламаға қол қойған. Алған хабарламамен келіспеу нәтижесінде еңбек шарты бұзылған болатын. Еңбек қатынастарын тоқтатудың себептерінің бірі оның жүктілігі болып табылады деп санайды, ол туралы жұмыс беруші 2015 жылдың 24 желтоқсанында хабардар болды. 2016 жылғы 25 қаңтардағы №5 еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, бас бухгалтердің орынбасары лауазымында жұмысқа қайта орналастыруды және 790019 теңге мөлшерінде 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап 18 сәуір кезеңі бойынша еңбекақы өндіріп алуды сұрады. Шешіммен талап ішінара қанағаттандырылды: 2016 жылғы 25 қаңтардағы №5 еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылды; В.В.П. «КАЗИНТЕРАСТЫК» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына қайта орналастырылды; жауапкерден оның пайдасына 280954 теңге мөлшерінде 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап 18 сәуір бойынша амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа еңбекақы өндіріп алынған.
Сот алқасы АПК-нің 427-б. 1-т. 4)-т. сәйкес сот шешімін материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағандықтан өзгертті. Бірінші сатыдағы сот істің мән-жайларын дұрыс анықтады және «КАЗИНТЕРАСТЫК» ЖШС-де еңбек шарттарының өзгерісі туралы дұрыс қорытынды жасап, Еңбек Кодексінің 54-б. қағидаларын қолданып, В.В.П. шартты бұзуды жұмыс берушінің бастамасы бойынша болған секілді деп қате бағалады.
Іс материалдарынан мәлім болғандай, 2015 жылдың 23 ақпанында «КАЗИНТЕРАСТЫК» ЖШС мен В.В.П. арасында еңбек шарты жасалған. 2015 жылғы 22 маусымдағы және 1 қыркүйектегі қосымша келісімдермен лауазым мен еңбек төлеміне тиесілі еңбек шартының талаптары жақсартылған.
2016 жылдың 8 қаңтарында В.В.Примакқа еңбек шарттарын өзгерту туралы хабарлама табысталған, онымен ол келіспеді. 2016 жылғы 25 қаңтардағы №5 бұйрықпен Еңбек Кодексінің 58-б. 1-т. 2-т. негізінде еңбекқатынастары тоқтатылған, еңбек шарттары өзгергендіктен, қызметкердің жұмысты жалғастырудан бас тартуына байланысты.
Бірінші сатыдағы сот Еңбек Кодексінің 54-б. қағидаларын басшылық етті, ол жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндігінің шектелуін көздейді.
Сонымен қатар Еңбек Кодексінің 49-б. сәйкес қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы 58-б. 1-т. 2-т. еңбек қатынастарын тоқтату ретінде көзделген, яғни еңбек шартын тоқтатудың өзіндік негіздеме болып табылады. Оны жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын тоқтату жағдайларына теңестіруге болмайды.
ЖШС-те еңбек өзгерістерінің болмағаны туралы талапкердің дәлелдері келесімен теріске шығарылады. Кодекстің 46-б. сәйкес қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі.
Кодекстің 1-т. 17-т. сәйкес еңбек шарттары түсінігіне оның төлеу шарттары да кіреді. ЖШС қатысушыларының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы кезектен тыс жалпы жиналысы хаттамасының мазмұнынан ЖШС қаржылық қағидаларының нашарлауы жөнінде мәлім, қабылданған шешімдерінің бірі лауазымдарды тарату, азайту жағына лауазымдық ақыларды қайта қарау болып табылады. Серіктестік қаржылық жағдайының нашарлауы қаржылық құжаттамамен, оның ішінде экономикалық талдаумен жүргізілген бухгалтерлік теңгеріммен расталады. Бұл шешім серіктестіктің жарғылық капиталында әрқайсысы 50 %-дан иемденетін екі құрылтайшының бір ауызды шешіммен қабылданған, сондықтан да қабылданған шешімнің заңдылығы күмән келтірмейді. Еңбек төлемінің шынайы өзгерісі 2016 жылғы 5 қаңтардағы бұйрықпен бекітілген штаттық кестемен расталады. Сонымен, талапкердің жұмыстан шығарудың себебі оның жүктілігі болып табылады деген дәлел еңбек төлеміндегі өзгерістер бас бухгалтерінің орынбасарын ғана емес, сонымен қатар бас бухгалтер мен бухгалтерге қатысты болғанын теріске шығарды. Жұмыс берушінің қызметкерлерді еңбек шарттарының өзгеруі туралы хабардар ету туралы міндеті Кодекстің 46-б. талаптарын сақтаумен орындалған.
Апелляциялық сатыдағы сот талаптың қанағаттанған бөлігінде шешімнің күшін жойды және талаптан бас тартты.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі бұйрықтың күшін жою, өз қызметіне қайта орналастыру, лажсыздан бос жүрген мерзімге еңбек жалақысын
61 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру
60 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне еңбек ақы өндіру, кезекті еңбек демалысы
57 рет жүктеп алынды