Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жеткізу шарты бойынша даулар

Жеткізу шарты бойынша даулар

Жеткізу шарты бойынша даулар

Жеткізу шарты бойынша даулар  

             Талапкер талап арыздың мәні ретінде: тапсырыс берушінің мердігерге орындалған жұмыс үшін төлейтін қарызы; мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындау мерзімін өткізгені үшін тұрақтылық айыбын өндіру; мердігерді мемлекеттік сатып алудың адал емес ниетті (жосықсыз) қатысушысы деп тану; орындалған жұмыс үшін бір жақты жасалған актіні жарамды деп тану.

Мердігерлік шарттың жалпы түсінігі АК-нің 616-бабының 1- тармағында көзделген, мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.

Азаматтық заңнамамен мердігерлік шарттың жеке түрлері де қарастырылған, мысалы, тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк, бұл шарттар АК өзіндік нормаларымен реттеледі және өзіндік ерекшеліктері бар.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi және заңда тапсырысшы оған жұмыс нәтижесін тапсырудан бір жақты бас 4 тартуға құқығы бар екені көзделген.

Тапсырысшыны бұл құқықтан айыратын шарт ережелерi жарамсыз болады (АК-нің 640, 641 –баптары).

Мердiгер құрылысты және оған байланысты жұмыстарды жұмыстың көлемi мен мазмұнын және жұмысқа қойылатын басқа да талаптарды айқындайтын жобалау құжаттамасы мен жұмыстың бағасын айқындайтын сметаға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарттың ерекшелігі, мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенедi және жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған шартты орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмауының тәуекелi тапсырысшыға жүктеледi.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бойынша шарттың ерекшелігі, шартта мердігермен (орындаушымен) жасалған шарт зерттеу, әзірлеу, іздестіру жұмысын жүргізудің барлық кезеңін қамтуы және жұмыстың жекелеген кезеңдері де көзделуi мүмкiн, мердiгер (атқарушы) ғылыми зерттеулердi жеке өзi жүргiзуге мiндеттi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шартты орындауға тапсырысшының келiсiмiмен ғана үшiншi тұлғаларды тартуға құқылы.

Мердігерлік шарттың басқа шарттардан оның ішінде өтелмелі қызмет көрсетуден айырмашылығы сол, атқарушы қызметті жеке өзі көрсетуі қажет (АК-нің 684-бабы), егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы.

Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады (АК-нің 619).

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабының 1- тармағы 5-1) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оларды тиісті борышкерлер тізіліміне енгізсе өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. Сондықтан, мердігерге ұсынылатын талаптар толық көлемде қосалқы мердігерге қатысты .

Азаматтық заңнамада тапсырысшы мен мердігердің шарт жасау кезінде және шарттық міндеттемелерді орындау кезіндегі құқықтары мен міндеттері анықталған. АК-нің 629- бабында тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Мердiгерлiк шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының iс-әрекетiнiң немесе қателiктерiнiң салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда мердiгер жұмыстың орындалған бөлiгiн ескере отырып, өзiне белгiленген бағаны төлетiп алу құқығын сақтайды.

Жұмыс жүргізу кезіндегі мердігердің міндеттері АК-нің 628 бабында көрсетілген, онда мердiгер:

тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;

орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.

Осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не Ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң өзiне немесе өзi тапсырысшыға тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.

Егер тапсырысшы осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар туралы мердiгер тарапынан уақытылы және негiзделген Ескерту алғанына қарамастан, қисынды мерзiмде жарамсыз және сапасыз материалды ауыстырмаса, жұмысты орындау әдiсi туралы нұсқауды өзгертпесе немесе жұмыстың жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп төндiретiн мән-жайларды жою үшiн басқа да қажеттi шаралар қолданбаса, мердiгер шарттан бас тартуға және оның тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.

Сот тәжірибесінде мердігерлік жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзуға байланысты даулар да кездеседі, бұл жағдайда тұрақсыздық айыбы 6 айыппұл жазасы ретіне қолданылады, сондықтан мердігерлік шарттың күшіне ену мерзімін анықтау қажет. АК-нің 386- бабының 1 тармағына сәйкес Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.

Сонымен бірге Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 40- бабының 1- тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Осыған байланысты соттар мердігерлердің шартты орындау мерзімін бұзуға негізделген мемлекеттік тапсырыспен байланысты дауларды қарау кезінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның ережесінде көзделген шарттың күшіне ену мерзімін назарға алу қажет.

Орындалған жұмысты қабылдау тапсырысшының міндеті болып табылады. АК-нің 663- бабының 4- тармағына сәйкес мердігердің жұмыс нәтижелерін тапсыруы және тапсырысшының оны қабылдауы екі тарап, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда - мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері де қол қойған актімен ресімделеді.

Тараптардың бірі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы белгі қойылып, актіге екінші тарап қол қояды. Жұмыс нәтижелерін бір жақты тапсыру немесе қабылдау актісін актіге қол қоюдан бас тарту себептерін сот негізсіз деп таныған жағдайда ғана сот жарамды деп тануы мүмкін. Соттар орындалған жұмыстар бойынша бір жақты жасалған актіні жарамды деп тану туралы талап арыздар бойынша істерді қарау кезінде материалдық құқықтың нормаларын дұрыс қолданады.

Мысал ретінде, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Алтайская производственная компания» ЖШС-нің «Тенгри Авто» ЖШС-ға орындалған жұмысты қабылдауға міндеттеу және орындалған жұмыстар үшін қарызды өндіру туралы және «Тенгри Авто» ЖШС-нің «Алтайская производственная компания» ЖШС-ға залалды өндіру туралы қарсы талап арызы қаралған. Сот АК-нің 663- бабының 4- тармағын басшылыққа ала отырып, «Алтайская производственная компания» ЖШС –нің талабын қанағаттандыра отырып, 7 4 470 176 тенге мөлшерінде орындалған жұмыс бойынша жасалған актіні жарамды деп таныған. «Тенгри Авто» ЖШС-нің қарсы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сонымен қатар, судья шешімді әзірлеу кезінде шешімнің 10 беттен тұратын толық мәтінінің 5 беті сипаттау бөлігінен тұрады, бұл шешімнің құрылысын көбейтіп, оның оқылуын қиынға соқтырады.

Сот актілерін талдай отырып, мердігерден (қосалқы мердігерден) тапсырысшының (мердігердің) пайдасына тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздар бойынша, соттар көбінесе талапкердің тұрақсыздық айыбы мөлшерін төмендететіні жөнінде қорытынды жасауға болады.

Бұл жағдайда соттар АК-нің 279- бабын басшылыққа алады, егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы, АК-нің 364-бабы бойынша егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот оған сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады.

Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының 20- тармағында ақша сомаларын өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыру кезiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлiп алынатын сомалардың мөлшерi цифрлармен және сөздермен, Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi - теңгемен көрсетiлуге тиiс деп көрсетілген.

Осы бұзушылыққа мысал ретінде Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық соты Т.Т.Миронованың, Т.Н.Акулованың А.С.Каконин Жеке кәсіпкерге қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша қараған азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімін бекіту туралы шығарған ұйғарымның қорытынды бөлігінде жауапкердің талапкер пайдасына төлейтін ақшалай қаражатты «61.000 теңге» деп санмен ғана көрсеткен.

Көбінесе кері қайтарылған талап арыздардың негіздемелері: арызды қозғалыссыз қалдырғаннан кейін судья белгілеген мерзімде кемшіліктерді жоймау; талапкердің осы санаттағы істер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе келісім шартпен бекітілген алдынала сотқа дейінгі дауларды шешу тәртібін сақтамауы және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған; арызға қол қоюға құзыретті емес тұлғаның қол қоюы, соттылығына жатпайтын іс. Ұйғарымдарды талдау, сот актілерінің көбіне дұрыс қорытынды жасалмағанын көрсетті.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «С.А.» ЖШС-нің «Еуро Сапа Курлыс» ЖШС-ға қарызды өндіру туралы талап арызын кері қайтару туралы ұйғарымда Азаматтық іс жүргізу кодексінің 154- бабының 1-тармақшасына сілтеме жасаған және тараптардың арасында жасалған келісім шартқа немесе дауды сотқа дейін алдын ала шешуді көздейтін заңнамалық акті көрсетілмеген, бұл ұйғарымның негізді түрде шығарылғанына күмән туғызады. Нормативтік қаулының 11- тармағына сәйкес қаулы, шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің мән-жайлары көрсетілуі тиіс Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64- бабының 2- тармағына сәйкес, дәлелдеу құралдары - бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

            Судьялар, көбінесе еңбек өтілі көп емес судьялар сот актісін дұрыс әзірлеу жөніндегі және шешімді, ұйғарымды әзірлеу кезінде азаматтық іс жүргізу заңында мазмұндалған нормаларды көрсету керектігі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын зерделеу қажет деп санаймын.

Мердігерлік шарттардан туындайтындан даулар бойынша азаматтық істерді қарау кезінде, соттарда Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 37- бабының 13- тармағын қолдану бөлігі бойынша сұрақтар туындаған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының соттардың «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану жөніндегі» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5 нормативтік қаулысында 10 жұмыс күні тапсырыс беруші үшін тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шараларды қабылдау үшін тапсырысшыға талап қоюдың тыйым салу немесе қысқартылған мерзімін қолдану мәселесі реттелмеген, сондықтан жауапкер осы мерзімді өткізіп алуына байланысты талап арыздан бас тарту туралы өтініш берген жағдайда соттар Азаматтық Кодекстің жалпы талап қою мерзімінің нормаларын басшылыққа алған.

Мердігерлік шарт саласында құқықтық қатынасты реттейтін материалдық құқық нормаларын сөзбе-сөз түсіндіре отырып, мынадай қорытындыға келуге болады, мұндай келісім шарттар жазбаша нысанда жасалатыны, себебі ауызша келісім шарттан шарт жасау кезінде міндетті болып табылатын оның елеулі мәнін анықтау мүмкін емес (АК-нің 393- бабы).

АК-нің 630 және 663-баптарында белгіленгендей орындалған жұмыстарды қабылдау актімен ресімделеді, ал тапсырысшы орындалған 12 жұмыстарда кемшіліктерді анықтаған жағдайда мұндай актіні жасау міндетті болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 68- бабының 2- тармағына сәйкес заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес Осылайша, мердігердің жұмысты орындау көлемі жазбаша құжаттармен расталуы қажет- орындау актісі немесе басқа да құжаттармен.

Сонымен бірге, кейбір жағдайларда соттар орындалған жұмыстың көлемі туралы істерді, орындалған жұмыс бойынша жасалған бір жақты актіні жарамды деп тану туралы істерді қарау кезінде дәлелдеме ретінде қандай-да бір жұмысты орындау кезінде қатысу фактісін дәлелдейтін куәлердің түсініктемелерін қабылдайды немесе талап арызды қанағаттандырудан бас тартады. Соттардың

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 77- бабында көзделген дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылатын талаптарды бұзатыны байқалды.

Жауапкер сотқа келмегенде істерді қарау тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 187 және 260 -баптарымен реттеледі.

Барлық соттар шешімде Азаматтық іс жүргізу кодексінің 187- бабының 4- тармағына сілтеме жасайды, сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Alpinist industry» ЖШС-нің «Уралдомнаремонт KZ» ЖШС-ға 914 000 теңге мөлшерінде қарызды өндіру туралы азаматтық істі жауапкердің өкілінсіз Азаматтық іс жүргізу кодексінің 187- бабына сілтеме жасай отырып сырттай тәртіппен қараған.

 Аталған санаттағы істер нормалары:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі АК);

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі Мемлекеттік сатып алу туралы Заң);

Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №21 нормативтік қаулысының;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы;

«Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысы;

Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысының нормалары негізінде қаралады.

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу