12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы
1. Астананың аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі астананың бас жоспарына, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге ((мемлекеттік нормативтік құжаттарға), астананың бірыңғай сәулеттік келбетіне, дизайн-кодына қойылатын талаптарға) сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.
Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.
Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
Астананың қала құрылысы кеңесі:
1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;
2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;
3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды.
4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында астананың жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қараулар жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қараулар актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жөндеуді жүргізу;
мердігер ұйымды таңдау;
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі арқылы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеу жөнінде өтініш жасау туралы шешім қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі уәкілетті ұйыммен жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға шарт жасасады.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен жасасқан шарттың және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен бірлесіп мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі астананың жергілікті атқарушы органына көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды пәтерлердің, үй-жайлардың меншік иелеріне толық өтеу туралы өтініш жасайды.
Уәкілетті ұйым орындалған жұмыстар көлемі үшін мердігер ұйымға ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алынған және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеуіне арналған қаражаттың есебінен жүзеге асырады.
5. Астанаға бірыңғай және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымға:
1) астанаға бірыңғай және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
2) мыналармен:
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы