⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы 

      1. Серіктестікке қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау Қазақстан Республикасының жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасының негізгі мақсаттары болып табылады. 

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 

      1) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық мәртебесін белгілеу; 

      2) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді құру шарттарын айқындау; 

      3) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қызметін реттеу; 

      4) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету. 

      3. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер өз қызметін мынадай негізгі қағидаттардың негізінде жүзеге асырады: 

      1) заңдылық; 

      2) өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлік мөлшеріндегі жауапкершілік; 

      3) серіктестік қызметі туралы ақпараттың оның барлық мүшелері үшін ашықтығы, қолжетімділігі; 

      4) қатысушылардың адалдығы. 

      Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы