⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау

              «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 Заңының 2-бабына сай, Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан, Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiненегізделген.

        Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-1 тарауымен аталған дауларды қараудың процессуалдық тәртібі белгіленген.

«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 16.01.2006 жылғы N 121 Заңның 4-бабында қандай әрекеттер (әрекетсіздіктер) сот тәртібінде даулануға жататыны көрсетілген.

Алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Алқабиге кандидат - Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес кейiннен алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматы.

Осы аталған бапқа сай, алқабилердi iрiктеу процесiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жергіліктi атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттар iрiктелетiн жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасайды.

АК-нің 274-1-бабынына сәйкес, жергіліктi атқарушы органның шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген соттылық бойынша сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.

АК-нің 3-тарауын басшылыққа ала отырып, АК-нің 31 бабына сай, заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылатынын назарда ұстаған жөн.

Сондай-ақ, арызға азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілу және алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқығының бұзылуы туралы айғақтайтын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.

Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде сотқа беруге болады.

Осы Кодекстің 289-бабында белгiленген мерзiмде келіп түскен арыз – екi жұмыс күні ішінде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс. Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу үшiн кедергi болып табылмайды.

АК-нің 274-3-бабында, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқаби ретiнде қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешiмi алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмдерiне түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылады – деп көрсетілген.

Сот шешiмi заңды күшіне енісімен тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Сот шешiмiнiң орындалмауына кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.

Алқабилердi iрiктеуді жүргізуші құзырлы органның материялдық құқық нормаларын сақтауы, «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 16.01.2006 ж. N 121 Заңымен айқындалған.

Осы көрсетілген заңның 12-бабына сәйкес, азаматтар нақты адамдарды алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы немесе алдын ала қосалқы тiзiмдерiне заңсыз енгiзу немесе енгiзбеу не оларды осы тiзiмдерден шығарып тастау туралы, сондай-ақ алқабиге кандидаттар жөнiндегi деректерде жiберiлген дәлсiздiктер туралы өтiнiшпен жергiлiктi атқарушы органдарға осы Заңда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқылы.

Жергілiкті атқарушы органдар келiп түскен өтiнiштердi бес күн мерзiмде қарап, шешiм қабылдайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Сот адамды алқабиге кандидаттардың тiзiмiнен шығарып тастауды талап ететiн мән-жайларды анықтаған жағдайда, бұл туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына хабарлайды.

Бұл ретте, Заңның осы 12-бабын басшылыққа ала отырып, осы санаттағы істер бойынша дауды сотқа дейін алдын ала шешутәртібі белгіленген деп санау қажет.

Арыз берушінің арызы қанағаттандырылған жағдайда, алқабилер кандидаттарының алдын ала жасалған тiзiмдерiне түзетулер енгізу туралы шешім дереу тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Мұндай шешімге шағым келтірілмейді. Егер де арызды қанағаттандырудан бас тартылса, шешімі түпкілікті болып табылатын аппеляциялық сатыға шағым жасалуы мүмкін.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы