Залалды өтеу - сапасыз тауармен, жұмыспен немесе қызметпен келтірілген, келісімнің шарттарын бұзу салдарынан, жолтранспорттық оқиға салдарынан не пәтерді су басып кету салдарынан туындаған асыраушының қайтыс болуына байланысты, қылмыспен келтірілген қаржылай немесе моральдық сипаттағы залалды өтеу туралы
Залалды өтеу туралы талап қою өтініштерінің ең кең таралған түріне жататындар, олар тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заңға сәйкес сапасыз тауармен, жұмыспен немесе қызметпен келтірілген залалды өтеу туралы талап қою өтініштері, келісімнің шарттарын бұзу салдарынан туындаған сатып алу- сату келісім-шартын бұзу туралы талап қою өтініші, моральдық залалдың орнын толтыру туралы талап қою өтініші, жолтранспорттық оқиға салдарынан не пәтерді су басып кету салдарынан туындаған залалды өтеу туралы талап қою өтініштері, асыраушының қайтыс болуына байланысты залалды өтеу туралы талап қою өтініші, қылмыспен келтірілген қаржылай немесе моральдық сипаттағы залалды өтеу туралы талап қою өтініші.
Деликтілік міндеттемелер туындататың құқық бұзушылықтар құрамының бір элементі ретінде зиян және залал түсініктерінің құқыққолданушы практикада маңызы өте зор (жекелей атағанда, зиянды келтіргеннің міндеті келтірілген залалдың орнын қайтару болып табылады). Зиян, азаматтық құқықта – бұл субъективті азаматтық құқықты немесе игілікті кеміту не жоққа шығару. Зиян жеке тұлғаға немесе мүлікке келтірілуі мүмкін.
Заң әдебиеттерінде және сот практикасында «зиян», «залал», «шығын» түсініктері қолданылады. Зиян және залал түсініктері жиі синоним ретінде қарастырылады. Бірақ бұл терминдердің заңи мағынасына келсек, «зиян» түсінігі «шығын» және «залал» түсінігіне қарағанда кең мағынада.
Азаматтық кодекстің ерекше бөлігінде зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер 47 тараудың нормаларымен реттеледі, ол 4 параграфқа бөлінген, оларда зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы жалпы негіздері жүйелендірілген.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін Азаматтық кодекстің нормаларын талдау көрсеткендей, «залал» термині заң шығарушы тарапынан қолданылмайды. Заң шығарушы тек «зиян» терминін қолданған. Бірақ бұл мүліктік зиян келтіргенде жәбірленушіде шыңайы залал және (немесе) айрылып қалған пайда пайда болуы мүмкін (алынбаған кіріс). Керісінше, практика көрсеткендей, азаматқа немесе заңды тұлғаға мүлкіне құқыққа қарсы қол сұққан жағдайларда, әдетте, тек қана шыңайы залал келтіріледі. Шығындарға келсек, зиян келтірілген жақ өзіне келтірілген ұтылған пайданы (айрылып қалған пайда) дәлелдеп шығуы керек. Жоғарыда айтылып өткен, бізге «зиян» және «шығын» түсініктерінің ұқсас еместігіне негіз береді. Сонымен қатар, «зиян» термині «шығын» және «залал» терминдеріне қарағанда кең мағынада қолданылып, түсінілуі қажет.
Берілген мәселе бойынша жоғарыда аталғандар келесі қорытындыға келуге мүмкіндік береді, яғни зиян түсінігі түрлік болып табылады, ал зиян түрі қол сұғу объектісіне байланысты.
Азаматтық кодекс оқулықтарында «шығын» түсінігі ақшалай нысанада көрсетілген материалдық залал ретінде қарастырылған. Яғни, шектетудің тағы бір критериі бар: егер ақшалай нысанада болса-онда шығын, егер өзге де материалдық мағынада болса-онда зиян.
Егер АК-нің 9-бабының 4-тармағына назар аударсақ, онда шығын және залал түсінігі арасындағы шектеу жоғалады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi. АК-нің 917-бабы құқыққа қарсы әрекеттермен келтірілген мүліктің бұзылу шығының зиян деп атайды.
Сонымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы бұзылған туындаған жағдайларды, әдетте, «залал» терминімен атаймыз. Жеке тұлғаға немесе азаматтың немесе заңды тұлғаның мүліктік емес игілігіне және құқығына қол сұғу салдарынан туындаған жағдайлар үшін бырыңғай «зиян» термині қолданылады. Бұл жағдайда «залал» термині мүлде қолданылмайды, себебі заң шығарушы
Жеке тұлғаға және оның материалды емес игілігіне зиян келтіруін ақшалай бағалау шартында оның шыңайы мүмкін еместігі негізінен заң шығарушыға негіз болған.
Әр түрлі ұқсас мағынадағы сөздерді қолдану, заңды қолдануға бөгет бола алмайды, бірақ азаматтық кодекста сөздерді қолдануды реттеу қажет немесе олардың нақты түсінігін беру қажет.
Мемлекеттік баж Залалды өтеу істері бойынша
Залалды өтеу туралы талап қою өтінішін беру барысында СҚ 610- бабының 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша мемлекеттік баж төленеді, мүліктік сипаттағы талап қою өтініштерінен: жеке тұлғалар үшін талап қою өтініш сомасынан 1 % мөлшерінде; заңды тұлғалар үшін талап қою өтініш сомасынан 3 % мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.
«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысында көрсетілгендей, мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап арыз үшін мемлекеттік баж қойылған талаптардың әрбір түріне белгіленген мөлшерде бір мезгілде төленеді.
Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусым №3 нормативтік қаулысының 18 тармағына сәйкес азаматтардың "Мемлекеттiк баж туралы" Заңға сәйкес моральдық зиянды өтеу туралы талаптары мүлiктiк емес сипаттағы талаптар сияқты, арыз берiлген күнде тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 50 процентi мөлшерiнде мемлекеттiк баж төлеуге жатады.
АІЖК-ның 155-бабының 2-тармағына сәйкес баж салығын төлемегені үшін негізді түрде қозғалыссыз қалдырып, қайтарылған талап бойынша мысал, ол Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотының ұйғарымымен ЖК А.И.Гордиенконың жауапкер В.А.Котоваға қарсы берген материалдық зардапты,жоғалған пайданы және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы қозғалыссыз қалдырылған. Сот бұл талап бойынша үш дербес талап қойылған, бірақ мемлекеттік баж салығы төленбеген деп көрсеткен.
Талап қою зиянды өтеу бойынша
Зиянды отеу туралы азаматтық істі қозғауға мүдделі тұлғаның талап қоюы ықпал етеді.Талап арыз түскеннен кейін судья, талап қою құқығын жүзеге асыруға алғы шарттардың орын алғандығын мұқият тексеру қажет, оның ішінде:
- АІЖК-нің 153-бабаынан көзделген, талап арызды қабылдаудан бас тартуға әкеп соғатын құқықтық тыйым салулардың жоқтығы;
- Талап арызды қайтару үшін, АІЖК-нің 154-бабымен көзделген негіздердің жоқтығы;
- АІЖК-нің 155-бабына сәйкес, талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін негіздердің жоқтығы;
Судья алғышарттардың орын алғандығын анықтаудан бөлек, талапарыздың АІЖК-нің 150-бабы және АІЖК-нің 151-бабының 1-3 тармақшалары нормаларының нысаны мен мазмұны бойынша сәйкестігіне көз жеткізу керек.
Сотқа келіп түскен талап-арыз АІЖК-нің 150-151 баптарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жылғы «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 20 наурыздағы №2 норманың қаулысында көрсетілгендей, талапкерлер талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарына негізделген мән-жайлардың жан-жақтығын баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайлар мен талаптарды растайтын дәлелдемелерді келтіруге міндетті.
АІЖК-нің 155-бабының 2- бөлігіне сәйкес ,егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 150- бабаының 2-бөлігіне сәйес арызда арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Одан басқа, Қазақстан Респбликасының АІЖК-нің 151- бабының 1-4 тармақшаларына сәйкес. талап арызға: жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат; өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
ҚР АІЖК-нің 154-бабына сәйкес судья талап арызды қайтарудың негізі: егер:
1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
2) іс осы соттың соттауына жатпаса;
3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;
5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3- тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.
Азаматтық істерді қарау Зиянды өтеу туралы талап арыздар бойынша
Зиянды өтеу туралы талап арыз зиян келтіру фактісін анықтау мен дәлелдеу, сондай-ақ келтірілген зиянның мөлшерін анықтау күрделілігімен ерекшеленеді.
Заңның негізінде, ұйымның немесе азаматтың мүлкіне зиян келтірген кезде, осы құқық субъектілерінде оған зиян келтіргеннен оны өтеуді талап етудің заңды мүмкіндігі туындайды. Осындай мүмкіндік туындау үшін, зиянды өтеуге және құқықтық шаралардың көмегімен қол жеткізуге субъектіде заңды құқыққа ие болуға үміттенудің пайда болуына бірқатар жағдайлар қажет.
Зиянды өтеуге субъективтік құқықтың ерекшелігі болып табылатын, заңдық (нақты) құрам деп аталатын – мән-жайлардың жиынтығы қажет.
Оған жекелеген элемент ретінде, зиян (нұқсан, шығын) жатады; зиян келтірген субъектінің жүріс тұрысының құқыққа қайшы келуі; құқық бұзушы жүріс тұрысының кінәлі екендігі және құқық бұзушы жүріс тұрысы мен жәбірленушіден зиянның пайда болу фактісі арасындағы объективтік себепті байланыстың болуы.
Деликтік міндеттемелер жәбірленушінің жалпы қандай да бір құқықтық қатынастармен байланысты емес(шарттық немесе өзге де міндеттемелермен) барлық жағдайда, сондай-ақ сақтандыру немесе өзге де көздердің түрлерімен көзделген, ережелер бойынша зиян толығымен өтелмеген жағдайда құқықтарын қорғайды Азаматтық заңнамада келтірілген зиянды толығымен өтеу принципі бекітілген.
АК-тің 917-бабында азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс делінген.
