1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Бал ара шаруашылығы туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аналық бал ара – молықтыру функциясын орындайтын, дамыған жыныстық жүйесі бар бал ара ұясының дара аналығы;
1-1) аспаптық ұрықтандыру пункті – арнайы жабдықты пайдаланып, аналық бал араларды жасанды ұрықтандыру жүргізілетін арнаулы үй-жай;
1-2) асыл тұқымды аналық бал ара – ұрпағына тұрақты түрде беретін асыл тұқымдық құндылығымен сипатталатын, өнімділігі жоғары бал ара ұясының таза тұқымды аналық бал арасы;
2) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
3) асыл тұқымды бал ара ұясы – асыл тұқымды аналық бал арадан, сондай-ақ бал аралардан, аталық бал арадан және белсенді кезеңде асыл тұқымды аналық бал арадан алынған тұқымдықтан тұратын өнімділігі жоғары тұтас биологиялық бірлік;
3-1) аталық бал ара – молықтыру функциясын орындайтын бал ара ұясының дара аталығы;
3-2) бал – бал аралардың жинаушылық және физиологиялық қасиеттері нәтижесінде алынған, өсімдіктер шірнесінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінің бөліндісінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінде паразиттік тіршілік ететін жәндіктердің бөліндісінен пайда болатын, бал аралар жинайтын, өздері бөлетін ерекше заттарымен араластырып түрлендіретін, кәрездер ұяшығына салатын, сусыздандыратын, жинақтайтын және пісіп-жетілуі үшін кәрездерде қалдыратын табиғи өнім;
3-3) бал аралардың кәрез пакеті – тасымалдау үшін жәшікке жиналған, кәрездері мен тұқымдығы бар бал ара ұясы;
3-4) бал аралардың кәрезсіз пакеті – тасымалдауға арналған, кәрезсіз жәшіктегі аналық бал ара мен қорегі бар бал аралар;
4) бал араның бал ұясы – бір немесе бірнеше бал ара ұясын ұстауға арналған құрылысжай;
5) бал арасын қорғау құралдары – бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және басқа да ветеринариялық препараттар;
6) бал ара тұқымы – белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда қалыптасқан, селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы нәтижесінде морфологиялық, физиологиялық және шаруашылықта пайдалы қасиеттерді іріктеу, сұрыптау арқылы сүйемелденетін, мұрагерлік бойынша тұрақты түрде берілетін белгілер жиынтығына ие жалпы тектес бал ара ұяларының тобы;
7) балауыз тетiк – бал ара немесе аталық бал ара ұяшықтарының бедерлі түбі бар балауыз парақ;
8) бал ара ұяларының зиянкестерi – бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау және (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жәндiктердiң жекелеген түрлерi;
9) бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) – бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару;
10) бал ара ұясы – аналық бал арадан, бал аралардан, аталық бал аралардан, белсенді кезеңде тұқымдығы бар ұядан және қоректен тұратын қоғамдастық;
11) бал ара шаруашылығы – жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау және пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы;
12) бал ара шаруашылығы өнiмдерi – бал ара ұясының жинаушылық және физиологиялық қасиеттерi арқасында алынған өнiмдер;
13) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) көшпелi омарта – орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта;
14-1) оқшауланған шағылыстыру пункті – бал аралардың аудандастырылған тұқымдарын, бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтауға, жақсартуға және молықтыруға арналған, жергілікті жердің әдейі таңдалған учаскесі;
15) омарта – бал ара ұялары бар белгiлi бiр жерде орналастырылған бал араның бал ұялары;
15-1) омартаның ветеринариялық паспорты – омартаның иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген ветеринариялық өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;
16) тұрақты омарта – бiр жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;
17) энтомофильдi өсiмдiктер – жәндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы.
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы