⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі  Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі  Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі  Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы 

       1. Астананың аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі астананың бас жоспарына, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.  

      2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

       3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.  

       Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.  

       Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.  

       Астананың қала құрылысы кеңесі:  

       1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;  

       2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;  

       3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.  

      Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды. 

      4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді. 

      Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды. 

      Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы: 

      уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы; 

      мердігер ұйымды таңдау туралы; 

      астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды. 

      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады. 

      Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады. 

      Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды. 

      Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. 

      Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады. 

      5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға: 

      1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру; 

      2) мыналармен: 

      кондоминиум объектісін басқару органымен; 

      мердігер ұйыммен шарттар жасасу; 

      3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу; 

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы