Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы
Рацибуринский П.Е. О.И. Рацибуриснкаяға қатысты 10.12.2012 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған баласы Валерия Павловна Рацибуринскаяның тұрғылықты жерін өзімен анықтау туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Рацибуринская О.И. П.Е. Рацибурискке қатысты 10.12.2012 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған баласы Валерия Павловна Рацибуринскаяның тұрғылықты жерін өзімен анықтау туралы қарсы талапарызбен сотқа жүгінген.
Ақмола облысы кәметелтке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Р.кая О.И. П.Е. Р.кке қатысты 10.12.2012 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған баласы Валерия Павловна Р.ның тұрғылықты жерін өзімен анықтау туралы талап-арызы қанағаттандырылды.
Сот 10.12.2012 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған баласы Валерия Павловна Р.яның тұрғылықты жерін анасы О.И. Р.мен қалдырды.
Сот қарсы талап-арызды қанағаттандыра отырып, осындай жаста бала мен анасының арасындағы табиғи психофизиологиялық байланысты үзу қажет еместігін, баланы қалыпты, дағдылы ортасынан шектеу баланың психикалық және физикалық денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін көрсетті.
«Соттардың балалардың тәрбиесімен байланысты дауларды шешу барысында заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №4 нормативтік қаулысына сәйкес, сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi. Атааналардың біреуінің материалдық, тұрмыстық жағдайы осы ата-ананың талаптарын қанағаттандыруға негіз болмайтынын атап өткен жөн.
Баланың құқығы туралы Конвенцияда «осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің назарын аударды, баланы осындай ерекше қорғау қажеттігі 1924 жылғы бала құқығы туралы Женева Декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашада Бас Ассамблеяда қабылданған бала құқығы туралы Декларацияда карастырылған және Жалпыға ортақ адам құқығын қорғау декларациясында, Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакте (жекелей алғанда 23 және 24-баптарда), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы Халықаралық пактте (жекелей алағанда 10-бапта) танылды».
Сонымен қатар, 1959 жылғы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қабылданған бала құқығы туралы Декларацияның 6-қаидасында ерекше жағдайлардан басқа барлық уақытта өзінің анасымен ажырамауы қажет деп айтылған.
Сот баланың қауіпсіздікті қатты қажет ететін кездегі жасын (бір жыл сегіз ай), сондай-ақ, анасының болуына ерекше қажеттілікті және оған деген табиғи үйірлікті, әкесінің бұрын баламен жалғыз үнемі қалмайтыны, баланың күтіміне қатысты тәжирибесінің жоқтығын, тараптардың материалдық жағдайын ескере отырып, баланың тұрғылықты жерін анасымен қалдыруға шешім қабылдады.
Оңтүстік Қазақстан облысы кәметелтке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Ш.М. Д.аның жауапкер, Шымкент қаласы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органның мүдделі тұлғасы Ф.Т. Д.евқа қатысты балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап-арызын қанағаттандырды.
Кәмелетке толмаған балалар 21.08.2007 жылы туылған Д.Ф.Т.овтың, 19.04.2009 жылы туылған Б.Ф.Т.овтың және 26.06.2011 жылы дүниеге келген А.Ф.Т.овтың анасының тұрғылықты мекенжайы ОҚО, Шымкент қаласы, Рысқұлов кшесі, №5-үй бойынша тұрғылықты жері анықталды.
Сот талапкердің талаптарын ескере келе, баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі пәтерге кіргізуді міндеттеу туралы талап арызы
74 рет жүктеп алынды -
Сотшешімі ортақ мүлік деп тану, оны бөлу туралы
70 рет жүктеп алынды