13-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы Заңы
Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң:
а) қадағалауға алынған адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың әкiмшiлiгiнен, сондай-ақ азаматтардан оның мiнез-құлқы туралы мәлiметтер сұратуға және алуға;
б) қадағалауға алынған адамды iшкi iстер органына әңгiмелесуге шақыруға, әңгiмелесудi оның туған-туыстары келiсiм берген жағдайда солардың қатысуымен өткiзуге;
в) әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша қадағалауға алынған адамнан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;
г) қадағалауға алынған адамның мiнез-құлқын және белгiленген шектеулердi сақтауын байқау мақсатында оның үй-жайына тәулiктiң кез келген уақытында баруға құқығы бар. Бұл ретте Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiптен өзгеше тексеру, тiнту жүргiзуге жол берiлмейдi;
д) тиісті әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы