⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Бал ара шаруашылығы туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) аналық бал ара – бал ара ұясының молықтырылуын қамтамасыз ететiн ұрғашы бал ара; 

       2) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі; 

      3) асыл тұқымды бал ара ұясы – өзiнiң тұқымдық белгiлерiн ұрпағына тұрақты түрде беретiн таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнiмдiлiгi жоғары ұясы; 

      4) бал араның бал ұясы – бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс; 

      5) бал арасын қорғау құралдары – бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және басқа да ветеринариялық препараттар; 

      6) балауыз тетiк – бал ара ұяларының негiздерi бедерленген тиiстi өлшемдегi жасанды түрде дайындалған жұқа балауыз жапырақтары; 

      7) бал ара тұқымдары – адамның белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайлардағы шығармашылық қызметiнiң ықпалымен қалыптасқан, "өзінде" өсiру үшiн саны жағынан жеткiлiктi және шаруашылық әрі асыл тұқымды құндылығы бар жалпы тектес бал ара ұяларының тұтас тобы; 

      8) бал ара ұяларының зиянкестерi – бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау және (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жәндiктердiң жекелеген түрлерi; 

      9) бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) – бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару; 

      10) бал ара ұясы – бал ара ұясында немесе үйшiгiнде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал арадан тұратын тұтас биологиялық бiрлiк; 

      11) бал ара шаруашылығы – жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау және пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы; 

      12) бал ара шаруашылығы өнiмдерi – бал араның жинаушылық және физиологиялық қасиеттерi арқасында алынған өнiмдер (бал, балауыз, бал ара тозаңы, балтозаң, желiмтiк, бал ара сүтi, бал ара уы, еркек бал араның гомогенаты), сондай-ақ бал араның өзi; 

      13) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      14) көшпелi омарта – орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта; 

      15) омарта – бал арасымен қоса белгiлi бiр жерде орналастырылған бал ара ұялары және бал ара шаруашылығымен айналысуға қажеттi мүлiк; 

      16) тұрақты омарта – бiр жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта; 

      17) энтомофильдi өсiмдiктер – жәндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер. 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы. 

Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.   

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы