⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы 

       1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:  

       1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;  

       2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;  

       3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;  

       4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ орталық депозитарийге жазбаша хабарлауға міндетті.  

       2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.  

      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы