Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Жаза дұрыс тағайындалмаған бостандығынан шектеу бойынша

Жаза дұрыс тағайындалмаған бостандығынан шектеу бойынша

Жаза дұрыс тағайындалмаған бостандығынан шектеу бойынша

Жаза дұрыс тағайындалмаған бостандығынан шектеу бойынша


Н. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен, 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен 3 жыл 6 айға бас 
бостандығын шектеуге сотталған.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2021 жылғы 
7 желтоқсандағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сай, оған тағайындалған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы 1/3 бөлігіне қысқартылып, пробация бақылау белгіленген.

Сот үкімімен Н. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен терезе арқылы дүкеннің ішіне заңсыз кіріп, ішінен әрқайсысы 
2 000 теңге тұратын 9 дана косметикалық қораптарды жасырын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралмаған.Кассациялық саты сот актілерін төмендегі негіздермен өзгертті.
«Қылмыстық жаза тағайындаудын кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 7-тармағына сәйкес қылмысқа оқталғаны үшін жаза тағайындау жағдайларында ҚК-нің 55-бабының 2 және 3-бөліктерінде көрсетілген шектер ҚК-нің 56-бабының ережелері ескертіле отырып айқындалады.

Іс құжаттарына сәйкес сот айыпталушыны қылмысқа оқталғаны үшін кінәлі деп танып, іс жүргізу келісімді тәртіпте қараған.
Мұндай жағдайда ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігі және 55-бабының 3-бөлігінің талаптарын ескере отырып, Н. тағайындалған жаза 2 жыл 7 ай 15 күннен аспауы тиіс еді. Ал жоғарыды көрсетілген рақымшылық Заңының негізінде Н.-ға тағайындалған түпкілікті жаза 1 жыл 9 ай 1 күннен аспауы тиіс.

Кассациялық сатыдағы сот аталған қателікті жойып, Н.-ға түпкілікті 1 жыл 9 ай 1 күн бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.