АК-тің 934-бабына сәйкес, зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот iстiң мән-жайына сәйкес зиян үшiн жауапты адамды келтiрген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтеуге (тегi мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлiнген затты жөндеуге және т.б.) мiндеттейдi.
Өз кезегінде, АК-тің 9-бабы 4-тармағына сәйкес, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiндіріледі.
Осылайша, жәбірленушінің шығындарын шартты түрде, нақты нұқсан және айрылып қалған пайда деп екіге бөлуге болады.
Тікелей нақты нұқсан, қасақана жоюға, нұқсан келтіру, бүліну, тонау, мүлікті заңсыз шығындау, мүліктің нақты жеткіліксіздігі және т.б. алып келген шығындарды құрайды. Тікелей нақты нұқсан сот практикасында зиян келтірушіден өндіріледі.
Бұны басқа алынбай қалған табыс шығындарының түріне жатрқызуға болмайды.
Заң бойынша қойылатын міндетті талап (мысалы АК-тің 958-бабы) меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы меншік иесінің мүлікті тиісті түрде заңнама талап ететін өлшемдермен күтіп ұстау міндеттілігі түсініледі.
Алынбаған табысты алуға егер, құқықбұзушылықпен және табыс шынайы болуымен байланысты табысты объективті алмаса, кез келген азамат немесе ұйым алады.
Зиянды өтеу туралы талаптар АІЖК-нің 11, 17-21 тарауларының нормаларынмен бекітілген ережені сақтай отырып, сот отырысында сот қарайды.
Осы санаттағы істер АІЖК-нің 24–тарауының нормаларымен көзделген талаптарды сақтай отырып, сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. Мұндай істер, бұйрық арқылы іс жүргізі немесе ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды. Зиянды өтеу туралы іс бойынша тиісті жауапкер ретінде зиянды келтірушілер жатады, (зиян келтіруде тікелей кінәлі немесе заңнама актілерімен жауапкершілігі тікелей көзделген жеке және заңды тұлғалар).
Пәтерді су басумен байланысты, зиянды өтеу туралы талаптар
Тұрғын үй меншік иелерімен тұрғын үйлерді су басу фактілері бойынша зиянды өтеу туралы талаптармен көптеген талап арыздар сотқа беріледі.
Осы санаттағы істер бойынша дауларды қарау соттарда қиындық туғызбайды. Талапкерлер берген талапты қанағаттандыру кезінде соттар олардың ұсынған дәлелдемелерін назарға алады: КСК өкілдерінің, көршілердің қатысуымен әзірленген Актісін, сондай-ақ, келтірілген зиянды бағалау туралы Есеп немесе Анықтамаларды.
ҚР АК-нің 917-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iсәрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
Осы норманың мағынасынан, заң шығарушы біріншіден, зиян келтірген адамның міндеттілігін, оны толығымен өтеуді белгілейді, екіншіден, келтірілген зиянға оның кінәсінің болмауынан жауапкершіліктен босатудың бірден бір негізін көздейтінін байқауға болады.
ҚР АК-нің 189-бабының негізінде меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығымен меншік иесінің заңнама талап ететін өлшемдерімен мүлікті тиісті түрде ұстау міндеттілі түсініледі. Сонымен, меншік иесіне ол иесі болып табылатын тұрғын үйді күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша міндет жатады.
ҚР «Тұрғын үй қатынстары туралы» Заңының 35- бабы 2- тармағына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге міндетті.
Сондай-ақ, аталған Заңның 4-бабы 2-тармағында тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс делінген.
Сондай-ақ, аталған Заңның 4-бабы 2-тармағында тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс делінген.
Жоғарыда көрсетілген нормалардан, тұрғын үй меншік иесі оған тиісілі мүлікті талапқа сәйкес қарауға және ұстауға міндетті екендігі, оның пәтерінде орналасқан сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, отпен және т.б. құрылғыларының жүйелерін уақытылы сапалы ауыстыру және үшінші тұлғаларға зиян келтіруге жол бермеуге жауапкершілікте болу қажет екендігі көрсетілген.
Су басу бойынша істерді қарау кезінде заңдық маңызы бар мәнжайларды анықтауға қажет - тұрғын үйді су басумен келтірілген зиян үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жауапкершілікті жүктейтін адам болып табылады.
Тиісті жауапкерлер:
- оның салдарынан су басу болған меншік иесі немесе тұғын үйді жалға алушы;
- көп пәтерлі тұрғын үйді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар,
- көп пәтерлі тұрғын үйге құрылысты жүзеге асыратын ұйымдар бола алады.
Істерге талдау жасау, соттардың көп пәтерлі үйлерді басқаруды жүзеге асыратын тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) және ұйымның шекараны бөлу жауапкершілігіне, осы жағдайдың ортақ үйді көп пәтерлі тұрғын үйді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиісті түрде ұстамау салдарынан пәтерлерді су басу себептерін үнемі анықтау мәселелерін ерекше назарға алатынын көрсетті. Ұйымдардың жөндеу және ортақ үйдің құрылғыларының жай күйіне алдын алу бойынша шаралар қабылдамағанын анықтағаннан соң, сот көп пәтерлі тұрғын үйлер меншік иелеріне келтірілген зиянға жауапкершілікті компанияға жүктеген.
«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 қаулысының 9-тарамғына, АІЖК-нің 64-70-баптарына сәкес, соттар сот отырыстарында даудың мәніне тікелей қатысы бар және істің мән-жайын анықтау, татаптардың дауының мәні бойынша уәждерін растау немесе теріске шығару үшін жеткілікті болып табылатын дәлелдемелердің ғана зерттелетінін назарда ұстаулары қажет. Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен растауға тиісті мән жайы ешқандай да басқа дәлелдемелермен расталуға тиісті емес.
Медициналық көмек көрсетумен, іздестіру шаралын және т.б. жүргізумен байланысты шығындарды мемлекет пайдасына өндіру туралы талаптар.
Зиянды өтеу бойынша істерді зерделеу кезінде, соттардың сондай-ақ, медициналық көмек көрсетумен, сотталғандарға қатысты іздестіру шаралын жүргізумен байланысты, шығын ретінде мемлекет пайдасына зиянды өндіру туралы істерді қарайтыны анықталды.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 98-бабына сәйкес, жазасын өтеу кезінде мемлекетке, мекемеге, жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда, сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады. Сотталған адам мемлекетке, мекемеге келтiрген залалдың, өзінің қашып шығуының жолын кесуге, жағдайларда өз денсаулығына қасақана зиян келтiрген жағдайда өзін емдеуге байланысты қосымша шығындардың орнын толтыруға тиiс.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы № 2 аудандық сотының 2015 жылғы 07 сәуірдегі шешімімен Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ «ЖД 158/7 Мекемесі» ММ-нің жауапкер Т.А.Тохтиевтен материалдық зиянды өндіру туралы талабы қанағаттандырылды.
Осы шешімнен 2014 жылдың 21 мамырында сотталған, жазасын өтеуші Т.А.Тохтиев ҚАЖ қызметкерлерінің заңды талаптарына наразылық ретінде метал затпен өзінің қарнына кіргізу арқылы дене жарақатын келтірген. Т.А.Тохтиевті мекеменің медициналық бөліміне жеткізілген, оны қарап, «ішкі органдарына зақым келумен қарынның алдыңғы жағына кіргізілген жарақат» деген диагноз қойылып одан кейін тергеу тобы, хирургиялық араласу үшін, жедел медициалық көмек шақырылған. Тараз қаласының №1 қалалық дәрігерінде оның қарнынан бөгде затты алу бойынша ота жасалып, үщ күндік стационарлық емделуден кейін мекеменің медициналық бөліміне ауыстырылды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 18/7 Мекемесі медициналық бөлім басшысы капитан Г.Н.Каликулованың берген анықтамасынан, Т.А.Тохтиевті емдеуге медициналық көмек көрсету кезінде жалпы соммасы – 3090,06 медициналық препарат қолданылған. 2014 жылғы 16 маусымдағы № 1 қалалық дәрігердің №820 анықтамасына сәкес, емдеумен байланысты зиян соммасы – 197 096, 45 құраған.
Дәлелдемелер жиынтығының негізінде, сот жауапкерден 3 090 тенге және 197 096 тенге сомма мөлшеріндегі шығындарды өндіріп, талапкердің талап арызын қанағаттандырды, өйткені, Т.А.Тохтиев жазасын өтеу кезінде өзінің әрекеттерімен өзінің денсаулығына қасақана зиян келтірген, мемлекетке және мекемеге материалдық зиян келтірген.
Осыған ұқсас, Алматы облысы Қаратал аудандық сотының 06.08.2015ж. шешімімен Алматы облысы Қаратал ауданы прокурорының В.И.Балановтан медициналық көмек көрсетумен байланысты 130 671 теңге мөлшерінде мемлекет пайдасына зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандырылды.
Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жас мамандардың тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие алуы қарыз соммасын өндіру туралы уәкілетті органның талабы.
Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі ММ-нің Ж.Е.Аишевадан 2011 жылдың әкімдігінің атына Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулы соның негізінде, әлеуметтік қолдау шаралары ретінде тұрғын үй алу үшін, бюджеттік несие беру туралы өтініш беруімен байланысты, өзінің талабын негіздеп, қарыз өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген.
02.12.2011 жылғы Теректі аудандық әкімдігінің қаулысымен, аудан комиссиясы шешіміне сәйкес, 1 999 000 теңге мөлшерінде көтерілу өтемақысын беруге рұқсат етіліп, жауапкердің шотына өтемақы аударылған. Ауылдық жерлерде жұмыс істеу және тұру үшін келген Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулыға сәйкес, бюджеттік несие алушы өзіне Ақжайық балалар бақшасы МКҚК-да 5 жылдан кем емес қызмет етуге міндеттеме алған. Жауапкер 29.06.2012 жылы бұйрықпен жұмыстан шыққан, бірақ бюджеттік несие соммасын қайтармаған.
Осыған байланысты, талапкер жауапкерден 1 992 000 теңгені өндіруді және жауапкерге сот шығындарын өтеуді сұраған.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №2 сотының 27.03.2015 жылғы шешімімен «Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің талабы қанағаттандырылды. Сот Ж.Е. Алишевадан жергілікті бюджет пайдасына 1 992 000 теңге сомма, және мемлекет пайдасына 59 760 теңге мемлекеттік бажды өндірген.
Сот талапкердің талабын негізі деп таныған, адам басқа, істі қарау барысында жауапкер талапты мойындап өтініш жазған. АІЖК-нің 193-бабы 4-тармағына сәйкес, жауапкердің талап мойындаған кезде сот оны қабылдап, берілген талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарады.
Егісті жайлау мен малдың өлімінен келтірілген зиянды өтеу
Қалыптасқан практика, малдың егісті жайлауы бойынша зиянды өтеу туралы талаптар бойынша жауапкерлер ретінде малдың иелері танылады.
Солтүстік –Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.05.2015ж. шешімімен «Иван Зенченко» ЖШС-нің «Айбат Құлагер» ЖШС-нен зиянды өтеу туралы талаптары қанағаттандырылды. «Айбат Құлагер» ЖШС-нен «Иван Зенченко» ЖШС-нің пайдасына 5 742 000 теңге мөлшерінде зиян соммасы, 172 260 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді.Талап жауапкерге тиесілі жылқылардың егісті жайлауы нәтижесінен келтірілген 5 742 000 теңге соммасын өндірумен байланысты, берілген.
Сот талапкер тарапынан келтірілген зиянның мөлшері 5 742 000теңгені дәлелді деп таныды, атап айтқанда, ҚР АК-нің 917-бабының 1-бөлігіне азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс деп сілтеме жасап, егістің жалпы көлемі 31,2% мөлшердегі егістік жайланған деп таныды.
ҚР АІЖК-нің 65 бабының негізінде, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс, Бірақ, талапкер, жауапкердің егістікті жайлауынан келтірілген зиян кінәсін дәлелдемеген.
Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік
Заң шығарушы кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілікті шектеген атап айтқанда, АК-тің 925-бабында жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн, егер зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның заңды өкілдері жауап бередi. АК-тің 926-бабында он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi делінген.
Солтүстік-Қазақстан облысы Айыртау ауданының 22.01.2015ж. шешімімен Т.А.Шаймакованың З.А.Букуева., А.Р.Букуевтан кәмелетке толмағандар келтірген материалдық зиянды өтеу туралы талабы толығымен қанағаттандырылған.
З.А.Букуева., А.Р.Букуевтан Т.А.Шаймаковтың пайдасына ортақ тәртіппен 200 000 теңге келтірілген материалдық шығын және мемлекеттік бажды төлеу бойынша төлем шығындары – 200 теңге өндірілді.
Талап арызында талапкер 07.10.2014ж. 19-30 шамасында СолтүстікҚазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл аулында Темір жол ауданы жолы бойынша мемлекеттік нөмірі 242 ВЕА 15 «Никсан Максима» автокөлігінде өтіп бара жатқанын көрсеткен. «Аққайың» кафесінен алыс емес жерде алты жасөспірім бала өтіп бара жатқан. Жасөспірімдердің біреуі оның автокөлігінің оң жақ есігінің терезесіне тас лақтырған, нәтижесінде терезесі сынып, талапкерге 20 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген. Қылмыстық істен бас тарту туралы 09.10.2014ж. қаулығы сәйкес, автокөлікті жауапкерлердің 2003 жылғы ұлы – жасөспірім Д.Рашитов лақтырған. Анықталған мән-жайларды ескере отырып, материалдық зағ нормаларын дұрыс қолданып, сот келтірілген зиянды өтеуге жауапкер ретінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін жауапкер ретінде таныған.
Серіктестік қатысушыларының зиянды өтеуі
Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 2-бабы 1-тармағына сәйкес, бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Алматы облысы Қаратал ауданының 16.01.2015ж. «Нұрлансын Әлем» ЖШС Конкурстық басқарушысының Н.А.Какитаевтан конкурстық өндіріспен байланысты, 694 500 теңге, жарғылық капитал соммасындағы төленбеген 97 100 теңге, салық және өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша – 7 145 743 теңгетүріндегі зиян соммасын серіктестік қаысушысы К.Б.Касеновадан өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарау кезінде конкурстық басқарушының 97 100 теңге өндіру талабы келесі негіздер бойынша ішінара қанағаттандырылды. Жарлықтың 2.7. тармағына сәйкес, серіктестік қатысушысы К.Б.Касенов серіктестік міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестік қызметімен байланысты олардың салған салымы құнының шеңберінде тәуекел шығындарды көтереді.
Осыған байланысты, «Нұрлансын Әлем» ЖШС Конкурстық басқарушысының Н.А.Какитаевтан конкурстық өндіріспен байланысты, 694 500 теңге, салық және өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша – 7 145 743 теңге түріндегі зиян соммасын серіктестік қаысушысы К.Б.Касеновадан өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылудан бас тартылды.
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңынан туындайтын зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның 1- бабына сәйкес, айрықша құқық – тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы.
Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу.
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның 43-бабының 2-тармағына сәйкес, қорғалатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi осы Заңның талаптарын бұза отырып бiртектес тауарларға пайдаланғаны үшiн кiнәлi.
АК-тің 1037-бабына сәйкес, тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалануға құқығын иеленушi тұлға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар бұл атауды заңсыз пайдаланушыдан оны пайдалануды тоқтатуды, тауардан, оның қорабынан, бланкiлерден және басқа да құжаттамадан заңсыз пайдаланылған атауды немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiнi алып тастауды, атаудың немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiнiң дайындалған бейнелерiн жоюды, ал егер бұл мүмкiн болмаса, тауарды және (немесе) оның қораптарын алып тастау мен жоюды талап ете алады. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы құқықты бұзушыдан келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы (осы Кодекстiң 9-бабы).
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 09.06.2015ж. «KulanOil» ЖШС-нің Д.Н.Мырзахметовтан мотор майларымен 15 жалған канистрларды жүзеге асыру нәтижесінде 35 000 теңге соммасында В.В.Шиловқа шығынды өтеу түріндегі зиян, 34 500 теңге соммасында сараптама жүргізуге берілген канистр майының құны түріндегі зиян келтірілген 79 000 теңге мөлшеріндегі зиян соммасын өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды. Талапкер «KulanOil» ЖШС Д.Н.Мырзахметовтан зиянды өтеу туралы талаппен жүгінген. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 13.05.2014ж. қаулысымен Д.Н.Мырзахметов Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚРК-нің 145- бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 55 560 теңге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомманы мотор майларын тәркілеумен, әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Көрсетілген қаулыдан, 11.01.2014ж. Алматы қаласы ЭКҚКД ЭҚЖПБнің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен «Баянауыл» базарында, Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңды бұзып, жауапкердің «Mobil», «Esso» маркілі автокөлік матор майларын жүзеге асырғаны анықталды. Жауапкерден 15 литр май тәркіленген. Сараптамашылардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген май өнімнің түпнұсқа үлгісіне сәйкес келмейді, яғни жасанды май болып табылды. Осы шара В.В.Шиловтың бастамашылығымен көтерілген, себебі жауапкерден канистрмен алынған майдың түпнұсқа екендігіне күмән келтірген. Осыдан кейін, В.В.Шилов, «OilSertinternational» ЖШС-нің сарапшыларына жүгінген, жүргізілген сараптама нәтижесі жасанды фактіні растаған.
В.В.Шилов 11 300 теңге мөлшеріндегі жүргізілген сараптаманың құнын төлеген. 20.11.2013ж. олармен сенімгерлік келісім жасап және 20 000 теңге төлеп, тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестікке жүгінген. Жауапкер ұсталғаннан кейін, сарамтама жүргізу үшін 34 500 теңге соммасына 7 канистр майды берген. Сонымен қатар, Мырзахметовты жауапкершілікке тартқаннан кейін, алғыс ретінде В.В.Шиловқа келтірілген шығынды өтеген: жауапкерден жасанды майды алғаны үшін – 42 000теңге, сараптамашылардың төлемі – 11 300 теңге, «Адал» тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамға – 20 000 теңге, барлығы – 35 500 теңге.
Сот талапкердің ҚР тарриториясында «Mobil», «Esso» маркалы тауар белгілерінің жалғыз құқық иесінің арнайы өкілі болып табылатынын анықтаған.Осыған байланысты, Жауапкердің 15 канистрмен жасанды мотор майларын іске асырудың нәтижесінде, құқыққа қайшы әрекеттерінен талапкерге 79 000 теңге көлемінде зиян келтірілген, ал АК-тің 9-бабының 4- тармағына сәйкес, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.
Одан басқа, талапкерге жауапкерден алынған майдың сапасын анықтауға жүргізілген сараптама үшін, 7 канистр мотор майы ретінде 34 500 теңге мөлшеріндегі зиян келтірілген. «KulanOil» ЖШС-нің Д.Н.Мырзахметовтан зиянды өтеу туралы қойған талабы ішінара қанағаттандырылды. Д.Н.Мырзахметовтан «KulanOil» ЖШС-нің пайдасына 113 500 (34500 теңге және 79 000 теңге) мөлшеріндегі келтірілген шығын өндірілді.
Талапкердің жауапкерді тексеру үшін бастамашылық етіп, одан кейін соңғыны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініші бойынша, В.В.Шиловтың 35 000 теңге төлеген шығындарын өтеу бөлігі бойынша талабын, сот В.В.Шилов көрсеткен сомма талапкер мен В.В.Шиловтың арасында жасалған келісімнің негізінде жасалғанын, соған сәйкес, талапкер В.Шиловтың әрекетін назарға алып,, В.Шиловтың шығынды өз еркімен өтейтініне келіскендіктен қанағттандыруға жатпайды деп санайды.
Тасымалдау кезінде жүктің немесе багаждың жоғалуы, зақымдануы жағадайындағы зиянды өтеу
ҚР АК-нің 705-бабы талаптарының негізінде тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап және алушыға, ол жүктi алуға уәкiлеттi адамға немесе теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағандығын дәлелдемесе, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны үшiн жауап бередi. Жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиянды тасымалдаушы: 1) жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалған немесе кем шыққан жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде; 2) жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құнының төмендеген сомасының мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтіру мүмкiн болмаған кезде - оның құны мөлшерiнде; 3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе қол жүгiнің жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
Осы нормалар тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы куәландырады.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотының 29.07.2015 жылғы шешімімен Е.С. Коптлееваның, «Ақтау қаласы Халықаралық әуежай» АҚ «SKAT» Әуекомпаниясы АҚ-нан 560 000 теңге мөлшеріндегі материалдық зиянды, 200 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өндіру жартылай қанағаттандырылды.
Сот талқылауында талапкер мен «SKAT» ЖШС-гі арасында жүргіншілер мен жүкті тасымалдау жөніндегі келісім шарт жасалған. Осы 21.12.2014 жылғы шартқа сәйкес, «SKAT» ЖШС №812 рейспен оны тасымалдау және жүкті тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілен. Әуе жол бортына талапкер салмағы 24 кг сөмке түріндегі жүкті тапсырған және өткізгендігін растайтын факті туралы №069187 бирка алған. Бірақ, Ақтау портына келгенде талапкер көрсетілген бирка бойынша жүгінің жоқ болуына байланысты, жүгін ала алмаған, осы туралы «Ақтау қаласының Халықаралық әуежайы» АҚ-ын одан кейін «SKAT» АҚ-на хабарлаған. Дәл осы күні «Ақтау қаласы Халықаралық әуежайы» АҚ-ның және «SKAT» АҚ-ның қызметкерлерімен жоғалған жүкке іздеу жариялау туралы тиісті өтініш ресімделгендігі туралы телетай бағдарламаның электронды құжат хат алмасуы ұсынылған.
Сот талапкердің «Ақтау қаласының Халықаралық Әуежайы» АҚ-мен жасалған келісім шартта, жүкті сақтау бойынша қандайда бір міндеттемені осы жауапкерден алмағандығын ескере келе, көрсетілген жауапкердің талабын қанағаттандырудан бас тартуды дұрыс деп санаған.
Материалдық зиянның мөлшерін анықтауда сот, әуе көлігінің Халықаралық қауымдастығы ИАТА №724 резолюциясын басшылыққа алған, онда егер, алдын ала декларацияда неғұрлым жоғары баға көрсетілмесе және қосымша салықтар төленбесе, жүктің жоғалғаны үшін, әрбір килограмға 20 АҚШ долларымен шектелген тасымалдаушының жауапкершілігі қарастырылған.Жүргінші әуеге ұшу кезінде жүктің бағасын көрсетпеген, жүкті өз еркімен сақтандырмаған.
Іс материалдарында жоғалған жүктің салмағын 24 кг растайтын құжаттар болған. Осыған байланысты, сот «SKAT» АҚ-нан 180 АҚШ доллары көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы талапты қанағаттандырған, ҚР Ұлттық Банкінің курсы бойынша, шешім шығарған күні 187,25 доллары 89 880 теңгені құраған. Е.С. Коптлееваның «Ақтау қаласының Халықаралық Әуежайы» АҚ-нан материалдық зиян келтіргені үшін, моральдық зиянды өтеу туралы ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылған.
АО «SKAT» өкілдерінің жоғалу фактісінің расталмағандығы туралы уәжін сот, жарамсыз деп таныды, өйткені өтініш иесімен уақытылы жүктің жоғалғандығы фактісін білген күні өтініш берілген, ол бойынша іздестіру шаралары жүргізілген. Авиакомпания өкілдернің қатысуымен жасалған актінің болмауы жүктің жоғалу фактісін растайтын талапкердің уәждері мен ұсынылған құжаттарды жоққа шығармайды. Керісінше, талапта көрсетілген мән - жайларда және сот - отырысында анықталған мән - жайлар әуекомпаниясының ҚР-ның қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жауапкершілікті алмау мақсатында, құжатты тиісті түрде ресімдеуден жалтару туралы фактіні куәландырады.
Еңбек дауларынан туындайтын зиянды өтеу туралы талаптар
Еңбек келісім шарттарына сәйкес, жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін адал атқаруға, бұйрық және өзінің жұмыс берушісінің кімдерін, мүлікке ұқыпты қарауға міндет алады.Тексеру нәтижесінде анықталған жетпеу ұрлау, нәтижесінде талапкер келтірілген материалдық зиянға қатысты істерді қарау кезінде жауапты адамнан негізді өндірілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 160-бабына сәйкес, еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 161-бабының 3- тармағына сәйкес, жұмыскер жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін жұмыскердің алдында жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 165-бабының 2- тармағына сәйкес, қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 167-бабына сәйкес, қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 168-бабына сәйкес, өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.
Атырау қалалық сотының 17.02.2015ж. шешімімен «Ақбұлақ-Атырау» ЖШС-нің С.С.Карташовтан 330 568 теңге мөлшеріндегі материалдық шығынды өтеу туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Сот талқылауы кезінде сот 2014 жылдың 18 маусымындағы № К-216 бұйрығына сәйкес, С.С.Караташовтың штаттық кестеге сәйкес, сауда агенті ретінде жұмысқа қабылданғанын анықтаған.2014 жылдың 18 маусымындағы жұмыс беруші мен С.С.Карташов арасында №59 еңбек келісім-шарты және толық материалдық жауапкершілігі туралы келісім – шарт жасалған.
Серіктестіктің 2014 жылдың 19 қыркүйегіндегі №К-384 бұйрығы жұмыскердің бастамашылығы бойынша еңбек келісім шарты бұзылған. 2014 жылдың 17 қыркүйегіндегі инвентаризация актісіне сәйкес, жалпы соммасы 384 460 теңгеге тамақ азық-түліктерінің жетіспегендігі анықталған.
С.С.Карташов 2014 жылдың 16 қыркүйегіндегі түсініктемесінде 384 460 теңге соммасындағы қарызын мойындаған, онда оыс сомманы 2014 жылдың 5 қазанынына дейін төлеуге міндет алған, бірақ, талапкер алдындағы қарызды өтеу бойынша міндеттемені толығымен орындамаған.Серіктестіктің оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыскер С.С.Карташовтың міндеттері көрсетілген 2014 жылдың 18 маусымындағы толық материалық жауапкершілік туралы келісім шартты назарға ала отырып, сот жауапкерден 327 715 теңге мөлшеріндегі қарызды, сондай-ақ жұмыс істеген кезеңі бойынша артық төленген еңбек ақы есебінен 2 852 теңге сомманы заңды өндірген.
Сонымен бірге, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2015 жылдың 25 маусымындағы сырттай шешімімен «Алтынай» ШҚ Б.Е.Избергеновтан жоспарлы инвентаризация нәтижесі бойынша, 28.01.2013ж. еңбек шартына және толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісім шартқа сәйкес, 4 бас жетіспейтін жылқының құынын құрайтын 1 000 000 теңге материалдық шығынды өтеу туралы талабы қанағаттандырылды. Себебі, жұмыскер - Б.Е.Избергенов жылқышы жұмысына қабылданып жылқылардың сақталуын қамтамасыз етпеген сөйтіп, Шаруа қожалығына жалпы соммасы 1 000 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Жалға беру және өзге де келісім шарттар бойынша зиянды өтеу туралы талаптар
Зиянды өтеу туралы істерді зерделеу кезінде соттардың жалға беру және өзге де келісім шарттар бойынша зиянды өтеу туралы талаптар бойынша істер көп қаралады.
Қазақстан Республикасының АК-нің 272-бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
АК-нің 268, 271, 272, 349 –бабтарының талаптарына сәйкес, келісім шарттардан туындайтын зиян келтіру немесе өзге де міндеттемелер АК-тің 7- бабында, келісім шартты бір тараптың орындамауы жағдайында міндеттемені орындаған тарап, өзге тараптан оның тиісті түрде орындалуын талап етуге құқылы. Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi.
АК-тің 350-бабына сәйкес, мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi. Шығынды өтеудің әмбебаптылығы, міндеттеме барлық бұзылған жағдайда өндіруге жатады.
Зиянды өтеуді реттейтін істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі құқықтық нормативтік актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (ары қарай - АІЖК ), Тұрғын үй Кодексі (бұдан әрі - ТК) және басқа да жеке меншік құқығын, меншік құқығын реттейтін және келтірілген зиян салдарынан туындаған жағдайлармен байланысты мәселелерді реттейтін басқа да заңды актілер жатады.
Зиянды өтеуді реттейтін заңға тәуелді актілердің, ережелердің ішінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген актілерді, зиянның мөлшерін анықтау тәртібі туралы профильді Министрліктермен бекітілген Нұсқаулықтарды атап өту қажет.
Сонымен қатар, соттар берілген категорияның істерін шешу барысында «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 (2009 жылдың 29 маусымындағы енгізілген өзгерістермен) нормативтік қаулысын (ары қарай–НҚ), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1996 жылғы 25 шілде N 7 «Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы» (30.12.2011 жылғы енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен), «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 3 (30.12.2011 жылғы енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен), «Азаматтық iстер бойынша экспертиза туралы» Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1989 жылғы 22 желтоқсан N 14 нормативтік қаулысы (18.06.2004 жылғы өзгертулермен), «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 9 Нормативтік қаулысы (30.12.2011жылғы өзгертулермен), «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 21 (29.12.2012 жылғы өзгертулермен), «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы (29.12.2012 жылғы өзгертулермен) және т.б. нормативтік қаулылармен жұмыс атқарады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Возмещение ущерба причиненного некачественным товаром, работой или услугой нарушением
52 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі
44 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (1)
47 рет жүктеп алынды -
Возмещение ущерба причиненного некачественным товаром, работой или услугой нарушением
46 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі
51 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (1)
45 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (1)
45 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (2)
56 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (2)
49 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (3)
65 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (3)
50 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (4)
101 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (5)
55 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (6)
46 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (7)
49 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (8)
46 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (9)
82 рет жүктеп алынды -
Судебное решение суда первой инстанции (10)
50 рет жүктеп алынды