Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Қосылу шарты  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

11-бап. Қосылу шарты  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Қосылу шарты  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

      1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады. 

       2. Қосылу шартында:  

       1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жерi және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер;  

      2) шарттың нысанасы; 

       3) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;  

       4) жарналарды төлеу тәртiбi;  

      5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі; 

      5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі; 

      6) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда қатысушы банктердiң кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өтейтiн сомалар бойынша өз мiндеттемелерiн есептеу тәртiбi; 

       7) шартты тоқтату талаптары;  

8) қатысушы банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы толық немесе ішінара төленбеген жарналар сомаларын, сондай-ақ қатысушы банк жарналарды төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын есептен шығаруға арналған төлем талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшін жауаптылығы туралы талаптар;

      9) уәкілетті органның қатысушы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынанн айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары; 

      10) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс. 

      3. Қосылу шарты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген кезден бастап күшiне енедi және қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған жағдайда тоқтатылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы