Жол-көлік оқиғасы немесе жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған жәбірленушілердің жақын туыстарына келтірілген моральдық зиянды өтеу
Өндірісте моральдық зиян өтемақысымен байланысты ЖКО салдарынан қылмыс жасағаны үшін қайтыс болған тұлғалардың туытарының талап арыздары бойынша қарым қатынастар АК, ҚПК және «Моральдық зиянды өтеу жөніндегі соттармен заңды қолдануы туралы», «Қылмыс салдарынан жәбірленушілердің міндеттері мен құқықтарын заңды қолдану практикасы туралы» Нормативтік қаулылармен реттеледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуір №2 (22.12.2008 ж,25.06.2010 ж,21.04.2011 ж өзгертулер мен толықтырулармен) «Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану практикасы туралы» нормативтік қаулысында қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүлiктік зиян оған тiкелей келтiрiлген әрбiр адам, қылмыс жасаған адамның анықталғанына, оның жауапқа тартылғанына байланыссыз жәбiрленушi болып, танылады.
Материалдық залалды, оның iшiнде асыраушысынан айырылумен байланысты, зақымдану немесе денсаулығына басқа жарақаттар түсiрумен байланысты келтiрiлген, жерлеуге жұмсалған шығындар туралы, моральдық зиянды ақшалай толықтыру туралы т.б. залалды өтеу туралы талап қойған жәбiрленушi адам азаматтық талапкер болып та танылуы керек.
Нәтижесi адамның өлiмiмен аяқталған қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша заңда көрсетiлген жәбiрленушінің құқықтарына оның жақын туысқандары, бала ғып алушылар, бала болушылар ие болады, олардың iшiнен бiреуi өзара келiсiмдерi бойынша жәбiрленушi деп танылады. ҚР Еңбек кодексінің 164-бабына сәйкес қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты оның өмiрiне және (немесе) денсаулығына зиян келтiрiлгенде жұмыс берушi қызметкерге келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге мiндеттi.
АК-тің 940,941-баптарына сәйкес азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың зиянды өтетіп алуға құқығы бар.
Қолданыстағы заңда жақын туыстың қайтыс болуына байланысты оның жақындарының сотқа моральдық зиянды өтеу туралы арызбен жүгінуді қарастыратын арнай нормалары қарастыралмаған.
Соттар моральдық зиянды өндіру кезінде АК-тің 952-бабы 2-тармағы 31.06.2001 жылғы ҚР ЖС«Моральдық зиянды өтеу жөнінде соттармен заңды қолдану туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алады.
Соттармен моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздар қанағттандырылады, егер АК-тің 940-бабына сәйкес тұлғалар жүгінсе, олар еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуi, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болғандар.
Осыған орай, заңның нормаларын біртекті қолдану мақсатында қайтыс болғанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде, жұмысқақабілетсіз тұлғалардың, оның асырауында болған немесе қайтыс болғанға дейін асырауында болуға құқығы болған, құқықтары туралы нормативтік түсініктеме қажет.
№2 Петропавл қаласы сотының шешімімен, апелляциялық және касациялық сот алқаларымен өзгеріссіз қалдырылған, 2015 жылдың 4 сәуірінде А.Н.П-йдан А.В.Л-аш, Ю.В.Л-тың пайдасына 300 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген.Шығыс Қазақстан облысының Аққайын аудандық сотының үкімімен жауапкер А.Н.П-ный ҚК-тің 103-бабы 3-бөлігі бойынша талапкерлердің әкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып сотталған. Жақын адамына айырылу-жеке мүліктік емс құқықтарының бұзылуы моральдық зиянға жатады және оның өтемақысы өндірілетіні көрсетілген. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 1-бабына сәйкес жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер болып табылады. ҚПК-нің 71-бабы 11-тармағына сәйкес қылмыс салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.
Павлодар облыстық сотының Екібастұз қалалық сотының шешімімен 2015 жылдың 16 ақпанында Р.Р.М-тан А.Т.Абенованың пайдасына 1500 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген. Р.Р.М-дов «БМВ-325» маркалы автокөлігін жүргізіп, жолда қызымен өтіп бара жатқан Әбдіғалым Зейнепті басып өткен. Жәбірленуші соққыдан болған жарақаттардан емханада қайтыс болған.Қылмыстық тергеу органының қаулысымен қылмыстық іс Р.Р.М-втың әрекетерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды. Өтемақы мөлшерін анықтаған кезде сот талапкердің жалғыз баласынан айырылып қалғандығын ескерді.
Қостанай облысының Қостанай аудандық сотының шешімімен 2015 жылдың 17 маусымда Е.К.А-тан Г.П.Т-ның пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген.
2014 жылы 19 қарашада жауапкер «ЛАДА-211440» маркалы автокөлігін жүргізіп жол тайғағына байланысты қарсы жолға шығып кетіп, «Камаз 2410» маркалы автокөлігімен соққы жасаған. Жол көлік апаты нәтижесінде талапкердің ұлы орнында қаза тапқан.Е.К.А-ов ҚК-тің 296-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, сот үкімімен шартты түрде сотталған, талапкермен азаматтық арызбен жүгібеген. Жалғыз ұлынан айырылуына байланысты талапкерге және оның отбасына үлкен қайғына басынан кешірген, олардың уайымдары денсаулықтарына кері әсерін тигізді. Моральдық зиян өтемақыын анықтай отырып сот талапкер және оның отбасына біржолғы өтемақысын алты есе төленетінін көрсетті және жауапкердің отбасылық және мүліктік жағдайы ескерілді.
Заңның нормаларын біртекті қолдану мақсатында Жоғарғы сотпен АКтің 951 және 952 баптарына толықтырулар енгізу туралы және «Моральдық зиянды өтеу туралы соттармен заңды қолдану жөніндегі» Нормативтік қаулыға ұсыныстар дайындалды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
72 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
73 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
72 рет жүктеп алынды