⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруімен байланысты қылмыстық істер

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруімен байланысты қылмыстық істер

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруімен байланысты қылмыстық істер

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруімен байланысты қылмыстық істер

              Бұрын қолданыста жүрген қылмыстық заңнама жаңа туған сәбиді анасының өлтіруін адам өлтіруге (бала өлтіруге) жатқызған және бұл әрекетті ҚазССР-нің 88-бабы бойынша саралаған. «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» қылмыстың дербес құрамы ретінде алғашқы рет 1997 жылдың 16 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (1998 жылдың 01 қаңтарында қолданысқа енген) көрсетілді. Бүгінгі таңда 2014 жылдың 03 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі заңды күшке ие (2015 жылдың 01 қаңтарында қолданысқа енді), бұл Кодексте 100-бабымен көзделген «жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» түріндегі қылмыс құрамы бар.

              Қылмысты дербес құрамға бөлу субъектінің жеке басына және қылмысты жасау мән-жайларына байланысты. Егер жаңа туған сәбиді өлтіру кез келген қылмыс субъектісімен және кез келген қылмыстық ниетпен жасалса, онда ҚР ҚК-нің осы бабы бойынша кінәлі болып тек қана жаңа туған сәбидің анасы табылады.

 Бұл тек баланы көтеріп, оны туған және 16 жасқа толған есі дұрыс әйел адам болуы мүмкін. Мысалы, егер кінәлі адам он алты жасқа толмаған жаста болса, онда аталған қылмыс құрамы жоқ болып есептеледі.

ҚР ҚК-нің 100-бабының құрамы жеке адамға қарсы онша ауыр емес санатты қылмыстар қатарына, ал бұл қылмыс құрамы артықшылық қатарына жатады.

Бала өміріне қол сұғушылықпен байланысты қылмыстармен күрес өзектілігі мемлекеттің бала денсаулығы мен өмірін ел болашағы ретінде қорғау міндеттілігінде құралады.

ҚР ҚК-нің 100-бабымен көзделген қылмыстың объектісі болып жаңа туған сәбидің өмірі саналады.

Қылмыстың объективті жағы іс-әрекет (өмірге қауіпті жарақаттар келтіру, тұншықтыру, суға батыру) немесе әрекетсіздік (тамақтандырудан бас тарту, суықта қалдыру және т.б.) түріндегі әрекетпен, жаңа туған сәбидің өліміне әкеліп соқтыратын зардаптардың және олардың арасындағы себепсалдар байланысы түріндегі әрекетпен сипатталады.

Босану- жатыр бұлшық еттерінің сіресіп жиырылуы кезінде басталып (балабосану жолдарында болғанда) плацентаның анасының денесінен шығу кезінде аяқталатын созылмалы үрдіс.

Бірінші рет босанып отырған әйелдерде босану уақыты тоғыз сағатқа дейін жетуі мүмкін.

Жасанды босану қағанақ айналысының қабықшаларының ашылуынан басталып, тін тілімі арқылы баланы алып шығумен аяқталады.

Медицинада бала анасының денесінен шығарылғанан кейін және өмір сүру белгілерінің (өздігінен дем алуы, жүрек қағысы, бұлшық еттерінің сіресіп жиырылуы)пайда болуынан кейін ғана жаңа туылған сәби болып танылады, оған дейін ол ұрық болып саналады.

Ұрықты өлтіру (қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтырмайтын) және жаңа туған сәбиді өлтіруді айыру қиын міндет болып табылады, өйткені ҚР ҚК-де қай кезден адам өмірін қылмыстық құқықтық қорғау басталатыны көрсетілмеген.

Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе бойынша ортақ түсінік жоқ.

Адам өмірін қылмыстық құқықтық қорғалуының басталу кезінанықтауда криминалист ғалымдардың алты көзқарастан астам пікірлері бар:

1) бала анасының ағзасынан толық шығуынан кейін өздігінен өмір сүруін адам өмірінің басы деп таныған дұрыс, тірі жан екенін өмір сүру белгілерінің жүрек қағысы, дем алу, қозғалу және т.б. пайда болу сәтінен бақылауға болады; анасының жатырынан дем алып шыққан сәтті адам өмірінің басы деп санаған жөн; анасының жатырынан баланың қандай да бір мүшесінің мысалы, басының көрінуі, баланың қол немесе аяғының шығу сәті адам баласы өмірінің басы деп санаған жөн-бұл бүгінгі күні ғылым саласында басым көзқарас;

4) туылып жатқан баланы оның өздігінен өмір сүру белгілерін білдіртпеген болса да, анасының жатырынан шыққан сәтті адам баласы өмірінің басы деп санаған жөн;

5) босану үрдісі басталған уақытты бала өмірінің басы деп санаған жөн;

6) бала өмірінің басы деп жүктіліктің 22 аптасынан кейін, бала анасының жатырынан тыс өмір сүруге дайын болған сәттен бастап есептеген жөн.

Кінәлі адамның іс-әрекетін «анасының жаңа туған сәбиді босанғаннан кейінгі кезеңде өлтіруі», сондай-ақ нақты уақытты белгілеуді қажет етеді.Ананың босанғаннан кейінгі ерте кезеңде босанудан кейінгі уақыт аралығына(босанғаннан 2-4 сағат өткеннен кейін) сәйкес келеді. Көрсетілген уақыт өткеннен соң зардаптардың болмауына байланысты босанған әйел дені сау болып саналады.

Босанғанынан 24 сағат өткеннен кейінгі уақыт аралығы әдебиеттерде «бірден босанғаннан кейінгі кезеңге» сәйкес келеді деп танылатын көзқарас бар.

Егер анасы жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде немесе одан кейінгі кезеңде өлтірсе, оның іс-әрекеттері өлтіру пиғылының қай уақытта пайда болуына қарамастан, үнемі ҚР ҚК-нің 100-бабымен сараланады.

Осы санаттағы қылмыстарды қарау кезінде «Адам өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылдың 11 мамырдағы №25 Нормативтік қаулысымен берілген түсініктемелерді басшылыққа алу қажет.

Әрекетті ҚК-нің 100-бабы бойынша саралаған кезде, сотмедициналық сараптамасының педиатриялық өлшемдеріне сәйкес айқындалатын сәбидің жаңа туылғандығын ескеру қажет. Жаңа туылған кезеңі өтіп кеткеннен кейін сәбиді өлтіру ҚК-нің 100-бабы бойынша сараланбайды, мұндай жағдайларда жауаптылық ҚК-нің 99-бабы бойынша туындайды.

Түсіндіруде көрсетілгендей, соттар сот медициналық сараптаманың педиатриялық көрсеткештеріне сәйкес белгіленетін баланының жаңа туылғанын ескеру қажет. Қылмыстың субъективтік жағы тура және жанама пиғыл түріндегі кінәмен сипатталады. Анасының жаңа туған сәбиді өлтіруі - үнемі тек қасақана қылмыс болып табылады. Негативті мән-жайлардың жинытығы (мысалы, өмір сүру үшін қаражаттың болмауы, асыраушыдан айырылуы), көрсетілген мән-жайлардың салдарынан туындаған негатитвті эмоциялардың жиынтығы психиканың бұзылу жағдайы болып саналады. Негативті мән-жайлар міндетті түрде жүктілікпен, босанумен, анасының және баласының тағдырымен байланысты болуы тиіс.

Психиканың бұзылу жағдайы-бұл құрамның объективті жағының да, сондай-ақ субъективті жағының да белгілерінің жиынтығы болып табылады. Осындай жағдайларда бала туған әйелдің психикалық жағдайына теріс әсер келтіретін (мысалы, әкесінің баладан бас тартуы немесе әйелдің туыстарының баламен анасының өмір сүруі үшін материалдық көмек көрсетуден бас тартуы) маңызды мәнжайлар деп тану қажет. Сәби туылғаннан кейін әйелдің психикасының бұзылуы, әдетте, оның жүйке жұмысының теріс процестерімен (депрессия, қорқыныш сезімі, желікпе көңіл-күйі және т.б.) сипатталады. Психиканың бұзылыуы жүктіліктің немесе босанудың зардаптарынан туындауы міндетті емес, себебі бұл әлеуметтік емес биологиялық мәселе болып табылады.Жоғарыда көрсетілген психикалық жағдайының бұзылуы байқалған әйел адамның есінің дұрыс болуын немесе дұрыс болмауын анықтау үшін сот психологиялық- психиатриялық сараптама өткізу қажет.

Зерттелген үкімдердің талдауы қылмыстыңбосанғаннан кейін бірден жасалуына байланыстыбарлық жағдайдарда соттардыңқайтыс болған баланы жаңа туған сәби ретінде тануын дұрыс екендігін көрсетеді.

Алайда, кінәлі адамның іс-әрекетін анасының жаңа туған сәбиді туғаннан кейін өлтіргенін саралау үшін баланы жаңа туған сәби деп тану туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы қажет.

Осы санаттағы істер бойынша қылмыс кезінде баланың жаңа туылғанын растайтынсараптамалардың қорытындысын ұсыну міндетті болып табылатыны көрсетіледі.

Физиологиялық босану акушерлікте үрдіс ретінде қаралады, сол себепті жаңа туған сәбилердің қатарына жаңа туылған, бірақ анасына кіндікпен байланған баланы жатқызуға болады.

Бұндай бала туралы ҚР ҚК-нің 100-бабының диспозициясында, босану кезінде өлтіру туралы сөз болатын бөлімде көрсетілген деп ұсынылған.

Осы санаттағы қылмыстарды қарау барысында жаңа туған сәбиді медицинада әр түрлі түсіндірілетінін айта кеткен жөн. Сот медицинасында жаңа туған сәби болып туғанынан бір тәулікке толған бала саналады. Акушерлікте бір апта болған, ал педиатрияда туғанына бір ай толған бала жаңа туған сәби болып есептеледі. Баланың жасынкезеңге бөлуді есептеу адам өлтірудің нақты түрін, яғни туып жатқан кезінде немесе одан кейінгі кезеңде жасалғанын анықтау үшін қажет.

«Одан кейінгі кезеңде» белгісін дұрыс анықтаудан қылмыстың адам өлтіру (ҚК 99-бабы) немесе анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі (ҚК 100- бабы) ретінде саралануына байланысты.

Баланы жаңа туған сәби ретінде санауға болатын «одан кейінгі кезең» деп туу сәтінен бір тәуліктен бастап бір айға дейінгі уақыт аралығын есептеу ұсынылған.

Анасының жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінен кейін бір шама уақыт өткеннен соң өлтіруі, ҚК-нің 100-бабы бойынша саралауға негіз болып табылмайды.

 Бұл жағдайда ҚР ҚК-нің 99 бабының 2 бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылады.

Баланы анасының жатырында өлтіру адам өлтіру болып табылмайды, бұл жасанды түсік болып саналады, өз еркімен жасанды түсік жасатқан әйел қылмыстық жауаптылыққатартылмайды.

Қылмыс жаңа туған сәбидің өлімінен кейін аяқталған болып саналады.

Соттардың қандай мән-жайлар психикалық жағдайының бұзылуына байланысты болғанын, баланы өлтіру туып жатқан кезде немесе одан кейінгі кезеңдеболғанын, баланы өлтіру психикалық жағдайының бұзылу зардаптарынан немесе психикалық күйзеліс салдарынан жасалғаны туралы толық мәліметті көрсетпейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаралы аудандық сотының 2015 жылдың 10 сәуірдегі үкімімен 1991 жылы туған сотталған Т.-ның ісәрекеті ҚР ҚК-нің 100-бабы бойынша, яғни анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын жағдайда өлтіруі бойынша сараланған. Іс мән- жайлары бойынша ол баланы туғаннан кейін ұл баланы дәретхана шұңқырына лақтырып тастаған, ал тірі болып туған сәби сол шұңқырда қатты суық тиіп қайтыс болды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотының 2015 жылдың 19 наурызындағы ұқсас үкіммен, 1995 жылы туған К.-нің іс- әрекеті ҚР ҚКнің 100-бабы бойынша, яғни анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын жағдайда өлтіруі бойынша сараланған. Бұл жағдайда, баланы дәретханада туғаннан кейін тіршілікке икемді баланы қоқыспен бірге пакетке салып лақтырып тастаған.

Көрсетілген екі жағдайда да анасы өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын жағдайда өлтіруі бойынша сараланған. Сотталғандардың екеуіне де «туып жатқан кезінде» өлтіру қылмыс белгісі артық тағылған.

Сонымен бірге, К.-нің іс-әрекеті (2014 жылдың 03 шілдесіндегі) ҚР ҚКнің 100-бабы бойынша емес, (1997 жылдың 16 шілдесіндегі) ҚР ҚК-нің 97- бабы бойынша саралануы тиіс, өйткені анасының өзінің сәбиін өлтіруі 2014 жылдың 8 желтоқсанында орын алған. Сотпен ҚР ҚК-нің 5-бабының талаптары бұзылған, оларға сәйкес, әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

Үкімдерде жаза тағайындау жазаның жалпы бастамасына сәйкес дәлелденген. Бұрын сотталмағандарына, кінәсін мойындағандарына, өкінулеріне, тұрғылықты мекен жайларының болуына байланысты және тұрғылықты мекен жайлары бойынша жақсы жағынан мінезделетіндеріне байланысты екеуі дебас бостандықтарының шектелуіне сотталды. Екі жағдайда да іс бойынша жәбірленушінің өкілі болып аудандық (қалалық) білім беру бөлімі танылды.

«Туғаннан кейінгі кезеңде» ұғымы кінәлі адамның іс-әрекетін ҚР ҚКнің 99-бабы бойынша (адам өлтіру) немес ҚР ҚК-нің 100-бабы бойынша (жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі) бойынша дұрыс саралау үшін нақты уақытын анықтауды қажет етеді.

Осы санаттағы қылмыстарды қарау барысында «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» 2007 жылдың 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті қаулысының 25-тармағына сәйкес, психикалық бұзылушылықтарға байланысты әйелдің есінің дұрыстығын немесе есінің дұрыс еместігін анықтау үшін сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу қажет.

Әрекетті ҚК-нің 100-бабы бойынша саралаған кезде кінәлінің физиологиялық жан күйзелісінің бар-жоғы, оның кенеттен пайда болуы және жәбірленушінің әрекетімен байланысты болғаны қажетті шарт болып табылады.

Көтерген ана ұғымының болуына байланысты кінәлі адамдардың ісәрекеттерін дұрыс саралау мақсатында ҚР ҚК-нің 100-бабында көзделген қылмыс субъектісі (көтерген ана, биологиялық ана) ұғымын нормативті түрде біріңғайлау қажет.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы