12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің мiндеттерi Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы Заңы
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде:
а) әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды есепке алғаннан кейін оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етуге және әкiмшiлiк қадағалау белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін олардың атына жіберуге;
б) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жерi мен жұмыс орны бойынша оның мiнез-құлқын жүйелi түрде байқауға;
в) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртiптi, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;
г) әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзушылық туралы белгiленген тәртiппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшiн сотқа жiберуге міндетті.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы