⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жер даулары бойынша Сервитуттың орнатылуы (тоқтатылуы) туралы

Жер даулары бойынша Сервитуттың орнатылуы (тоқтатылуы) туралы

Жер даулары бойынша Сервитуттың орнатылуы (тоқтатылуы) туралы

Жер құқықтық қатынастан туындайтын даулар бойынша Сервитуттың орнатылуы (тоқтатылуы) туралы

ҚР АК-нің 195-бабы 1-тармағына сәйкес заттық құқықтарға,меншік құқығымен қатар бөтен жылжымайтын мүлікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығы жатады ( сервитут).

Жер Кодексінің 12-бабы 38-тармақшасының нормалары сервитут ұғымын анықтайды, Сервитут дегеніміз бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.

Сервитуттың туындау негіздері

Бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) пайда болуы мүмкін:

1) тікелей нормативтік құқықтық актіден;

2) мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен келісімшарт негізінде;

3) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;

4) сот шешімі негізінде;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы.

Заң шығарушы сервитуттың екі түрін анықтайды:

-қауымдық

-жеке

Жеке сервитут

Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал қажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану мынандай жағдайларда қолданылады:

  1. егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуге:
  2. көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.

Жеке сервитуттың туындау негіздері:

1)келісім шарт.

2)келісімге қол жеткізілмеген кезде сот шешімі .

-Жеке сервитут көрші немесе өзге де учаскеге осы учаскелеріне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығы субъектілерімен жасалатын шарт бойынша орнатылады.

-Жер учаскесін шектеулі пайдаланудың құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығындарды өтеуге тиіс.

-Жеке сервитуттың ауыртпалығы түскен меншік иесі немесе жер пайдаланушы тұлғалардан,солардың мүддесіне орай сервитут орнатылғанын ескере отырып,егер Қазақстан Республикасы актілерінде өзгеше көзделмесе, мөлшерлес төлемақыны талап ету құқылы.

-Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне сервитут орнату кезінде сервитут үшін төлемақы бюджетке түседі.

Қауымдық сервитут

Қауымдық сервитут дегеніміз- мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі.

Қауымдық сервитуттың пайда болу негіздері:облыстардың жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,аудандық маңызы бар қала әкімдерінің, кент, ауыл, ауылдық округінің шешімдері негізінде олардың құзыреті бойынша жер учаскелері беріледі.

Қауымдық сервитут мынандай жағдайларда орнатылады:

  1. ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту:
  2. жер учаскесін коммунальдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану,ол сервитуттары орнатылмаса қамтамасыз етілуі мүмкін емес және көп шығынды талап етеді.

2-1)магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану;

  1. жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру:
  2. су алу және суат:
  3. жер учаскесі арқылы мал айдап өту:
  4. жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;
  5. іздестіру, зерттеу және де басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану:
  6. жағалау белдеуіне еркін өту:
  7. мемлекеттік органдардің шешімімен жер учаскесін мәдени-көпшілік ісшаралар өткізуге пайдалану:
  8. қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

* Жеке сервитуттың ауыртпалығы түскен меншік иесі немесе жер пайдаланушы қауымдық сервитутты орнатқан мемлекеттік органнан,егер сервитуттың орнатылуы жер учаскесін пайдалануда коп қиыншылықтарға әкелсе мөлшерлес төлемақыны талап етуге құқылы.

* Егер қауымдық сервитуттың орнатылуы жер учаскесін пайдалануға мүмкін болмаған жағдайда жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жерді алып қоюды талап етуге құқылы,соның ішінде қауымдық сервитутты орнатқан, мемлекеттік органмен аталған жер учаскесін сатып алу арқылы, меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кезде, шығындарды толық көлемде залалды өтеу немесе құны тең жер учаскесін ұсыну не басқа жер учаскесін, оның бағасын және оған деген құқығын есепке ала отырып, ұсыну болмаған жағдайда шыққан шығындарды толығымен төлеу.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе тараптардың келісімімен осы Кодексте көрсетілгендерден басқа өзге де сервитуттар орнатылуы мүмкін.

Жер учаскесіне сервитуттың ауыртпалығы түскен меншік иесі немесе жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.

Сервитут мәмілелердің дербес нысанасы бола алмайды,оның ішінде сатып-алу және кепілдің дербес нысаны болуы мүмкін. Сервитут құқық қамтамасыз етілуі үшін басқа тұлғаларға көшуі мүмкін.

Сервитуттың тоқтатылуы

Сервитут мынадай жағдайларда тоқтатылады

1) құқық иесінің бас тартуы нәтижесінде;

2) ұзақ уақыт пайдаланылмауы (3 жыл);

3) оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде;

4) тараптар арасындағы келісім негізінде;

5) сот шешімі негізінде;

6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздерінде.

Қауымдық сервитуттың тоқтату ерекшеліктері

Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттіліктер үшін орнатылып,ол болмаған жағдайда сервитутты тоқтату туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданған кезде тоқтатылуы мүмкін.

Сервитутты қолданылудың біржақты тоқтату тәртібі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе тараптардың келісімінде қарастырылған негіздері бойынша тоқтатылады.

Сервитут қолданылуын сот тәртібімен тоқтату

Жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының талаптары бойынша оны құқық иесінің тиісінше пайдаланбауына байланысты,сондай-ақ ол орнатылған негіздемелердің болмауына байланысты сервитут сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін.

Мерзімдерін қолданылуына байланысты сервитут қолданылуын тоқтату ерекшеліктері

1) егер сервитут белгілі бір мерзімге орнатылса,оның қолданылуы,тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, белгіленген мерзім өткеннен кейін тоқтатылады.

2)егер сервитут шарт негізінде талап етілгенге дейін орнатылса немесе белгісіз мерзімге орнатылса сервитуттың ауыртпалығы түскен кезде сервитутты тоқтату туралы жылжымайтын мүлік иесі талаптарының бір ай мезгілі өткеннен кейін сервитут тоқтатылады.

Сервитутты тіркеу

Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:

Бөгде біреудің жер учаскесін шектелген мақсатты пайдалану құқығы құқық иеленушіге берілген жағдайда,егер жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде және осы бапта өзгешесі көзделмесе, сервитуттардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуы тіркеуге жатады.

Сервитутты құжаттарға тіркеу кезінде,соның негізінде сервитут пайда болған, сервитуттың қолданылу аясының шекарасы бейнеленген, ұсынған сервитутты тұлғамен куәландырылған, жер учаскесінің жоспары қоса беріледі. Егер сервитут барлық жер учаскесіне қатысты болса,жер учаскесінің жоспарын ұсыну талап етілмейді.

Нормативтік құқықтық актілер негізінде пайда болған сервитуттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды,сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркеу объектілеріне жатпайтын басқа да сервитуттар бар.

Жеке сервитут

Өзінің құқықтық табиғаты бойынша сервитут адам өзіне тиесілі жер учаскесін пайдалануда меншік құқығына қатысты кедергілер пайда болған кезде іске асырудың қосалқы тәсіл болып табылады,соған байланыты Жер Кодексінің 69-бабы 2-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскесін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сервитутің орнатылуына жол беріледі.

Сервитут орнатудың маңызды критериі заңдылық,парасаттылық,әділдік пен мақсатқа сәйкестілік болып табылады.

Сервитутты орнату кезінде жылжымайтын мүлікті ақылға қонымды,әділ және орынды пайдалану мүмкіндігінің болмауын сот анықтауы керек.

Осы іс бойынша сервитутты орнатпаған кезде өз құқықтарын іске асыру өзге де мүмкіндігі болмаған жағдайда сервитутты орнатуға талап ететін тұлға ретінде тиісті талапкер болып табылады.

Жер кодексінің 69-бабы 3-тармағына сәйкес көрші немесе өзге де учаскеге жеке сервитут осы учаскеге меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығының субъектілерімен жасалатын шарт бойынша орнатылады.

Мұндай келісімге қол жеткізбеген жағдайда тұлға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын орнату үшін талап-арызбен сотқа жүгінеді, өйткені даудың себебі жауапкердің өзіне тиесілі жер учаскесіне сервитутты орнатудан бас тарту болып табылады немесе сервитутты ұсыну шарттарын орындауында келісімге қол жеткізбегендігі.

Жер Кодексінің 67-бабы 3-тармағына сәйкес нормативтік құқылық акт мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен ( мысалы,Жер кодексінің 69-бабы 3-тармағының нормасы ) шарт негізінде сервитутты орнатуды қарастырады, осы шартқа отырудан немесе меншік иесімен не жер пайдаланушымен ұсынылған шартты қабылдаудан бас тарту меншік иесіне не жер пайдаланушыға талап-арыз беру арқылы сот тәртібінде дауласуы мүмкін. 

Нормативтік-құқықтық базасы

Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттар мынандай нормативтікқұқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;

3) 2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексі7 тарау;

4) Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2007 жылы 16 шілдедегі №6 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы. Нормативтік-құқықтық актілерді қолдану кезінде ескерілуі керек:

1.Актінің күші жойылған әрекет ету кезеңінде даулы құқықтық қатынастарды даулау кезінде күші жойылған нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.

2) 2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексінің 169-бабына сәйкес Кодексті қолданысқа енгізгеннен кейін жер құқығы қатынастарына қолданылады.

Қарым-қатынас реттейтін, Кодекстің қайшы келмейтін ережелерінде қолданылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

      Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы