1006-бап. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқықты қорғаудың талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық (селекциялық жетiстiктер) патент берiлген жағдайда қорғалады. Патент арқылы патент иесiнiң селекциялық жетiстiктердi, оның басымдығын пайдалануына және селекционердiң авторлығына айрықша құқықты куәландырады.
Өсімдік шаруашылығында жасанды жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсiмдiктер сорттарынан ерекшелендiретiн бiр немесе бiрнеше шаруашылық белгiлерi бар өсiмдiк сорты селекциялық жетiстiк деп танылады.
Мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегi жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкiндiк беретiн генеологиялық құрылымы мен қасиетi бар және бiр тұқым ретiнде көбейту үшiн сан жағынан жеткiлiктi тұқым, яғни шығу тегi ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы селекциялық жетiстiк деп танылады.
2. Селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау талаптары, өсімдік сорттарына және жануарлар тұқымдарына патентті ресімдеу мен беру тәртiбi заң актiлерiмен белгiленедi.
3. Осы тараудың ережелерінде және селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңдарда өзгеше көзделмесе, селекциялық жетiстiктерге құқықтар мен осы құқықтарды қорғауға байланысты қатынастарға тиiсiнше осы Кодекстiң 992-998, 1000-1004-баптарының ережелерi қолданылады.
Ескерту. 1006-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы