Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жұбайлар арасында мүлікті бөлу туралы

Жұбайлар арасында мүлікті бөлу туралы

Жұбайлар арасында мүлікті бөлу туралы

Жұбайлар арасында мүлікті бөлу туралы

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу қажеттілігі олардың өзара келісімдері (шарты) немесе ерлізайыптылардың біреуінің талаптары (соттық тәртіпте) бойынша анықталады, сондай-ақ, кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлiзайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн. Мүлікті бөлу некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де жүзеге асырылуы мүмкін.

2014 жылғы қарашада кодекстің 37-бабына өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондайақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тәртібімен немесе сот тәртiбiмен жүргiзiледi. Аталған норма татуласу рәсімінде әрекет ету аясын кеңейтуге бағытталған.

Аталған бапта ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлiзайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайтыны, егер ерлiзайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiлетіні бекітілген.

«Соттардың некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы істерді қарау барысында заңнаманы қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №5 нормативтік қаулысында ортақ мүліктің құрамы, бөлуге жататын мүліктің құнын анықтау тәртібі, ерлізайыптылардың біреуінің атына банк салымын бөлу мәселелерін түсіндіретін нормалар бар.

Осылайша, көрсетілген нормативтік қаулының 16-тармағына сәйкес, бөлуге жататын мүліктің құрамына ерлі-зайыптылардың барлық ортақ мүліктері жатады. Егер сот ерлі-зайыптылардың біреуі ортақ мүлікті иеліктен шығарғанын немесе оны басқа жұбайының еркімен өзінің қалауы бойынша шығындағанын, немесе мүлікті тығып тастағанын анықтаса, онда бөлу барысында осы мүліктер немесе оның бағасы ескеріледі.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың ортақ қарыздары (Кодекстің 38-бабы 3-тармағы) және отбасы мүддесі үшін пайда болған міндеттер бойынша талап қою құқығы ескеріледі.

Сол уақытта Кодекстің 35-бабына сәйкес, некеге отыруға (ерлізайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк; ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi; некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сәнсалтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары ерлізайыптыларға ортақ болып табылмайды және бұлар мүлікке бөліндейді.

Егер іс жүзінде отбасылық қарым-қатынас және ортақ шаруашылықты жүргізу тоқтатылғаннан кейін ерлі-зайыптылар бірге ортақ мүлік алмаса, сот Кодекстің 35-бабы 2-тармағына сәйкес ортақ шаруашылықты жүргізуді тоқтатқанға дейінгі олардың ортақ мүлкіне ғана бөлу процесін жүргізе алады.

Нормативтік қаулының 19-тармағына сәйкес, ерлі-зайыптылардың біреуінің атына банктік салымды бөлу Кодекстің 37-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

Мүлікті бөлу туралы іс процестік заңнаманың жалпы нормаларын сақтау арқылы қарастырылады.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы бөлуге жататын мүліктің құрамы, оның құны және нақты заттарда ерлі-зайыптыларға үлес ретінде танылатын, тараптың әрқайсысына жеке меншікке берілетін әрбір мүлікті құрамының мөлшері туралы соттың қорытындысы сот шешімінің уәжді бөлігінде осы қорытынды негізделген мән-жайлар және дәлелдемелер көрсетіліп, нақты мазмұндалуы тиіс.

Апелляциялық тәртіпте бейбіт келесім немесе медиация тәртібінде келісімге келген уақытта, соттың шешімінің күшін жойған кездер де болды.

Карточкалар ашылмағандықтан немесе сот актілері енгізілмегендіктен, аталған санаттағы істер бойынша сот актілерінің күшін жою және өзгеруіне толық талдау жүргізу мүмкін емес.

Апелляциялық сатыдағы сот актілеріне енгізілген аталған санаттағы істер бойынша күшін жою себептері материалдық және процестік құқықтың нормаларын бұзу болып табылады.

Көрсетілген санаттағы істердің күшін жою және өзгертудің негізгі себептері бірге жинаған ортақ мүліктің құрамын және оның құнын дұрыс анықталмауы болып табылады.

ҚР АПК-нің 33-бабында көзделген қағидалардың бұзылуына байланысты сот шешімі күшін жойды, ал өтініш талап-арыз болып, қараусыз қалдырылды.

Осылайша, 2015 жылғы 21 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы №2а-2361, Р.О. Қайсабекованың С.Б. Қайсабековке қатысты талап-арызы бойынша Семей қалалық соттың 2015 жылғы 17 маусымдағы шешімінің күшін жойды, өтінішті қараусыз қалдырды. Күшін жоюдың себебі көрсетілген сот Астана қаласында орналасқан жылжымайтын мүлік пәтерді бөлген.

Көрсетілген санаттағы істердің күшін жою және өзгертудің негізгі себептері бірге жинаған ортақ мүліктің құрамын және оның құнын дұрыс анықталмауы болып табылады.

Осылайша, Астана қалалық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы №2а-2790, Н.Н. Юрачевичтің Г.Е. Жүсіповаға қатысты бірге жинаған мүлікті бөлу туралы талап-арызы бойынша Астана қаласы Алматы ауданының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешімін өзгертті. Бірге жинаған мүлік туралы талап-арыздағы бас тарту бөлігін өзгертті. Талап-арыз қанағаттандырылды, ½ бөлік мөлшерінде меншік құқығына Н.Н. Юрашевичтің үлесін анықтай отырып, Астана қаласы, Ш.Жиенқұлова көшесі, 18-үй, №2 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі бар тұрғын-үй емес ғимаратты (техникалық қамтамасыз ету станциясы) бірге жинаған мүлік деп танылды.

Істің материалдарынан анықталғандай, Жүсіпова Г.Е. жеке кәсіпкер, онымен некеде тұрған аралықта Астана қаласы, Фурманов көшесінде орналасқан, бұрынғы спорт кешенінің қолданылмаған үй-жайы кейін меншігіне өтетін сенімді басқару құқығына №25 шарт жасалған. Жауапкер көрсетілген жылжымайтын мүлік спорт нысанына меншік құқығын 05.11.2003 жылы тіркеген.

Бірінші сатыдағы соттың қолданылмаған ғимаратқа қандай да бір салым салу және оны қайта жабдықтау туралы қорытындылары келтірілген істің мән-жайымен сәйкеспейді. Жауапкерге жер учаскесі меншікке Астана қаласы жер учаскесінің басқармасы және сол уақытта некеде тұрған Жүсіпова Г.Е. арасындағы 2007 жылғы 24 шілдедегі сатып алу-сату шарты арқасында, бірге жинаған 4 713 156 теңге есебінен алынған. Ерлізайыптылардың осы бұрынғы спорт кешеніне ортақ ақшалай қаражаттан салған көрсетілген сома айтарлықтай үлкен салым болып табылады.

Осылайша, 2015 жылғы 16 ақпанда Павлодар облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы №20-0243 іс, Р.М. Сушконың О.Г. Сушкоға қатысты «Павлодар облысының Ішкі істер департаменті» ММ өзіндік талаптарынсыз үшінші тұлғаны тарту арқылы, автомашинаның сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану, үлестерді анықтау және бөліске жататын мүліктің мөлшерін азайтып, бірге жинаған мүлікті бөлу туралы талап-арызы бойынша Павлодар қаласы сотының шешімін өзгертті.

Осылайша, ерлі-зайыптылардың мүлікті бөлу туралы талаптары айтылды. Алайда, бірінші сатыдағы сот әрбір талап бойынша жеке бөлуді жүргізді, осылайша мүліктің жалпы тізімін бөлді, бұл екі тарап үшін тепе-тең болған жоқ. Осылай, ерлі-зайыптылар арасында некеде тұрған уақытта бес машинадан (арнайы техникалар - манипуляторлар), «Hyundai Santa Fe»«Toyoto Venza» маркалы екі жеңіл машина және жер учаскесі бар тұрғынүйден тұратын мүлікке ие болған.

Іс материалдарынан анықталғандай, екі жеңіл машинаны ерлізайыптылар некеде тұрған уақытта алған, сәйкесінше бұл ортақ мүлік болып табылады. ІІД ЖПБ анықтамасына сәйкес, Р.М. С. атына тек «Isuzu GIGA» маркалы бір ғана машина тіркелген. Екінші машинаға жауапкер жұбайының келісімінсіз билік еткен. Осыған байланысты мүлікті бөлу барысында осы машина ескерілді, осылайша автомашинаның ½ үлесінен талапкерге ақшалай қаражат ретінде өтемақы өндіріп алынды.

Жауапкер ЖК С. О.Г. жүк машианаларын тасымалдау бойынша автокөліктік қызмет көрсеткен. Осыған орай 2014 жылғы қаңтардан бастап маусымға дейін Г.О. С. шотына 4 085 000 теңге есептелінген, ерлізайыптылар арасындағы неке 2014 жылғы 19 тамызда бұзылған, неке бұзылғанға дейін ерлі-зайыптылар бірге тұрған, ортақ шаруашылық жүргізген, демек, барлық ақшалай қаражаттар өздерінің қажеттіліктеріне жұмсалған. Демек, жауапкерден талапкер пайдасына аталған соманы өндіріп алудың еш негізі жоқ.

Көрсетілген санаттағы істердің күшін жою және өзгертудің негізгі себептері бірге жинаған ортақ мүліктің құрамын және оның құнын дұрыс анықталмауы болып табылады.

2015 жылғы 9 маусымда Павлодар облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Н.К. Тыналиевтің Р.А. Тыналиеваға қатысты мүлікті бөлу туралы талап-арызы бойынша Павлодар қаласы сотының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы шешімін өзгертті, талап-арызды қанағаттандырып, соманы азайтты.

Осылай, бірінші сатыдағы соты бөліске жататын мүліктің құнын анықтау барысында қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол берді. «Соттардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қарастыру кезінде заңнамны қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №5 нормативтік қаулысында бөліске жататын мүліктің құнын тараптардың келісімі болмаған кезде сараптама қорытындысы негізінде сот анықтайды делінген. Бірінші сатыдағы сот жауапкердің мүліктің құны туралы маманның қорытындысына келіспеген кезде, іс бойынша соттық авто-тауартану сараптасының маманын тағайындауға міндетті. Апелляциялық сот осы заң бұзушылықты жою үшінсараптама тағайындады, берілген мәліметтер өндірілетін соманы азайту қажеттілігін көрсетті.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.