⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Қосылу шарты  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

11-бап. Қосылу шарты  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Қосылу шарты  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

      1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады. 

       2. Қосылу шартында:  

       1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жерi және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер;  

      2) шарттың нысанасы; 

       3) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;  

       4) жарналарды төлеу тәртiбi;  

      5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі; 

      5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі; 

      6) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда қатысушы банктердiң кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өтейтiн сомалар бойынша өз мiндеттемелерiн есептеу тәртiбi; 

       7) шартты тоқтату талаптары;  

      8) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктiң банктік шоттарынан толық немесе iшiнара төленбеген жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерiн орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбын акцептсіз тәртiппен есептен шығару құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшiн жауаптылығы туралы талаптар; 

      9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары; 

      10) қатысушы банк куәлігін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс. 

      3. Қосылу шарты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген кезден бастап күшiне енедi және қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған жағдайда тоқтатылады. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы