Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Бланки / Жалоба в порядке статьи 106 УПК Республики Казахстан

Жалоба в порядке статьи 106 УПК Республики Казахстан

Жалоба в порядке статьи 106 УПК Республики Казахстан

Внимание!  

       Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши адвокаты готовы оказать вам помощь в юридической консультации,  составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.  

      Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

 

  Шымкент     қаласы бойынша  мамандан-

                                                         дырылған ауданаралық тергеу сотына                                 

                                                        кәмелетке жасы толмаған жәбірленуші

                                                         Р.Н.Ә. заңды

                                                         С.И.Ж.

                                                         мекен жайы: Шымкент қаласы, . м/а,

                                                         . көшесі, № 30 үй

                                                               Тел: 8-701-.

                    Сенімхат арқылы       Ш.К.Е.а

                             өкілі:                  мекен жайы:  Алматы қаласы,

 . даңғылы, № 82/90 үй, № 96

                                                                      тел:  8-775-.  

                      

 Ш А Ғ Ы М

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен )

                4-желтоқсан 2023 жылы Шымкент ҚПД ТБ-нің тергеушісі полиция майоры Н.М.Арипбаев сотқа дейінгі тергеп тексеру №227911031002902 санды ісін қарап шығып, іс бойынша жинақталған құжаттар негізінде А.С., Д.Ш. және А.С. іс әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деген негізсіз, жалған тұжырымға келіп,  ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлігі 2 тармағын басшылыққа алып қылмыстық істің өндірісін тоқтатуға қаулы қабылдаған.

                Бұл қаулыға Шымкент қаласы Абай ауданының прокурорының және Шымкент қаласының прокурорының аттарына шағымдар келтірілген болатын. Шымкент қаласының прокуроры болса өз міндеттерінен қашып, шағымды Абай ауданының прокуратурасына жолдаған.

            Сөйтіп, Абай ауданының прокуратурасы екі шағымды қосып қарап, өзінің 25-желтоқсан 2023 жылғы қаулысымен менің шағымымды қанағаттандырусыз қалдырып отыр.

              Мен  тергеу орнының және Абай ауданы прокуратурасының  бұл қаулыларымен төмендегі мән-жайларға байланысты келіспеймін, заңсыз деп есептеймін :

  • Шымкент ҚПД ТБ-нің тергеушісі полиция майоры Н.М.Арипбаев қаулысындағы: « ..А.С., Д.Ш. және А.С. іс әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 293, 389 баптарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамдары анықталмайды..» деген тұжырымдары мүлдем негізсіз.

             Себебі, куә ретінде жауап алынған Аб. Д.р мен Турсункулов Баймахамбет (Сихимбаевтардың үйінде жұмыс істеп жатқан азаматтар)  өз жауаптарында оқиғаны көріп тұрғандарын, айқай шу, төбелес болғанын айтқан. Яғни оқиға солардын көзінше, көшеде, яғни қоғамдық орында  болған.

               Куә ретінде жауап алынған Б.Б. (Сихимбаевтар мен Жандарбековалардың көршісі) сол уақытта көшеде, яғни қоғамдық орында жұрттың тыныштығын бұзып,  көршілері ұрысып жатқанын көргенін, әрі қарай төбелес болғанын көрген жоқпын деп жауап берген.

              Яғни, қылмыс оқиғасы қоғамдық орында, өзге азаматтардың көз алдында болып, олардың тыныштығы бұзылып, қоғамдық тәртіп өрескел бұзылғандығы,     А.С., Д.Ш. және А.С. іс әрекеттерінде бұзақылықтың құрамы бар екендігі толығымен өз дәлелін тауып отыр. Алайда, қылмыстық істі сотқа жолдауға тергеушіде мүлдем құлық жоқ.

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 3 «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағында : «   Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке адамдарға кемсітушілікпен тиісу, тұрғын үйлерді, көпшілік орындарды ластау және айналасындағы адамдарды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке адамдардың мазасын алатын осындай басқа да әрекеттер күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан жағдайларда, олар әкімшілік құқық бұзушылықтың шегінен шығады және қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық құрамын құрайды » деп атап көрсетілген.

             Ал осы Нормативтік қаулының 3- тармағында: «   Жеке бас араздығының, жәбірленушілердің теріс әрекеттерінің салдарынан отбасында, туыстарға, таныстарға қатысты кемсіту, ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру және осыған ұқсас басқа әрекеттер жасау ҚК-нің жеке басқа қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін баптары бойынша саралануы тиіс. Айыптының әрекеттері бір мезгілде қоғамдық тәртіпті көрінеу өрескел бұзумен және қоғамды көрінеу құрметтемеумен ұштасқан жағдайларда мұндай әрекеттер бұзақылық ретінде саралануы керек » деп көрсетілген.

           Демек, аз. А.С., Д.Ш. және А.С. іс әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағында қаралған қылмыстардың құрамы бар  екені айдан анық. Себебі, олар адамдар тобы болып қоғамдық орында, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, бұзақылық жасаған.

           Бұл аталған Нормативтік қаулыға тергеуші Н.М.Арапбаев өзіде қаулысында көрсетіп отыр. Алайда, онда көрсетілген талаптарды өз бетінше топшылап,  айыптының әрекеттері бір мезгілде қоғамдық тәртіпті көрінеу өрескел бұзумен және қоғамды көрінеу құрметтемеумен ұштасқан жағдайларда  олар әкімшілік құқық бұзушылықтың шегінен шығады және қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық құрамын құрайды,  мұндай әрекеттер бұзақылық ретінде саралануы керек деген талаптарын назарға алмастан, теріс тұжырымға келген.

           Ал Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары Б.Қ. болса, осы жоғарыда аталған заң талаптарын ескерместен, тергеуші Н.А. жетегінде кетіп, оның С., Д.Ш. және А.С. іс әрекеттерінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293, 389 баптарымен қылмыстық қудалауды тоқтату туралы  қаулысымен келісіп, 04.12.2023 жылы оны бекіткен.    

  • Абай ауданының прокуроры Бериков.Р.Ж. болса өзінің 25.12.2023 жылғы қаулысында : « ..Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 3 «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысына сәйкес, жеке бас араздығының, жәбірленушілердің теріс әрекеттерінің салдарынан отбасында, туыстарға, таныстарға қатысты кемсіту, ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру және осыған ұқсас басқа әрекеттер жасау ҚК-нің жеке басқа қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін баптары бойынша саралануы тиіс.

Денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге, мысалы, қызғаныш, кек алу, жеке бас араздығы және жеке қарым-қатынастың негізінде туындаған басқа сезімдер, сол сияқты жәбірленушінің жанжал немесе төбелесті бастаған заңға қайшы мінез-құлқы себеп болса, онда олар қоғамдық орында немесе бөгде азаматтардың көзінше жасалғанына ғана байланысты бұзақылық ниетпен жасалған деп қарастырылмайтындығы көрсетілген.

               Мұндай жағдайда А.С., Д.Ш. және А.С. іс-әрекеттерінде бұзақылық немесе өзінше билік ету қылмысының белгісі жоқ.

               Осыған орай, аудан прокуратурасы бұл қабылданған шешіммен келісті..» деп нормативтік қаулының өзіне ыңғайлы жерін ғана көрсетіп, менің шағымымды қанағаттандырмай отыр.

              Абай ауданының прокуроры Бериков.Р.Ж. осы  нормативтік қаулының 3-тармағында көрсетілген : « Айыптының әрекеттері бір мезгілде қоғамдық тәртіпті көрінеу өрескел бұзумен және қоғамды көрінеу құрметтемеумен ұштасқан жағдайларда мұндай әрекеттер бұзақылық ретінде саралануы керек » деген талаптарын қасақана көрсетпей, жалғандықтарға барып отыр. Шамасы, мені бұл талаптардан бейхабар деп есептеген болуы керек.     

  • 09.2022 жылы Шымкент қаласы, Самал-1 м/а, .... көшесі 30 үй тұратын кәмілетке толмаған 19.06.2007жылы туылған менің балам Нұрбақ Рақмаштың үйге қарама қарсы тұратын бұрын соңды бейтаныс адамдар құрылыс жүргізу барасында ауласынан шыққан қоқысты Нұрбақ Рахмаштың ауласына әкеліп тастаған.

            Бұны көрген  балам қоқысты алып тастауды сұрап, С. Ақмаралдың үйіне келген, құрылысшылар аламыз деп уәде беріп артынан алмай қойған. Осыған байланысты  балам Нұрбақ екінші рет ескертуге барғанда құрылысшылар өзің қоқысты әкеліп таста деген соң, амалсыз, балам  қоқысты қарсы алдындағы Сихимбаевтардың үйінің жанына апарып тастаған.

            Соны білген үй иелері С. балама  келіп, әлім жеттік танытып, сен неге біздің үйдің жанына қоқыс тастайсың, алып кет деп жанжал шығарып, кірпіштің бір бөлігімен баламды ұрып соғып дене жарақатарын келтірген. Осының салдарынан баламның  мойнына қатты зақым келген.

           Сол себепті, А.С., Д.Ш.ң және А.С.ң іс әрекеттерінде  ҚР ҚК-нің  293-бабында  қаралған қылмыстардан басқа 389-бабы 3-бөлігінде қаралған қылмыс құрамы да өз дәлелін тауып отыр деп санаймын.

             Өйткені, олар менің балам Н.Р.тәртіп бұзды деп  санаған жағдайда құзырлы орган қызметкерлерін шақырудың орнына, күш қолданып, өздерінше билік еткен, ұрып соғып, елеулі зиян келтірген.

  • Тергеуші Н.Арипбаевтың бұған дейін де, яғни 07.08.2023 жылы бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді заңсыз қысқартқан болатын.

             Алайда, тергеуші Н.Арипбаевтың іс бойынша объективті түрде, толыққанды, жан-жақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуге, сезіктілер А.С., Д.Ш. және А.С. ҚР ҚК-нің 293, 389 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартуға, қылмыстық істі сотқа дейін жеткізуге құлқы жоқ. Керісінше, оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға бағытталған неше түрлі құйтырқы әрекеттерге барып, созбалаңдыққа салып, мүдделілік танытумен келеді. 

             Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ҚР ҚПК-нің 105-106 бабтарының талаптарына сәйкес  Шымкент     қаласы бойынша  мамандан-дырылған ауданаралық тергеу сотынан                                 

                                                     с ұ р а й м ы н :

  1. 4-желтоқсан 2023 жылы Шымкент ҚПД ТБ-нің тергеушісі полиция майоры Н.М.А. сотқа дейінгі тергеп тексеру №227911031002902 санды қылмыстық істің өндірісін ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағының негізінде тоқтату жайлы  қаулысын және Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының 25.12.2023 жылғы менің шағымымды қанағаттандырусыз қалдыру жайлы қаулысын заңсыз деп танып, бұзуды.
  2. Қылмыстық іс бойынша тағыда басқа қосымша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізіп, толықтырып, созбалаңдыққа салмай, негізінен қарау үшін сотқа жолдау үшін Шымикент қалалық прокурорына жолдауды.

Тіркелді :

  1. 4-желтоқсан 2023 жылы Шымкент ҚПД ТБ-нің тергеушісі полиция майоры Н.М.А. сотқа дейінгі тергеп тексеру №227911031002902 санды  қылмыстық істің өндірісін тоқтату жайлы  қаулысының көшірмесі;
  2. Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының 25.12.2023 жылғы қаулысының көшірмесі.

              Жәбірленушінің заңды

                       өкілі :                                                  Ж..С.И.

                 Сенім хат арқылы

                        өкілі :                                                Ш..К.Е.

Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела